Негізгі бет > www.dinislam.kz > Желтоқсанның 7-сі 1432 Хижри жыл басы

Желтоқсанның 7-сі 1432 Хижри жыл басы


Мухаррам айы – Исламдық қамари жылының бірінші айы және Құран Кәрімде құрметтелген төрт айдың бірі. Мухаррам айының бірінші түні мұсылмандардың қамари жыл басы түні болып есептеледі. Хижри қамари күнтізбе Мұхаммед пайғамбардың Меккеден Мәдинаға хижрет еткен (көшкен) жылынан басталады. Мухаррам айының бірінші күні болған алғашқы қамарижылбасы, григориан күнтізбесі бойынша – милади 622 жылдың тамыз айының 16 жұлдызына сай келетін жұма күні болатын. Қамари күнтізбеде бір жылда 354, 367 күн бар. Бұл кезең айдың жерді 12 рет айналған кезеңі. Күн жылынан 10,875 күн қысқа. Сол себептен 32,5 жылда бір жыл артық болады. Хрисиандар өз жылбасылары саналатын қаңтар айының 1 – түнінде Рождествоны тойлайды. Христиан діні бұйырған (!) күнәларды, күпіршіліктерді істейді. Мұсылмандар да өз жылбасы түнінде бір-бірімен қол алысып, телефон немесе хат арқылы бір-бірін құттықтайды. Бір-бірлерінің үйлеріне барып, сыйлықтар береді. Газеттер мен журналдар арқылы да құттықтаулар береді. Жаңа жылдың бүкіл мұсылмандарға берекелі және қайырлы жыл болуы үшін тілек тілейді. Үлкендердің, туыстардың, ғалымдардың үйлеріне барып, олардың баталарын алады. Қазір де мереке секілді таза киініп, кедейлерге садақа береді.

Мухаррамның алғашқы 10 күні мен түні қасиетті күндер мен түндер болып саналады.

Хадис шәрифте былай делінген: «Кімде-кім мухаррам айының алғашқы күнінде төмендегі дұғаны 3 рет оқыса, Аллаһу тағала ол адамды келесі мухаррам айына дейін барлық бәле-жаладан сақтайды: «Әлхамдулиллаһи Раббил-аламин. Уассалату уәссәламу ала сайидина Мухаммадин уә ала алиһи уә сахбиһи әжмаин. Аллаһумма әнтәл-әбадиул-қадим, әл-хайул карим, әл-ханнан, әл-мәннан. Һазиһи сәнәтун жәдидәтун. Әсәлука фиһәл-исмәтә минәшшайтанирражим, уәл аунә ала һазиһиннәфсил-әмма-рати биссуи уәл-иштиғалә бимә юқаррибуни иләйкә, йа зәл-жәлали уәл-икрам, бирахматика йа әрхамаррахимин. Уә саллаллаһу уә сәлләмә ала сәйидина уә нәбиинә Мухаммадин уә ала алиһи уә сахбиһи уә әһли бәйтиһи әжмаин». Бүкіл мұсылман қауымының 1432 хижри жаңа жылын құттықтаймыз!

  1. Желтоқсан 10, 2010, 3:23 am

    керек мәлімет екен!

  2. IslamCom_Kz
    Желтоқсан 14, 2010, 11:53 pm

    Ашура күні мен түні
    Бүгін мухаррам айының тоғызыншы күні. Мухаррамның оныншы күні ашура күні, тоғызыншы күні мен оныншы күні арасындағы түн «ашура түні» деп аталады. Мухаррам айы – Құран Кәрімде құрметтелген төрт айдың бірі. Ашура түні – осы осы айдың ең қадірлі түні. Аллаһ тағала кейбір дұғаларды ашура күнінде қабылдайтынын айтты. Бүгін кез-келген дәмді тағам пісіру, кедейлерге садақа беру сүннет, ғибадат болады. Бұл күндері ораза тұту өте сауапты іс. Тек оныншы күні емес, бір күн бұрынғы немесе бір күн кейінгі күнмен бірге тұтылады.
    Хадис шәрифтерде былай бұйырылды: «Аллаһ тағала ашура күнін жоғары қойған. Аллаһ тағала көктерді, жерді, тауларды, теңіздерді, жұлдыздарды, аршты, періштелерді, Адам пайғамбарды ашура күні жаратты. Ибраһим пайғамбардың дүниеге келуі және Нәмурдтың отынан құтылуы ашура күні болды. Ибраһим пайғамбарға баласының орнына сою үшін үлкен қошқар осы күні түсірілді». «Ашура күні кішкене садақа берген адамға Аллаһ тағала Ухуд тауындай сауап береді». «Ашура күнінің оразасы бір жылдық өткен күнәлардың өтеуі болып табылады». http://www.islam.com.kz

    Әбдімүтәліп Сәттібайұлы

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s