Негізгі бет > Әңгімелер > 15 желтоқсан – досымның туған күні еді

15 желтоқсан – досымның туған күні еді


Сәлем достар. Кешегі жанымыздың жарасы болған желтоқсан кімніңде болса жадынан шыға қоймас. Әсіресе сол күндері Алматыда оқып жүрген студент жастар. Алматы Республикамыздағы ірі қала. Қала үлкен болған соң келіп-кетушілерде көп болады. Бүгін сіздерге сол 86 жылы Алматыға қыдырып барған ағамыздың естеліктерінен қысқаша баяндап берейін. Ағамыз: «маған атақ керек емес, желтоқсаншымын деген емеспін»-дейді. Әңгіме айтылды бірақ кім екені осында қала салсын деген өтініш айтты. Ағаның әңгімесі басталып кетті..86-ның жазында әскерден келдім. Бойда қызу әлі кетпеген. Алып ұшып тұрмыз. Ел көріп, жер аралап қайттық. Менімен қатар жігіт-қыздардың көбі студенттік өмірді кешуде. Алматыда досым оқып жатыр. Жазғы демалысында кездестік. Досымның туған күні 15 желтоқсан болатын. Бірнеше жігіт болып желтоқсанда Алматыға баратын болып келістік. Досымыз осы келісімді естіп қуанып, оқуына кеткен болатын. Көптен күткен желтоқсанда зымырап жетіп келді. Карта ойнауға әуестігім бар болатым. Сол жылы куш десембе қалай, қомақты ақша ұтып алдық. Төрт жігіт болып 4500 сом ұтып алған болатынбыз. Ол жеңісім есімнен кетпейді. Сол ұтқан төрт жігіт Алматыға жолға шықтық. Қалтамызда 5000 сомның жобасында ақша бар. Желтоқсанның 15 күні Алматыда едік.

Ақша қалтада, қалағаныңша талтаңда деген осы екен. Ол замандары КПЗ түскендердің айыппұлы 4 сом 50 тиынба әлде 7 сомба солай еді. Ұмытып қалыппын. Әйтеуір осы ақшаны төлесең жібере беретін. Айыппұлдан қорқып жүрген біз жоқ. Енді інім айып етпе, бірақ 15-16 күндері Алматыда не болып жатқаннан еш хабарымыз жоқ екен. Біз күні-түні туған күн тойлап жүрген едік. 16 күні кешке бір ресторанға барып отырайық деп көшеге шықтық. Алдымыздан бір қазақ кемпір кезсдесіп, «сыночек куда идешь, туда не ходите» деген секілді сөздері әлі есімде. Көшеден бұрылып шыққанымыз сол еді, бір топ милиция бірнеше қызға қол көтеріп жатыр екен. Жүгіріп барып араластық. Араласқанда ұру емес, қыздарды ажыратып бері алдық. Осы кезде барып қалада бір пәленің болып жатқанын сезіндік. Ресторан іздеп, кіріп кетейін деп ойладық. Бұл Никольский шіркеуінің айналасында болған бірінші қақтығысымыз еді. Қарасақ барлық кафе, ресторандардың алды милицияға тола. Жұртты жаппай тексеріп жатыр. Кейбіреуін ұрып жығып жатыр. Ішінде соққыға жығылған қыздарда бар. Мастығымыздың қалай тарқағанын білмеймін.

Енді бас сауғалап тығалатын тесік іздедік. Жанымызда Алматылық жергілікті жігіттер болатын. План өзгерді дереу ауылға қайту керек болды. Ол кезде сотовый деген жоқ, кімнің қайда жүргені белгісіз. Мен Шымкенттік болатынмын. 2-ші Алматыға келсек, милиция жұрттың барлығын тексеріп жатыр, бір байқағаным тек қана қазақтарды тексеріп жатыр, орыстарды тексеріп жатқанын көрмедім.

Вагондардың астынан тығылып өтіп, жасырынып бір проводникпен сөйлестім. Ол қомақты ақша берем деген соң көнді. Бірақ милиция келсе танымаймын деді. Қомақты ақша беріп люкс алды деп ойлап қалма. Екі вагонның арасында, тамбурларды жалғап тұратын жері бар ғой, сонда аяқта тұрдым. Поезд тоқтаған кезде ғана тамбурға өтемін, милиция кезіксе тығылатын жер іздеймін. Поезд жүрсе әлгі орныма қайта барамын. Бет аузым жаурағаны былай тұрсын, қырау қатып қалған. Әйтеуір Шымкенткеде жеттік. Қалада әпкемнің үйі бар, онда бармадым. Бара қалсам жерден алып, жерге салады. Алматыда нең қалып еді деп ұрсатын болған соң, автовокзалдан ауылға қайтып кеттім. Жолда ешкіммен сөйлескен жоқпын.

Туған күніміз осылай болған еді. Милицимен қақтығысып, жерге алып ұрған мезеттер болды. Жароков көшесінде біреуін жамбасқа салып лақтырдым. Қаштық, олар қуалады. Бірақ жеткізбей кеттік. Бір Алланың өзі сақтаған шығар. Әйтпесе 86 жылы Алматыдан қашып шығу оңай емес. Сол жылы, сол күні қансырап жатқан қыз-жігіттер әлі есімнен кеткен емес. Дәл қазірдің өзінде көз алдымда елестеп тұр….

Ағамыз көзіне жас алды, әңгімесі осымен тоқтаған болатын. Бұлда бір айтылсада жазылмаған әңгіме ғой деп сіздерге ұсынып отырмын.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s