Негізгі бет > Мақалалар, Әр түрлі > Ойланыңдар, мұсылмандар!!!

Ойланыңдар, мұсылмандар!!!


Аса Қамқор Ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын

Ойланыңдар, мұсылмандар!!! Ей мұсылмандар: – Кімде кім аса көрікті, қымбат, бағалы автокөліктерге мінуді қаласа, біліңіздер: ерте ме кешпе сіз мүсәпір (сапар шегуші) боласыз, бұл сапар сізді ғайып өмірге алып кетеді, яғни қабірге.

– Кейбіреулер қымбат бағалы киімдер киюге ынтық болса, енді біреулер киюге, әуретін жабуға бір жапырақ мата таппай жүр, біліңіздер: ерте ме кешпе сізге берілген мына дүниедегі өмір бітіп, мәйітіңіз оралған кебінге кебінделіп жерге көмілесіз.

– Кімде кім бар тапқан дүниесін сарай секілді салдырған үйіне жұмсаса, біліңіздер: ерте ме кешпе сіздің негізгі әрі қияметке дейінгі үйіңіз қабір болады.

– Ашкөздікпен, арамтамақтықпен тамақтанып кедей-кепшікті тамақтандыруды ұмытсаңыз, біліңіз: ерте ме кешпе құрт-құмырсқа мен шаяндардың жемтігі боласыз.

– Ал кімде кім атақ-даңқ, адамдар арасындағы абырой үшін жанталасып, иман, ислам жайлы, дініне деген қызметті ұмытса, біліңіздер: ертең қабірде жалғыз боласыз. Жаныңызда ешбір жанашыр, көмекші болмайды.

– Кім алтындай уақытын теледидардан мәнсіз, мағынасыз шоулар көрумен, радиодан музыка тыңдаумен, неше түрлі детектив кітаптар оқумен өткізсе, біліңіздер: о дүниелік болғанда, бір секунд болса да Аллаһты есіңізге алмағаныңыз үшін өкінгеніңіздей өкінбейсіз.

Жан алқымға келгенде немесе күн батыстан шыққандағы өкіну пайдасыз болады.

Ұ.Алиакбарұлы. 1429 һижри, мухаррам-30.

Санаттары:Мақалалар, Әр түрлі
  1. Қараша 28, 2010, 10:34 pm

    рахмет бұл жазба маған айтылғандай болды. осылай тәубаға шақырып сауабы болсын саған. Айтпақшы блогыңның аты не? өзіме қосып қояын десем не деп қосарымды білмим. Ұ. Алиакбарүлы деп қосайын ба?

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s