Бала Бүргем


Жалпыға сәлем, әсіресе ана тілімізде блог жүргізуші wordpress.com-шыларға жалынды сәлем. Блог аштым, миымды ашыттым деген осы екен. Көптен бері блог ашу ойымда бар еді. Бірнеше рет тырысып бақтым-ақ. Бірақ wordpressтің басқару панелін жақсы түсіне алмаған едім. Үшінші жыл болып барады укоздан сайт ашып, сол сайтпен айналысып келемін. Укоздың басқару панеліне үйреніп қалған екенмін.

Сонымен қысқаша айтқанда блогты аштым, біраз уақыт “Қош келдіңіздер (Блог жасалу үстінде)” деп жазып қойдым. Блогыма ат іздестіріп жүрген едім. Өз есіміммен атаған ыңғайсыз болар деп ойладым.

Осы жерде өзім жайлы жазып кетейін:

Аты жөнім: Алиакбарұлы Ұлықбек. Сонау сексенінші жылдары Созақ өңірінде, совхоздың жұмысшы отбасында дүниеге келген екенмін. Яғни, ОҚО, Созақ ауданы, Жуантөбе совхозы. Мен туылған жылы ата-анам еншісін алып, Кентау қаласына көшіп кеткен екен. Қазіргі таңда Кентау қаласының тұрғынымын. 1986 жылы кентау қаласындағы № 24 қазақ орта мектебіне 1-ші сыныпқа оқуға бардым. Аталмыш Т.Рысқұлов атындағы № 24 мектепті 1997 жылы бітірдім. Бұдан соң ЖОО оқуға бет алдым. Шымкентте бұрынғы Қазақ Кувейт университеті, филология факультетінің түлегімін (1998-2002). Бұдан кейінгі жылдары Стамбул, Дамаск, Кайр, Медине қалаларында оқуымды жалғастырдым. 2006 жылы шетелдегі оқулардан Еліме оралдым. Қазіргі күні ОҚО орталық мешітінің ресми сайтының (http://kattani.kz) администраторы қызметіндемін.

Үйленгенмін. Алланың берген қарадомалақтары әзірге сегіз. Кейде бала-шағамның санын айтуға ұяламын. Алла бұйыртса жазда тоғызыншысы дүниеге келу керек.

Енді Бала Бүргем (бұдан кейн ББ) сөзіне келсем, ББ Кентау қаласында орналасқан бір көшенің есімі. Кеңес заманында ұзыннан ұзақ бір көше болатын. Ұзын болғаны соншалық, көше оңға да солға да созылып кете берген. Ретсіз үй нөмірлері т.б. Егемендік алған соң ББ-нің көшелерін реттеді. Әр көше өз атауына ие болды. Біздің үй ББ 72-а болатын, қазір Көктөбе 41. ББ-нің көшелері реттелгенімен атауы сол күйінде қалып қойды. Кентаудың ББ-нде тұрамын деп айту біздің брэндке айналды. Себебі ББ-ң қаланың шетінде орналасуы, ББ-мге бару үшін бұрынғы плафилактория, Кастер лагері және қаланың бауынан өту керек. Қаламенен екі ортаны осы жасыл орман бөліп тұрады. Мектепте оқып жүргенімізде аталмыш орманнан бір-бірімізге жабысып, денемізді қорқыныш билеп қайтатынбыз. Кешке ББ-мге жол жабық, айналма жол бар, бірақ ол ұзақтау. Жол қараңғыдан қорқатындар үшін жабық🙂. Бүгінгі күні плафилактория туберкулез диспансеріне айналған. Өзбекстандағы туберкулез диспансерін Қазақстан жағы осы біздің Кентауға көшіріп алып келген болатын. Ал лагерь болса қараусыз қалып, ақыр соңы адамдар қоныстап алды. Лагерьде жоқ. Тек бау ғана қалды. ББ туралы қысқаша мағлұматым осы. Жаңа мағлұматтарым болса жазып отырамын.

ББ-мде өстім, оқыдым, топырағына аунадым, өмір сүріп жатырмын.

Құрметті оқырмандар, ал енді пікір жазудан құр қалмаңыздар. Кем-кетіктерім болса айта отырыңыздар. Қатесіз адам болмайды ғой, сіздер арқылы қателерімді жөндеп отырайын.

  1. j
    Желтоқсан 15, 2010, 11:32 am

    Бала Бүргем деген не ?

    • Желтоқсан 15, 2010, 3:16 pm

      Ауруханада жатып қол тимей жатыр еді, Бала Бүргем Кентау қаласында орналасқан көше, қаланың шетінде. Бұрын ол жер кентаудың дачасы ретінде ашылған екен. Кейін ел қоныстанып, көшелер пайда болған. Бірақ сол атымен Бала Бүргем күйінде қалған. Мен сол Бала Бүргемде өстім, өндім, оқыдым, әлі өмір сүріп келемін. Кыскаша әзірге осы.

  2. Желтоқсан 16, 2010, 8:18 pm

    wow aga! Nege uialasyz bala sanyn aituga? Bireudi ALLA bir balaga zar etip koidy, sizge berip, bakytka keneltip, watykka malyndyrgan eken!🙂 Balalarynyzdyn budan da kop bolsyn. Kuanywyn koriniz :)))) Jengeme salem :)))

    Blogynyzdyn atauy katty unady. erekwe eken! buryn estimegem muldem.🙂

    • Желтоқсан 16, 2010, 8:33 pm

      Рахмет, Алланың бергеніне дән ризамын. Жеңгеңізге байланысты, ол кісі интернетте отырғанымды ұнатпайды, осы себепті интернеттегі таныстарымның сәлемдемелерін көбіне жеткізе алмаймыз🙂.
      не дегенімен министр ғой…

  3. Желтоқсан 17, 2010, 12:05 pm

    МашАллаһ!!! Жұрт сізден үлгі алсын! Әсіресе біз сияқтылар…🙂 ББ көшесі бала күлкісінен арылмасын!!!

  4. Moti
    Қаңтар 30, 2011, 2:26 pm

    Сәлеметсіз бе Ұлықбек
    Блогыныз құтты болсын

  5. Молдир
    Наурыз 22, 2011, 4:39 pm

    Ассаламу алейкум Ұлықпек аға!!! Блогыныз құтты болсын!!!! Маған өте үнады!!! Жұмысыныз алға баса берсін!!!

  6. Мамыр 29, 2011, 1:29 pm

    8 бала… жақсы екен. Берерін тоқтатпасын. Біздің ауылдың “рекорды” 12 бала.

  7. Мамыр 30, 2011, 12:14 pm

    Кентаулықпын дегеніңізге қуанып едім, Жуантөбе туралы оқып уопшым қуанып отырмын. Менің нағашыларым мен әкемнің нағашылары әлі сонда тұрады. Барып тұрамын🙂

    • Мамыр 30, 2011, 2:36 pm

      Негізі Жуантөбеде туылғаным ғана болмаса уопшым бара бермеймін. Өзім Жуантөбені 27 жасымда көрдім. Бала күнімізде көшіп кеткен екенбіз.

  8. Тоты
    Маусым 2, 2011, 4:45 pm

    Блогың жақсы,бәрін шынайы қалпында,бүкпесіз жазатының ұнайды!

  9. кайрат
    Шілде 19, 2011, 6:24 pm

    Ұлықбек калайсыз мен сизди билемин, логининизди бересиз ба

  10. Рахиля
    Шілде 24, 2013, 10:00 am

    МАШАЛЛАҺ Ұлықбек ағай,! Сіздің арқанызда Кентауымыз, әсіресе ББ-ның аты шығып ел танысып жатыр екен. Атың шықпаса жер өрте демекші осы екеуміз Кентау мен ББ-ның атын шығарайқ ӘРІПТЕС, әрі братан))))))))))))) Мен өзім Кентаудан боламын, нагашы ата -әжем ББ-да))) турады. Демалыстарда барып тұрам өте керемет жер. Негізі ауыл деген жақсыыыыыгой. Боти киііііп…… аяқта боти деп журесін)))))) ! Көп жазып кеттім-ау. Не дейміз, еңбегіңіз жана берсін оқырмандарыныз көбее берсін, жақсы сын- пікірлер бола берсін. АУМИН !

  11. bayan
    Маусым 19, 2014, 4:42 pm

    Маган бул Арабша уйрену сайты катты унады.Аллага шукыр казыр Арабша окып.ислам дыныне ден койып журмын.Ракмет!

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s