Велосипед


Биылғы қажылық маусымында бізбен бірге «Асыл Арна» Ислами ағартушылық телеканалының бір топ журналистері барған болатын. Солардың ішінде Алматбек есімді журналистпен ұшақта көршілес отырдым. Таныстық, достастық дегендей. Меккеге барған соң Алматбектер арабша білетін аудармашы қазақты іздестірген екен. Менің арабша білетіндігімді естіп маған келді. Осылайша Асыл Арнаға аудармашы болып Жидда қаласына келдік. Жидда Сауд арабияның портты, индустриалды қаласы. Меккеден шамамен 70 шақырым жерде Қызыл теңізінің жағасында орналасқан. Қажылыққа барған ұшықтың көпшілігі осы Жидда қаласына қонаты. Портты қала болған соң Қажылыққа келген кемелерді де қабылдайды. Жидда сөзі араб тіліндегі «жәд», «жәддә» яғни ата және әже деген сөздерден шығады. Жидданың Жидда аталу себебі мұнда арғы әжеміз, бірінші анамыз Хауаның қабірі бар екен. Көптеген қажылыққа келген мұсылмандар мұнда Хауа ананың қабірін зиярат етуге келеді. Мұнда мені таң қалдырған нәрсе суреттегі велосипед болатын. Ол Әлемдегі ең үлкен велосипедтің үлгісі. Қалың трубулардан жасалған. Биіктігін нақты білмедім, бірақ 15-20 метр шамасында болса керек.

Енді не үшін велосипед деген сұраққа келсек. 80 жылдары Сауд Араб Корольдігінде велосипед негізгі жүретін құрал болған. Велосипедті жүргізуші куәлігі (вод. право) барлар ғана пайдалана алатын болған. Және велосипедті тек қана ер кісілер жүргізген. Ал әйел кісілерге тыйым салғын. (Қазіргі күнде Сауд Арабияда әйел кісілерге аутокөлік жүргізугеде тыйым салынған). Бүгінгі күндері Арабстанға барсаңыз таң қаласыз. 30 жыл бұрын велосипедті правомен айдаған халыққа ұқсамайды. 10 адамның 8 джип мінеді. Міне солай. Егер Жиддаға барсаңыздар үлкен велосипедті көріп кетіңіздер.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s