Негізгі бет > Мақалалар, Әр түрлі > Есіңде сақта!!!

Есіңде сақта!!!


Ата-ананы құрметтеу Аллаһ тағала Құран Кәрімде ата-ананы құрметтеу жайлы былай дейді:«Раббың, Өзіне ғана ғибадат етулеріңді, ата-анаға жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: (ол екеуіне) «түһ» деме. (кейіс білдірме). Сондай-ақ ол екеуін зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле. Ол екеуіне кішірейіп мәрхамат құшағын жай да: «Раббым! Ол екеуі мені кішкентайымда мәпелеп тәрбиелегеніндей Сен де оларды мәрхаматыңа бөлей көр!»,-де» Исра сүресі, 23-24 аяттар. «Адам баласына ата-анасына жақсылық қылуды нұсқадық» Ъанкабут сүресі, 8-аят.«Аллаһтан басқа ешкімге құлшылық қылмаңдар және ата-анаға жақсылық жасаңдар» Бақара сүресі, 83 аят. «Аллаһқа құлшылық қылыңдар әрі Оған еш нәрсені серік қылмаңдар. Және ата-анаға жақсылық жасаңдар» Ниса сүресі, 36 аят. «Оған (Аллаһқа) ешбір серік қосушы болмаңдар әрі ата-анаға жақсылық жасаңдар» Анъам сүресі, 151 аят.
Е с і ң д е с а қ т а ! !
  • Ата-анаға деген жақсы қарым қатынас, олардың иман келтіріп, келтірмегендігіне қарамастан, Аллаһтың разылығын табатын кілт әрі қиямет күні құтылудың жолы.
  • Ізгілер айтқандай, олар сөйлеген уақытта, сөзін бөлместен тыңда, даналыққа қол жеткізесің.
  • Олар орнынан тұрғанда, құрмет көрсетіп, өзіңді қоршаған ортаңа қарамастан орныңнан тұр. Адамдар арасында ізетке бөленесің.
  • Егер олардың әмірлері Аллаһ алдында күнәлі іс болмаса, толық орында. Жаратушыға деген бойсұнудың негізгі мағынасын түсінесің.
  • Керексіз жағдайда олардың алдына түсіп жүруші болма. Құрметтің қадірін білетін боласың.
  • Оларға дауыс көтеруші болма. Негізінде ең жаман дауыс, есектің дауысы. Бұл жөнінде Аллаһ тағала Құранда былай дейді:
  • «Шын мәнінде дауыстардың ең жаманы, есектің дауысы» Лұқман сүресі, 31 аят.
  • Олар шақырғанда жауап бер, адамдарда сені тыңдайтын болады.
  • Қандайда бір іс болмасын, олардың разылығын табуға тырыс, Аллаһ саған барлық жолдың есігін айқара ашады.
  • Ол екеуіне кішірейіп, мәрхамат құшағын жай.
  • Оларға жақсы сөз сөйлеп, сыпайы бол. Қартайғанда өзіңе де жақсы сөздер айтылады.
  • Оларды өтіндіріп барып, бір істі істеуші болма. Қарым қатынастың ақиқатын түсінесің.
  • Оларға төмен көзқараста болма. Олардың дәрежесі Аллаһ алдында сенен әлдеқайда жоғары.
  • Олардың бетіне қарап тұнжырайып, ашуланба. Негізінде ашу, ыза адамға жақсылық әкелген емес.
  • Сапарыңның оң болуын қаласаң, олардың разылығын алмай сапарға шығушы болма.
  • Оларды жалғызсыратпа, өзіңде жалғыз қалмайсың…
Ізгі тілекпен «Ықылас» мешітінің бас имамы: Ұ.Алиакбарұлы.

 

Санаттары:Мақалалар, Әр түрлі
  1. Әлі еш пікір жоқ.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру