Сириядан естелік, 3-ші мысал


Ораза басталып кетті. Алла тағала көрші арабты себеп қылып таңертең тамақтанып алдық. Ол туралы мына сілтемеде. Негізі аш емеспіз, азын аулақ ақшамыз бар. Ауызашар уақыт жақындаған соң мешітке барып аср (намаздыгер) намазын оқып алып, ортадағы ақшаны алып дүкенге келдім. Бүгінгі ас-ауқат дайындау менің мойнымда болатын. Дүкенге келіп керек заттарымды айтып алып жатырмын. Дүкеншіге күріш 1 кг десем 5 кг ал дейді. 5 нан десем ол аз болады 10 нан ал дейді. Мен ішімнен «ақшам жетпейді» деп ойланып тұрмын. Read more…

Сириядан естелік, 2-ші мысал

Сәуір 23, 2015 2 пікір

Дамаскідеміз, келгенімізге 1 айдан асқан уақыт болатын. 2003 жылдың соңғы айлары. Ораза жақындап қалған уақыт. Дамаск университетіне құжат тапсырып, шапаттап жүрміз. Айтайын дегенім Сирия халқының тағы бір жақсылығы еді.

Ораза келді. Ауылдан алып келген ақшамызда таусылатын уақыт таяп қалды. Ертеңгі күн оразаның алғашқы күні болатын. Жан нәсіп, тәуекел деп жаттық. Таңертең көрерміз деп. Read more…

Талдықорған көркемөнер галереясы

Сәуір 23, 2015 2 пікір

Талдықорған көркемөнер галереясы 1950 жылдары салынған екен. 2002 жылы күрделі жөндеуден өткізіліп, сәулетшілер жобасымен жөнделген. Галерея ғимараты композиция бойынша ықшамды және сындырлы болып, қаланың сәулет кеңестігіндегі ерекше әсем құрылысқа айналған.  Көркемөнер галереясына блогқұрылтайға барған блогерлер болып барды, шолу жасадық. 3 қабатты 10 экспозициялық залдан тұратын бұл галереяға 245 туынды қойылған екен. Read more…

Сириядан естелік, 1-ші мысал.


82siriyamechetdamask2003 жыл Антакиядан (Түркия) автобусқа мініп Алеппо, Хама арқылы Дамаскіге келдім. Автовокзалға келген соң, жүктерімді көтеріп, барар жеріме такси іздеген болатынмын. Қасыма бір араб жақындап келіп, такси іздегенімді байқап, ысқырып бір такси шақырып берді. Сөмкелерімді көтерісіп көлікке салды. Іштей риза болып тұрмын. Сол-ақ екен қалтасынын ақша шығарып таксиге төлеп жіберді. Қой дегеніме қарамады. Мен мәзбін, не деген жомарт жан еді деп қоямын ішімнен. Таксиге мініп діттеген жерге бет алдық, жүргізуші жолда тоқтап, сусын мен лаваш алып маған берді. Мен алмаймын дегеніме қарамады. Read more…

Керағар ағымдарға қарсы не істеу керек?


Керағар ағымдарға қарсы не істеу керек? Ия, орынды сұрақ әрі барлығымызды мазалап жүргендігі де орынды. Күні кеше ОҚО-ның бір ауданына барып, керағар-деструктивті ағымдардың жетегінде кеткен жастардың ата-аналарымен кездесу өткіздік. Кездесу барысында байқағанымыз, сол жастардың ата-аналары: «ұлым (қызым) жақсы, айтқанымды орындайды, арақ ішіп, темекі, наша шекпейді, бүлік шығарып жатқан жоқ» дейді. Бір жағынан қарасаңыз дұрыс сияқты. Бірақ шынымен де солай ма? Егер базарға (олардың дені базарларда сауда жасайды) бара қалсаңыз таразыдан жемей, лажы болса тұтынушының (клиент) көңілінен шығуға тырысады. Әрине алдамаған соң, таразыдан жемеген соң сол сатушыға қайта айналып келеріңіз анық. Халық не себепті олардың қателіктерін байқамайды? Бұл сауалға былайша жауап бергенді жөн көрдім. (Бұл менің жеке пікірім). Read more…

Асхат Еркімбай: TedX туралы не білесіз?


Асхат Еркімбай: TedX туралы не білесіз?
TED (ағылш. Technology Entertainment Design; Технология, Ойын-сауық, Дизайн) — Америка Құрама Штатының 1984 жылдан бері жыл сайын конференция ұйымдастырушы бейкоммерциялық қор (Калифорния, АҚШ).
Конференцияның негізгі мақсаты – бірегей идеяларды таратуға («ideas worth spreading») жол ашу. Конференцияның таңдаулы дәрістері ғаламтор веб-парақшаларында кеңінен таралған. Талқыланатын тақырыптары әр түрлі: ғылым, өнер, дизайн, саясат, мәдениет, кәсіпкерлік, ғаламдық мәселелер, технология және ойын-сауық. Бұл іс-шараға Американың бұрынғы президенті Билл Клинтон, Нобель сыйлығының лауреаты Джеймс Уотсон, Мюррей Гелл-Манн, Википедия энциклопедиясының негізін салушы Джимми Уэйлс, Билл Гейтс секілді аты бүкіл дүниежүзіне белгілі тұлғалар дәрістерімен қатысқан.
TEDx – TED тәжірибесімен бөлісу мақсатында адамдарды жинап дүние жүзінің әр түкпірінде қауымдастықтардың ұйымдастырып, өткізетін жергілікті іс-шаралар бағдарламасы. TEDx жиындарында TED конференцияларының видеолары спикерлердің қатысып сөйлеген сөздерімен ұштасып жатады, сонымен бірге жан-жақты талқылаулар мен байланыстарға мүмкіндік ашады. TEDx сөзіндегі «x» – тәуелсіз ұйымдастырылған TED-шара дегенді білдіреді. Read more…

Балалар үйіне барайық эстафетасы

Наурыз 10, 2015 Пікір қалдыру

Алматылық блогерлер мен журналистер «Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің көңілін көтеру» акциясын бастаған болатын. Олар шамалары келгенінше ақша жинап, балалар үйіндегі іні-қарындастарына сыйлық сыйлап, түрлі ойындар ұйымдастырды. Read more…

Санаттары:Әңгімелер