Негізгі бет > Иса Масих Құдай ма?, Кітапшалар > Иса Масих а.с. Құдай ма? – Христиандардың доктринасы – Құдай үшеу ме?

Иса Масих а.с. Құдай ма? – Христиандардың доктринасы – Құдай үшеу ме?


Христиандардың доктринасы.

Христиан әлемінің ең негізгі діңгегі (ағымы) болып католицизм, православие және протестанство болып табылады.

Осы негізгі ағымдардың оқыту жүйелері, доктринасы мына негізге тіреледі. Аллаһ тағаланы үшбірлікке теңеуі және Иса пайғамбарды Аллаһ тағаланың ұлы деуі. Біз бұны дұрыс емес және ақылға сыймайды дейміз. Енді осы негізгі оқыту жүйелерін Библия стихтері тұрғысынан қарастырайық.

Құдай үшеу ме?

Бірінші ғасырда христиан діні пайда болған кезде, діннің екі жауы болған. «Үштік», яғни Құдайды үшеу деп білген митраизм түріндегі язычниктер және монетизмді уағыздайтын юдаизм. Язычниктер Құдайды үшеу деп үштік түрінде уағыз ететін. Енді сол үштік сенімді уағыздайтындардан мысал келтірейік.

Вавилондық үштік – Ану, оның баласы Энлиль және Энки. Римдік үштік – Юпитер, Юнана және Минерва. Семиттік үштік – отец, сын и мать яғни әке, шеше және бала. Бұлардан басқа  индуистік – Брахма, Вишну және Шива. Парсылардың Ормузд, Митра, Ахриман және Египеттік Осирис, Исида және Гор немесе Эмпефт, Эйктион, Пта деп те аталады. Халдейлік Бел-Сатурн, Бел-Юпитер (сарапшы), Бел-Хом (Аполлон). Соңғы үштік үшеуі қосылып ұлы Құдай деп аталады. Бұл үштіктердің барлығы христиан дініндегі үштіктермен тұп-тура келеді. Әсіресе Буддалықтардың үштіктері сай келеді. Буддалықтардың үштіктерін айтып өткеніміздей Брахма, Вишну және Шивадан құралады. Брахманы әке деп атайды. Вишнуды пастырь және пророк деп көреді. Ал Шиваны иләһи руһ деп ойлайды. Бұл үштік «Тримутра» орыс тіліне тройца деп аударылады. Олар бұл үштік терең құпия деп түсінеді. Құпия болғаны себепті оны ешкім білмейді және түсінбейді дейді. Бұл құпия адамзат баласы әлемдік дух Брахматмамен қосылған кезде ғана біледі дейді.

Бұл атап өткен үштіктеріміз Жерорта теңізінің жағалауында Христиан дінінен бұрын пайда болған. Барлығыда бұл үштікті құпия ретінде санайды. Христиан діні пайда болған кезде осы діни ағымдар өздерінің діни сенімдерін христиан дініне кіргізіп, оны да өздерінің қатарына қосып алған.

Осы үштік туралы Watch Tower қоғамы былай дейді:

«Екі қызық фактор бар: біріншісі ІІ ғ. Африкадағы Карфагенде өмір сүрген Тертуллин деген богослов. Осы кісі латын шіркеу писанияларына Trinitas деген термин енгізген. Мағынасы үштік. Бұл енгізу кейін қасиетті жазбаларда орын ала бастады. Ал, екіншісі ІІ ғ. өмір сүрген священник Феофил. Бұл кісі үштікті, «Организованная Религия»-ға немесе құрама, жасанды дінге енгізген. Аз уақыттан соң бұл үштік сенімді 325 жылы Кіші Азиядағы Никейде Никей соборында ресми түрде қабылдайды. Кейін бұл христиандардың діни доктринасы ретінде жария етілді. Сол уақыттан бері шіркеу қызметкерлері осы үштік туралы қисынсыз қиын оқуды оқытып келуде».

Христиандар үштікті атау үшін мына стихке сүйенеді:

«Ибо три свидетельствует на небе: Отец, Слово (сын) и святой Дух. И Сии три суть едино» (1-е послание Иоанны 5:7)

Қазақша баламасы: «Көкте Үшеу куәлік береді: Әке, Сөз және киелі Рух. Осы үшеуі бірлікте» (Жоханның 1-ші хаты 5:7)

Бұл стихті қолдан жасалған деп (подделка) белгілі ғалым эллинист Бенджамен Уилсон өзінің «Эмфатикалық диаглот» деген кітабында айтады.

«Көктегі куәгерлерге байланысты бұл мәтін 17 ғасырларда грек қолжазбаларының бірде біреуінде кездеспейді. Бұл мәтін грек шіркеулерінің авторлары немесе латын шіркеулері әкейлерінің атынан жазылған деген мәлімет жоқ. Бұл жалған нәрсе»[1]

Христиандар көбінесе осы стихке сүйенеді. Бірақ бұл стихтің жалған екендігін Бенджамен Уилсон айтты деп атап өттік. Яғни, қорытынды сөз Аллаһ тағала үшеу емес, керісінше жалғыз, ешбір теңдесі жоқ. Бұл ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан негізгі ұғым.

Ал енді Құдайдың жалғыздығы жайында библиядан бірнеше стихтерді мысал ретінде келтірейік:

«Это есть вечная жизнь: чтобы они знали Тебя, единственного Истинного Бога и Исуса Христа посланного Тобою» (Иоанна 17:3)

Қазақша баламасы: «Мәңгілік өмір – бұл жалғыз шынайы Құдайды және Өзің жерге елші етіп жіберген Иса Масихті тану»

«Господь Бог наш есть единый Господь» (Марка 12:29)

«Бог один, и нет другого, кроме Него» (Марка 12:32)

«Исус ответил Ему: «Почему ты называеш меня добрым? Никто не добр, кроме одного лишь Бога» (Марка 10:18)

«Бог же – един» (К галатам 3:20)

«Есть лишь один Господь, Один Бог и Отец всех и вся» (К Ефесянам 4:5-6)

Мінеки жоғарыда бір емес бірнеше библия стихтерінен мысалдар келтірдік. Және барлығы дерлік Құдайдың жалғыздығы туралы айтылған емес пе? Міндетті түрде «ия» деген жауап қайтарылады.

Иса Масихтың біздің өмірімізде болып Аллаһ тағала тарапына кеткеніне еш күмән жоқ. Өмір жаратылып, адам пайда болып, ұрпағын таратқалы қай заман. Сонау Адам ата а.с. пайғамбардан бері қарай қанша мыңдаған пайғамбарлар келіп-кетіп жатты және ешбірі де Құдайды үшеу деген емес. Құдайды үшеу деп айту осы Иса Масих келген соң басталған. Дәлірек айтқанда сол заманның адамдары Иса Масих әкелген таза дінді өзгеріске ұшыратқан. Бұдан бұрын үштік сенім болмаған. Сондай-ақ библия да Құдайды ашықтан – ашық жалғыз екендігін мойындаған. Қадірменді оқырман егер күмәніңіз болса жоғарыдағы келтірілген стихтерді Библиядан қарауыңызды өтінеміз.

Аталмыш үштік сенім қатерлі нәрсе. Адам баласының түсінуі қиын. Үштік туралы сенімді қазіргі заманның христиандары ғой айтып жүрген. Негізінде бұл үштік туралы ұғымды Иса Масихтің апостолдары білмеген. Қайта діннің бұзылып, дінге кірістер пайда болатындығы туралы айтып кеткен. Ендігі кезекте библиядан мысалдар келтірейік.

«Среди вас будут лженаставники. Они будут высказывать пагубные мнения и отрицать Господа, и многие будут подражать им в вожделениях своих из-за них оклеветан будет путь истинный». (7 пос. Петра 2:1-2)

Христиандар өздерінің діндерін осылай Құдай үшеу деп оқыта берсе олар алға емес керісінше артқа қарай құлдырайды. Бұл ұғым шіркеуді сонау 7 ғасырдан бері қарай шірітіп келеді. Апостол Павел бұл шіруді библияда былай келтірген:

«Тайна беззакония уже в действий»

(2-е Фессал 2:7)

Демек қорыта келіп айтатын сөзіміз Иса Масих өз уағызын Аллаһ тағала жалғыз деп жүргізген.

Ал енді Құран аяттарынан мысалдар келтірсек:

Қасиетті Құран Карим Құдайды үшей деп айтуды толығымен жоққа шығарады.

Аллаһ тағала Құранда былай дейді: «Расында: «Аллаһ, үштің үшіншісі» дегендер кәпір болды. Бір Тәңірден басқа Тәңір жоқ. Егер олар бұл айтқандарынан тыйылмаса, олардан; сондай қарсы келгендерге күйзелтуші азап кездеседі. Сонда да Аллаһқа тәубе етіп, жарылқану тілемей ме? Аллаһ тағала аса жарылқаушы, ерекше мейірімді».

(Маида сүресі 73-74 аяттар)

Аллаһ үштің үшіншісі емес, Аллаһ жалғыз, құлшылық етуге тек қана Аллаһ тағала лайықты. Аллаһтан басқа құлшылық етуге лайықты ешкім жоқ, Оған тең келер де ешкім жоқ.

Аллаһ тағала Құранда былай дейді: «(Мухаммад с.а.с. оларға) айт: Ол Аллаһ біреу-ақ. Аллаһ мұңсыз. (Әр нәрсе Оған мұқтаж). Ол, тумады да туылмады. Әрі оған ешкім тең емес».

(Ыхлас сүресі 1-4 аяттар).


[1] «“Let Good be True”. op. cit.., p.94»

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s