Кім кінәлі?


Шырайлы Шымкенттің көшелерінде жас жігіт келе жатыр жанында сұлу бойжеткен бар. Ай десе аузы, күн десе көзі бар. Тек қана бір кемшілігі киімінде секілді. Әрине ол менің көзқарасым бойынша, басқалар үшін олай емес шығар. Осы жерде пайғамбарымыздың мынадай хадисі есіме түседі. «Егер бір әйел келе жатса шайтан оны алдынан әдемі етіп көрсетеді. Егер еркек артынан қараса, шайтан ол әйелдің артынанда сұлу етіп көрсетеді». Жігіттің жанындағы қыз көрсе қызығарлықтай болса керек.
Жастар Тәуке хан даңғылынан Республика көшесіне түсіп, жүріп келе жатады. Республика көшесінде кешке қарай қараңғы түсе түңгі көбелектер жиналады. Олармен қоса пәтерлерін жалға беретіндерде шығады. Аялдаманың жанынан өтіп бара жатқан уақытта бір әйел, жігітке қарап пәтер керек емес пе деді. Пәтер ұсынушылар көбейіп кетті. Жігіт барлығына жоқ керек емес деп жауап берді. Бір уақытта басқа бір әйел: «жаныңдағы қызбен бір рахаттанып демалып алсайшы, пәтерді арзан бағамен жалға беремін» деді. Әйелдің аузын жиып болғаны солақ екен, жігіт жұдырығымен тұмсығынан сарт еткізді. Әйел жерге шалқасынан түсті. Жігіт құлаған әйелді бас салып тепкілеп, ұра бастады. Айналадағы адамдар ұрып жатқан жігітті әрең дегенде ажыратып үлгерді. Араға полиция араласып, жігітті тергеуге алып, мән жайды сұрап білгенде, жігіттің берген жауабы. Менің намысыма тиді деді. Полиция не болды сонша үлкен әйелге қол жұмсап, ол не деді соншама қан ағызып, басып жарып ұратындай. Пәтер ұсынған әйел: мен қайдан білейін үстіндегі киімінен жеңіл жүрістегі қыз екен деп ойлап қалдым деген.
Сөйтсе жігіттің жанындағы туған қарындасы екен. Кешке серуендеп бара жатса керек. Кенеттен әлгі әйел қызыңмен демалып шық деп жабыса кетті. Қарындасы сол жердегі жезөкшелермен теңестіргендігі үшін ашуланып, бас салып ұра жөнелген.
Әңгімеміздің соңында айтарымыз кім кінәлі? Пәтер ұсынып, жігіттің қарындасымен жөзекшелердің киген киімдерінен парық табалмаған әйелме? Намыстанған жігітпе? Әлде жігіттің қарындасы ма? Бұл сұрақтар оқырман сіздерге арналады.
Ұ.Алиакбарұлы.
«Ықылас» мешітінің имамы.

  1. Желтоқсан 12, 2010, 1:22 pm

    кінәле ата-ана, мүмкін қоғам да, бірақ басты кінә қыздың өзінде деп ойлаймын.

  2. Камшат
    Ақпан 16, 2011, 11:40 am

    ИЯ! Өте орынды, сұрақ екен? Біріншіден ата- анасы,сол қызының киінген киімін қадағамалаған үшін,екіншіден ағасы- қарындасын сондай күйде қасына ертіп шыққаны үшін! Ушінші- әрине өзі кінәлі- ағасының алдында,қалай- болса солай киінгені үшін! Аллах әйел баласына сол үшін бұйырған ғой “Әуретті жерлеріңді бүркеншектеріңмен жауып жүріңдер” деп!

  3. Бауыржан
    Наурыз 6, 2011, 11:59 am

    Менің ойымша: Бұл жерде кінәлі адам біреу емес бірнешеу. Ол пәтер ұсынушы әйел. Үлкен әйел бола тұра сорақы ұсыныс жасапты. Бұл өте ұят. Екінші жігіт ағасы: Қарындасының киім киісін қадағалауы керек еді. Үшінші сол қыз: Қазақ қызы қалай киіну керек деген сұрақты өзіне қоюы керек. Ең алдымен ұсыныс жасаған әйелдің ұяттан жұрдай екендігіне жыным келді.

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s