Негізгі бет > Мақалалар, Әр түрлі > Күйеуіңіз сіздің әрдайым назар аударуыңызды керек ететін үлкен балаңыз секілді

Күйеуіңіз сіздің әрдайым назар аударуыңызды керек ететін үлкен балаңыз секілді


Отбасының бақытты, баянды болуының кепілі – махаббат пен ауызбіршіліктің басшылық етуінде. Сонымен бірге әйел адамның күйеуінің кемшіліктеріне оң көзқараспен қарап, әр бір ісінде, қимылында күйеуіне мойынсұнуда. Отбасы бақытты болу үшін төмендегі үш кеңеске назар аударғаныңыз жөн болар:
Бірінші: Әрдайым күйеуіңізді мұқият тыңдауға дағдыланыңыз. Егер ол өзін бір нәрсе мазалайды десе, дереу барлық жұмысыңызды жиыстырып қойып, оған көңіл аударыңыз. Оның не мазалап жатқанын байыпты түрде, сабырлық таныта отырып тыңдауға тырысыңыз.
Екінші: Күйеңіздің отбасылық лабиринтте жалғыз өзі адасуына жол бермеңіз. Шаршап, шалдығып, жалқаулығыңыз жеңіп тұрса да күйеуіңіздің қалаған нәрселерін орындауға тырысыңыз. Таңертең отбасылық проблемаларды қозғаушы болмаңыз. Күйеуіңіз жұмысқа бара жатқандығы себепті, оны үйдің проблемаларымен мазаламаңыз. Үй проблемаларын ол жұмыстан келіп, тамақтанып, демалған соң айтқаныңыз дұрысырақ. Таңертең жұмысқа шығар уақытта оған күлімсіреп, сәттілік тілеңіз. Осы арқылы сіз оған бір күндік энергия зарядын бергендей боласыз. Біліңіз, еркектер ересек балалар секілді. Өзіне назар аударып, жақсы көргенді ұнатады. Осы кеңестерге құлақ салыңыз, өкінбейсіз.
Үшінші: күйеуіңізге деген сезімдеріңізді ешуақытта жасырушы болмаңыз. Күніне бірнеше әдемі, жұмсақ сөздердің өзі оның махаббатын жаулап алуына жеткілікті болады. Бақытты неке шынайы махаббат пен жұбайлардың достығына, құрметіне негізделген. Осы себепті «Мен сені сүйемін, себебі сен мені бақытты қылдың» деген секілді әдемі сөздерге сараңдық қылмаңыз. Осы секілді кішкене ғана сөздердің өзі, ол үшін үлкен мән-мағынаға ие. Бұл сөздердің жауабы ретінде, бақыттың не екендігін сезінуге көмекші болғаныңыз үшін сізге деген ризашылығын білдіреді.
Орыс тілінен аударған: Ұ.Алиакбарұлы. №1/71, шілде, 2009 ж.

Санаттары:Мақалалар, Әр түрлі
  1. Қараша 26, 2010, 5:42 pm

    mynau menin mamamnyn sozi eken :DDDD

    • ұлықбек алиакбарұлы
      Қараша 28, 2010, 12:11 am

      asyl analardin aiauly kyzdaryna aitkan nasihattarynan goi

  2. Қараша 28, 2010, 10:31 pm

    осы сияқты нәрсені біздің еркектерге көп айту керек. Әсіресе мұсылман жігіттерге қатысты. Мысалға күйеунің ризашылығын алу үшін не істеу керек дегенді қыздар более мұқият жасайды. Ал мұсылман жігіттер босла, ой мұсылман әйел мындай боул керек, сондай болу керек деп талап қойғанда керемет, ал өздерінің істеріне ат үсті қарайды. Ондайды мұсылман жігіттерден өте көп кездестіруге болады. қайта қыздар сабырлы ғой ол жағынан. Барлық жігітке топырақ шашқаным емес, бірақ ҚЗдағы мұсылман жігіттердегі тенденция сондай.

  1. Желтоқсан 6, 2010, 8:46 am

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s