Әке қарғысы


Адам пенде ғой. Пендешілікпен күнә жасап қояды емес пе? Бірақ сол жасалған күнәлардың да негізі болады екен. Яғни негізгі себебі. Солардың бірі қарғыс. Бүгін сіздерге өзіміз секілді жастың, бір бойжеткеннің өз аузынан естіген әңгімесін айтып берейін. Өз аузынан дегенім, әлгі бойжеткен жылап отырып аудио касетаға дауысын басқан екен. Жылап отырып басынан өткен бір қайғылы оқиғаны айтып береді. Бойжеткен араб нәсілінен. Касетаныда арабша тыңдаған едім. Бойжеткен мұсылман, орамал тағып, бес уақыт намазына берік жан болса керек. Ата анасы о дүниелік болған. Бір үйде жалғыз тұратын болады. Күндердің бір күнінде телефон шырылдайды. Телефон тұтқасын көтергені сол еді, ер жігіттің дауысы: «қарындас сізбен танысуға болады ма»,-дейді. Қыз тұтқаны лақтырып жібереді. Түсінен шошынып оянғандай, денесі дір ете қалады. Себебі әкесі кеткелі еркек кіндікпен байланыс құрып, сөйлеспегелі көп болған екен.

Осылайша әлгі бейтаныс жігіттің даусы күніне бір мәрте мазалайтын болады. Кей күндері телефон шырылдамаса, неге қоңырау шалмады екен деген ойлар келетін болды. Жігіттің даусы бойжеткеннің құлағына үйреніпте қалды. 1 айдың ішінде бойжеткен жігітпен телефон арқылы ұзақ сырласатын болды. Сөйлесіп жүрген жігіт, қашанғы телефонмен сөйлесеміз кездесейік дейді. Бойжеткен біраз қарсылық білдіргендей болып, ақыр соңы келіседі.

Жігітпен кездесті. Бір-біріне ұнағандай, бірін-бірі ұнатқандай болды. Көшеде, кафеде, түсте, кешке кездесте. Осылай кездесіп жүріп бойжеткен жігіттің шақырған жеріне де келді. Бір пәтерге келді. Үйде ешкім жоқ. Тым тырыс. Жігіт бойжеткенге қарап: «ешкім мазаламасын деп едем» деген жауабын айтты.

Пайғамбарымыздың с.а.с. «екі адам (ер мен әйел) оңаша қалса үшінші шайтан болады» деген хадисі бар. Оңаша қалған жастардың үшінші шайтан болып, ортаға түсіп, екеуі арты жақсылыққа алып бармайтын істі істеп қояды. Шариғат бойынша рұқсат етілмеген, некесіз қатынасқа түсіп қояды. Іс біткен соң, жігіт қызды аймалапап, уайымдамашы, не бопты, онда тұрған не бар екен, ерте ме кешпе бұл сыннан барлық қыз өтеді, сен менің өмірлік жарым боласың деген алдамшы сөздермен үйіне шығарып салады.

Осы істен кейін жігіттен еш хабар жоқ. Шыдай алмаған бойжеткен бірнеше күннен соң әлгі түнде кездескен үйгеде барады. Есігін қаққанда бөтен адам шығып, пәтердің күндік жалға берілетіндігін айтқанда бойжеткеннің төбесіне жай түскендей болды. Үйіне қайтты.

Бір аптадан кейін жігіт хабарласып белгіленген жерде кездесейік деді. Тағыда бір пәтреге алып барды. Жігіт бұрынғыдай емес. Өзгерген секілді. Мүмкін ауырып жүрген шығар. Ішке кірген соң теледидарды қосып, бір видеокасетаны магнитофонға қойды. Касета порнофильм екен. Қыз қызарып, ұялғандай болды. Сұмдық-ай, недеген масқара. Касетадағылар өздері екен. Сөйтсе сонау өткен түндегі іс-әркетті жігіт касетаға басып алған екен.

Жігіт дереу өзгеріп шығып, қызға қарап былай деді: енді менің айтқаным болады, бар деген жерге барасың, істе дегенімді істейсің. Егер қарсы шықсаң мына касета бар танысыңа таралады. Бойжеткен аяқ астынан өмірінің астаң-кестең болғанын енді ғана түсінгендей болды. Осы күннен кейін бойжеткен ұзақ уақыт бойы жаман іспен айналысты.

Жиіркенішті іске шыдай алмаған қыз, жігітті кездестіріп енді не істесеңде өзің білесің, касетаны кімге таратсаңда өзің білесің деп теріс қарап кетіп қалды. Үйіне келіп жоғарыда айтылған аудио касетаны өз даусымен жылап отырып басқан екен. Сондағы айтпақ болған сөзі соңында келеді. Әкесі дүниеден өтіп бара жатып, қызым саған разы емеспін деген кен. Қыз оған мән бермесе керек. Бірақ әке қарғысы осылайша іске асты.

Бойжеткен касетаны жазып біткен соң намазын оқып, төсегіне жатады. Түсіне әкесі кіріп, қыз барынша жылап әкесінен кешірім сұрайды, әкесі кештім деген күйі жоқ болады. Касетада бойжеткен есімін атамаған, арабша сөйлегені ғана болмаса кім екендігі белгісіз.

Құрметті оқырман ата-ананың қарғысы кері қайтарылмайтынын ұмытпайық. Ұлықбек Алиакбарұлы.

  1. Желтоқсан 14, 2010, 3:02 pm

    йә қазір бұл жағдайлар кезігетіні өкінішті.

    ой Блогың әлі жөнделіп біткен жоқпа? жазбаларың жақсы екен..
    мына адіреске хабарлас сенің блогыңды өз қалауыңмен жөндеп бітіреик
    jbek74@mail.ru

  2. Қазақ баласы
    Желтоқсан 14, 2010, 6:57 pm

    Атам қазақ “шеше сөзі боқ ал әкенікі оқ” дейді. Әке болсын ана болсын қарғысы жақсы емес қой…

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s