Арақ харам


Арақ харам

Әуелгі сөзімді Аллаһқа мадақ, пайғамбарымыз Мұхаммедке с.а.с. салауат айтумен бастаймын.

Бүгінгі әңгімеміз қытайлық он екі азамат жайлы. Аллаһ кімді адастырса ешкім оны тура жолға сала алмайды. Сол сияқты кімді тура жолға салса, ешкім оны адастыра алмайды. Әңгімемізге арқау болған мұсылман болған қытайлықтар. Қытайда он екі жігіт Исламды қабылдап мұсылман болады. Мұсылман болған соң дінді үйрену үшін не істейміз деген сұраққа, арасында біреуі Стамбұлда ұйғыр досым соған барайық деді. Түркия мұсылман елі, дінді сол жерде үйренеміз деп барлығы Стамбұлға сапар шекті.

Қытайлықтарды Стамбұлда ұйғыр жігіт қарсы алып, жайғастырды. Мұсылман болу қандай бақыт десеңші, ұйғыр жігіт қытайлықтарға жақсы ұсыныс жасады. Сіздер алғашқы құлшылықтарыңызды қасиетті Мекке жерінен бастаңыздар. Меккеге кіші қажылыққа умраға барып қайтайық деді. Жігіттер келісе кетті. Әлгінде қытайлықтардың есімдері. Чан, Чун, Ли, Джеки дегендей болып келеді ғой. Осы арада олардың есімдері Абддуррахман, Абдулла деген Аллаһқа ұнамды есімдермен ауыстырылды. Әр жігіт өзіне ұнаған есімін таңдады.

Жігіттердің ішінде біреуі, есімін Абдуррахман деп өзгерткені ұйғыр жігіттің назарын аудартты. Бала күнінен құлшылығын үзбей келе жатқан ізгі адамдар секілді құлшылық қылады. Ұйғыр жігіт оның жасаған ғибадаттарына зер салып жүрді.

Бауырлар Меккеге барды, ғибадаттарын атқарды, Байтулланы[1] тауаф[2] қылды, сағи[3] жасады. Зәмзәм суын ішіп Мединеге жол тартты. Ұйғыр жігіт Абдуррахманға әліде болса үңіле қарап жүр. Мединеге харамға келіп мешіт ақысын оқып болған соң Абдуррахман ұйғыр жігітке жақындай келіп: дінімізде арақ туралы не дейді?,-деп сұрады. Дінімізде арақ харам етілген. Аллаһ тағала Құранда былай деген:

«Әй иман келтіргендер! Арақ… шайтанның істерінен. Одан сақтаныңдар. Негізінен шайтан арақ пен құмар арқылы араларыңа дұшпандық әрі кек салып, Аллаһты еске алудан және намаз оқудан тосуды қалайды»[4].

Арақты ішкен, ішкізген, тасыған, дастарханға қойған, ішпеседе жанында отырған адамның барлығы бірдей күнаға ие болады. Аллаһ тағала қасиетті Құран Кәрімде арақты толықтай харам еткендігі жайлы хабардар еткен деп жауап берілді. Жауапты алысымен Абдуррахман Қытайға інісіне телефон шалды. Қал жағдай сұрасқаннан соң еліндегі жеке арақ шығаратын зауытты дереу жабуын бұйырды. Ал інісі болса дәл қазір жабатын болсақ банкрот боламыз, көптеген серіктестерден айырыламыз деді. Абдуррахман болса жабу керек зауытты, олармен елге барғанда өзім сөйлесемін деп телефонды өшірді. Бұл Абдуррахманның інісімен ақырғы сөйлесуі екендігін кім біліпті.

Осыдан кейін Абдуррахман тағы намаз оқуға кірісті. Қиям, рукуғ, кейін сәждеге барды. Сәждеде ұзақ болды. Қалғандары намаздарын бітірді. Тек Абдуррахманды ғана күтіп отыр. Ұйғыр жігіт Абдуррахман сәждеде өліп қалды ма екен деп ойланып қалды. Жақындап келіп Абдуррахман деп иығынан түрткені сол еді, жігіт оң жағына қарай құлады. Шынымен сәждеде жан берген екен. Барлығы бірдей абдырып қалды. Жедел жәрдем шақырып ауруханаға алып кетті. Қалғандарыда жедел жәрдемге ілесіп аруханаға келді. Біршама уақыттан соң іштен өлімі расталғандығы туралы хабар келді.

Осы кезде сырттан көлігіне, киіміне қарап әл-ауқатты екендігі білініп тұрған бір кісі кіріп келді де, қабылдау бөліміндегі медбикеден: «бүгін мұнда бір қытайлық азамат қаза болды ма?» деп сұрады. Бұл сұрақты естіп тұрған барлығымыз таң қалдық. Себебі ауруханада жалғыз ғана қытайлық жан берген болатын. Ол біздің досымыз. Ал бұл кісі оны қайдан таниды деген сұрақ пайда болды.

Ол кісіге жақындап келіп, сіз бұл қытайлықты қайдан танисыз дедік. Ол кісі танымаймын. Бүгін түнде түсіме пайғамбарымыз с.а.с. аян берді.  «Мединеде бүгін кешке бір қытайлық қаза болады». «Соның жаназа істерімен шұғылдан!» деп бұйырды. Мен Пайғамбарымыздың с.а.с. әмірін орындау үшін келдім. Себебі: Пайғамбарымыз с.а.с. хадисінде: «Кім мені түсінде көрсе, шын мәнінде көреді, өйткені шайтан менің бейнеме кіре алмайды» [5], деген. Әңгіме осы жерден бітті.

Абдуррахманның тағдыры осылай бітеді екен. Аллаһ оның соңғы демін сәждеде бітірді. Кім қалай жан берсе, қияметте солай тіріледі.

Құрметті оқырман харамға тілмен, сөзбен емес қолмен, іс-әрекетпен қарсы тұра білейікші.

Ұлықбек Алиакбарұлы

«Ықылас» мешітінің имамы


[1] Байтулла – қаз: Аллаһтың үйі, Меккедегі Кағба.

[2] Кағбаны жеті мәрте айналу тауаф деп аталады.

[3]Қажылық уақытында Меккедегі Сафа Маруа тауларының арасында жеті мәрте жүгіру сағи деп аталады.

[4] Құран Кәрім. Мәида сүресі 90-91 аяттар.

[5] Хадис Әбу Сағид әл-Худриден. Сахих әл-Бұхари. Кәусар-Саяхат. Алматы 2008 ж. 699 бет.

 

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s