Негізгі бет > Дін, Діни ағымдар, Мақалалар, Хизбут тахрир, Әр түрлі > Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді (Пайдасынан зияны көп “Хизбут тахрир”)

Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді (Пайдасынан зияны көп “Хизбут тахрир”)


Бүкіл әлемнің Раббысы Алла тағалаға сансыз мақтаулар мен шүкірлер болсын. Алладан басқа құлшылық етуге лайықты ешкім жоқ әрі Мұхаммед (саллаллаһу алайһи уә сәлләм) Оның елшісі, пайғамбарлардың ең соңғысы және муттақиндардың жолбасшысы екендігіне куәлік беремін. Оған және оның жанұясына, сахабаларына, оларға қиямет күніне дейін жақсылықпен ергескен момын-мұсылмандарға Алланың сәлемі мен салауаты болсын.

Құдайға шүкiр егемендi ел болып, тiлiмiз, дiнiмiз өз халымызға қайтқалы да бiршама уақыт болып қалды. Ауыз толтырып айтатұғын жерiмiз де өкiнетұғын жерлерiмiз де баршылық. Әрине, қанша керемет болса да бiр кемшiлiк болады ғой.

Бұл ретте мен дiни тақырыптарға байланысты тоқтап өтсем деп ойлап отырмын. Менің мақсатым оларды жамандау немесе жерге ұру емес, тек қана халқымыз олар жайында бір ауыз сөз шындық болса да білсін деймін.

Ата заңымызда айтылғандай бiздiң мемлекетiмiз – зайырлы мемлекет. Бiздiң елiмiзде дiни бостандық бар.

Қазақстан зайырлы мемлекет. Қазақстан халқының 70 пайыздан астамы мұсылман. Мұсылман болған соң оның дiнi – Ислам. Жалғыз Аллаға және Мұхаммед с.а.с. пайғамбарға иман келтiредi, әрi осы пайғамбар арқылы жiберiлген Құран Кәрiмге бойсұнады.

Шын мәнiнде Ислам кiршiксiз, таза дiн. Дегенмен бұл таза дiндi ластағысы келетiндердiң саны аз емес. Бiр өкiнiштiсi ондайларды христиан, буддист немесе яһудилер емес өзiмiздiң мұсылмандардың арасынан да кездестiруге болады. Солардың бiрi деп мен «Хизбут тахрир» тобын айтар едiм.

“Хизб” сөзi араб тiлiнен аударғанда “топ”, “партия”, ал “ат–тахрир” сөзi “азат ету” деген маµынаны бiлдiредi. Хизбут тахрир өткен ғасырда палестиналық Тақиюддин Набхани деген адамның басшылығымен құрылған топ. Тақиюддин “Хизбут Тахрир” тобын құрмас бұрын “Ихуанул Муслимин” тобының құрамында болған. “Ихуанул Муслимин” де “Хизбут Тахрир” секілді топтың бірі. “Ихуанул Муслиминнің” идеологиясын сіңірген Тақиюддин өзінше бөлек шығып, “Ихуанул Муслимин” тобының идеологиясын негізге ала отырып, “Хизбут Тахрир” саяси тобын құрады.

Бұлардың пiкiрлерi (идеологиялары), iстеген iстерi дұрыс емес болғандықтан, оны Исламнан жат топ деп атау лайықтырақ. Бұлай деп атауыма мына төменде келтiретiн дәлелдерім толық жауап бере алады.

Бұл келтiрiлетiн дәлелдердi мұсылманшылықтан хабары бар адам тез ғана түсiне қояды. Ендi соларды бiртiндеп келтiрейiн.

Мұсылман адам осы дүниемен бірге арғы дүниеге, өліп тiрiлуге яғни қабірге кетіп, егер істеген күнәлары болса қабірде қабiр азабында болатындығына сенеді. Көптеген күнә жасаған адам қабірде, қиямет күні келгенге дейін қатты қиналады. Бұл пiкiр жалпы мұсылман қауымына таныс. Оны ешкiм жоққа шығара алмас. Ал Хизбут тахриршылар бұл пiкiрдi жоққа шығарады. Қайсiбiр “хизбут тахрир” тобының мүшесiмен сөйлессеңiз ол “Қабiр азабын” мойындамайтындығын жәй ғана түсiндiре қояды, ақылға сыймайтын дәлелдер келтiредi. Ал бұл сұмдық қой. Қабiр азабына сенбеген адамды бiз қалайша мұсылмандар қатарынан деп айта аламыз. Бұл бiрiншiден.

Екiншiден олар дағуат айтқанда яғни өздерiнiң үгiт-насихаттарын жүргiзгенде Мұхаммед с.а.с. пайғамбардың хадистерiн қолданады. Дегенмен пайғамбар с.а.с. хадистерiн алалап қолданады. Пайғамбарымыздың хадистерi ахад, сахих, мутауатир деген секiлдi болып бөлiнiп жатады. Хизбут тахриршылар осы хадистерден ахад дегенiн алмайды, тек мутауатир деген хадистердi ғана алады. Олардың пiкiрiнше ахад хадистi бiр ғана адам риуаят еткен, сол себептi ол күдiктi болуы мүмкiн, ал мутауатир (мағынасы шынжырдай жалғасымды) хадистердi дұрыс деп есептеп тек соларды ғана аламыз дейдi. Дегенмен олар өздерiнiң араларында, көпшiлiгi дерлiк (Амал ниетке байланысты) деген хадистi айтып жүредi. Егер бұл хадистiң төркiнiн көрер болсақ, бұл хадис ахад хадиске жатады. Егер олар тек мутауатир хадистi ғана алатын болса, онда неге ахад хадистi айтып, қолданып жүредi.

Олардың мына пiкiрлерi де қатерлi, Пайғамбарымыздың с.а.с хадистерiн алалап қолдану ең үлкен күнәлардың бiрi екендiгiне еш дау жоқ. Бұл нәрсе олардың кемшiлiктерi емес, бәлкiм Ислам дiнiне келтiрiп жүрген үлкен залалдарының бiрi.

Сонымен бiрге Хизбут тахрирдiң негiзгi программасы олардың айтулары бойынша халықты бақытқа кенелту, бақытты қылу, өркениеттi өмiр сүру. Дәлірек айтқанда төңкеріс жасау арқылы.

Ал ендi бұл iстердi iске асыру бiр адамның қолынан келмейдi, демек бiр күш керек дейдi. Ал ол күш мемлекет, яғни халифат дейдi. Бiз жоғарыда олардың хадистердi алалайтындығын айттық. Олардың бiр жiгiтi маған: «Халифат жайында ахад хадистерде келген», сiз түсiнесiз, бiрақ басқаларға айтпай–ақ қойыңыз»,–деген едi. Хизбут тахрир ахад хадистерге сенуге болмайды дейдi. Бiрақ өздерiне керек кездерде ахад хадистердi қолдана бередi. Егер бiз олардың мына iстерiне назар салар болсақ, олар халықтың қамын ойлаушыларға ұқсамайды. Оларға халықтың қамы емес мемлекет басы керек екендiгi көрiнiп тұр. Олардың негiзгi ниетi революция жасау. Төңкерiс жасау арқылы мемлекеттi басып алу.

Таза, ниетi түзу мұсылман адам басшы болуға қызықпайды. Жәй ғана мысал: әр бiр мұсылман намаз оқыр кезде, төрт-бесеу болып қалса имамдыққа сен шық-сен шық деп жатады. Имам болу-ол сол жердегiлерге басшы болу. Бiр-бiрiн сен шық деп итермелеу яғни басшылықтан қашу. Демек мұсылман адам басшылықтан басын ала қашпаса оған жүгiре қоймайды.

Сонымен бірге Пайғамбарымыз Мұхаммедке с.а.с. Мекке мүшріктері келіп, оған дініңді таста саған ең сұлу әйел, керек болса байлық, сенен өткен Меккеде бай болмайды деді. Ол аз болса сені өз басшымыз, біздің тілімізбен айтқанда президент қылайық деді. Бірақ Пайғамбарымыз с.а.с. ол нәрселерден бас тартқан болатын. Демек басшылыққа таласу Исламнан емес. Исламды толық білместен халифат құрамын дегенді қалай түсінуге болады?

Халифат құрамыз деп жүрген Хизбут тахриршылар не бөсiп жүр? Немесе не армандап жүр? Бірінші халаққа Исламды жеткізуіміз керек емес пе?

Бұл жерде бiр ғана нәрсе олар ақидадан яғни Исламның түзу сенiмдерiнен кеткен, адасқан. Қабiр азабына сенбесе, хадистердi мойындамаса дәлiрек айтқанда алаласа, бiз оларды қалайша мұсылман деп айта аламыз. Құрметтi мұсылман қауым осы мәселенi ойлап көрiңiздершi.

Сонымен бірге, қабір азабынан басқа, дажжалдың келуі, Имам Маһди жайлы, Иса а.с. пайғамбардың түсуі бұларда ахад хадистерде келген. Демек бұлар дініміздің осы тұстарында жоққа шығарады деген сөз. Ахад хадистерді алмау ол үлкен қателіктердің бірі.

Және бiр атап өтетiн маңызды мәселе бар. Ислам дiнi жер бетiне келгелi берi ең бiрiншi айтқан насихаты «ОҚЫ» болған, яғни бiлiм iздену, сауат ашу.

Ендi Хизбут тахрир тобының жiгiттерiне келер болсақ 90 пайыздан астамы дiни сауатсыз. Дiни бiлiмдерi жоқ. Араб тілі түгілі, араб әріптерінде білмейді. Бар жоғы Құранның кейбiр сүрелерiн қазақша транскрипциясынан жаттап алған. Айтатын уағыздарын өздерiнiң “Ислам системасы”, “Хизби ұйымдасы” кiтаптарынан немесе “аль-Ваъи” атты журналдарынан жаттап алған. Есi түзу, дiни бiлiмi бар адамдар олармен бiрге жүрмейдi.

Қорыта айтқанда Хизбут тахрир тобы Исламға үлкен зиянын тигiзетiн топ. Қазақстан халықтарына зиянын тигiзбессе пайдасы болмас. Олар азат етушiлер емес ұараңғы түнекке жетелеушiлер. Сондай жетеленушiлерден болып көптеген қазақтың қара домалақ жiгiттерi кетiп жатыр. Ей жiгiттер әлдеде кеше емес керi қайтыңдар дер едім мен оларға. Бiрақ амал қанша Хизбут тахрир «бiр қарын майды шiрiткен бiр құмалақтай» болып тұр ғой.

Бiздiң мiндетiмiз елiмiздi осы секiлдi экстремистiк топтардан тазарту екендiгiн ұмытпайық.

Алла бiздi адасқандардың қатарларына қоса көрмесiн деп тiлейiк. Алла тілек-дұғаларымызды қабыл етсін. Амин!

Ұлықбек Алиакбарұлы

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s