Негізгі бет > Иса Масих Құдай ма?, Кітапшалар > Иса Масих а.с. Құдай ма? – Кіріспе

Иса Масих а.с. Құдай ма? – Кіріспе


ББК 86.38

К-38. Кім өтірікші? (Иса Масих а.с. Құдай ма?) Ұ.Алиакбарұлы.  Түркістан 2008. 56-бет.

Құрметті оқырман! Қолдарыңыздағы кітапшада христиан әлеміне байланысты біршама зерттеулер жүргізілген. Кітапшада Христиан діні жайлы, дін атын жамалып халыққа жапа көрсеткен поптар, Библиядағы қарама-қайшылықтар әрі Иегова куәгерлері жайлы мағлұматтар берілген.

Кітап жалпы оқырманға, әсіресе ата-бабамыздың діні болған Исламды жат көріп жүрген азаматтарға арналады.

«Нәзір Төреқұлов атындағы мешіт-медресе»

ББК 86.38

© Ұлықбек Алиакбарұлы.


بســم الله الرحمن الرحيــم

Аса Қамқор Ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын

Кіріспе

الحمد لله رب العالمين و الصلاة و السلام على رسولنا محمد و على آله و صحبه اجمعين.

Алғашқы сөзімді Аллаһ тағалаға мақтаулар және ең соңғы Пайғамбар Мұхаммедке с.а.с. оның отбасына және сахабаларына салауат айта отырып бастаймыз.

Аллаһқа шүкіршілік ата – бабамыз аңсап келген егемендігімізге қауышқанымызға да 10 жылдан аса уақыт болды. Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасында арамызда Аллаһқа иман келтіретін, дінді мойындайтын адамдар қатары көбейіп келеді.

Шын мәнінде адамның дінсіз болуы мүмкін емес. Адам баласы қанша Құдай жоқ десе де бәрі бір ішкі дүниесінде бір белгісі болады. Ия, бұл белгілі нәрселер ғой.

Ғасырды ширегінен шертіп, тарихты төрінен түгендер болсақ неше түрлі уақиғаларды көреміз. Яғни, сан алуан діндерді, діни ағымдарды байқауға болады.

Бұл ретте біз қалам ұшын христиан әлеміне жүгірткелі отырмыз. Ендігі кезекті сол христиан әлемінде жатқан қилы-қилы қиссаларға берелік.

Қазіргі кезде христиан шіркеулерінің өмір сүріп келе жатқанына 2000 жыл шамасы болып қалды. Мінеки біздің дәуіріміз басталғалы бері христиан әлемінде талай-талай өзгерістер болды. Дінге де үлкен өзгерістер еніп кетті. Бұлай айту себебіміз христиан дінінің ақидасы (сенімі) өзгеріп кеткен. Ең негізгі қисынсыз шиеленіскен мәселе ол теңдесі жоқ жалғыз Аллаһты үшбірлікке (тройца) теңеуі. Айтқан сөздерімізге дәлелді деректер айта отырып, христиан әлемінің табалдырығынан аттауға кіріселік.

Ұ.Алиакбарұлы. Шымкент 2002 жыл.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s