Мұрағат

Posts Tagged ‘Шәді Жәңгірұлы’

Шәді Жәнгірүлы өлең жырларының араб әдебиетімен байланысы (Ұ.Алиакбарұлы)

Желтоқсан 19, 2010 Пікір қалдыру

Шәді төре Жәңгірұлы (1852-1933 ж.ж.) бұрынғы Сырдария губерниясы, Түркістан уезі, Жылыбұлақ болысында (қазіргі Созақ ауданы) дүниеге келген. Бұл кісі де арабша хат танып, молдадан дәріс алған адам. Ақын тоғыз жасында ауыл молдасында, келер жылы Шаян медресесінен дәріс алған. Шаянда оқып жүріп Шәді араб әдебиеті үлгілерімен таныс болады. 1864 жылы Шымкенттік Абдулла Шариф деген кісіден дәріс алып араб, парсы тілдерін меңгерген. Жас бала 13 жасында-ақ “Мың бір түн”, “Тотынама”, “Шаһнама” секілді шығыс ертсгілері мен дастандарынан хабардар болған. Шымкентте екі жылдай жүріп ұстазының қолындағы араб әдебиеті қазынасын өз бетінше толық игеріп шығады. 1865 жылы Шымкентті Черняев өскері алған соң, Абдулла Шариф Ташкентке кетеді. 1866 жылы Шәді ұстазының артынан Ташкентке барып, Орта Азия ақындары мен ғүламаларынан дәріс алады. Араб, шығыс әдебиетін зерттеп, игереді. Шәді 1870 жылы еліне қайтып, бұдан кейін оқу оқымайды. Жеті жылдан соң әкссі Жәңгір қайтыс болады. Мұнан соң Шәді үй шаруасынан ұзап шыға алмай, кітап оқу, қисса, дастан жазу жұмыстарымен айналысады. Осы уақыттан бастап өлгенге дейін Шәді үй шаруасымен қоса жыр дастан жазумен айналысып жүріп 1933 жылы қайтыс болады. Read more…

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.

Join 608 other followers