Негізгі бет > Иса Масих Құдай ма?, Кітапшалар > Иса Масих а.с. Құдай ма? – Христиан дініне тарихи шолу

Иса Масих а.с. Құдай ма? – Христиан дініне тарихи шолу


«Шынайы Патша (тек шындықты айтатын) Аллаһ тағала өте жоғары» (Муминун сүресі 116 аят).

Аллаһ Тағала тек шындықты айтады. Барлық нәрсені де шындықпен жаратқан. Пайғамбарларды да нағыз шындық жол, Құдай жолын уағыздау үшін жіберген. Сол жіберілген елшілердің бірі Иса а.с. пайғамбар (Иисус Христос).

Иса а.с. арқылы жіберілген дін негізінде таза дін еді. Бірақ ғасырлар өте адамдар дінді өзгеріске түсірді. Пайғамбарды ұлылап Құдай деген атауға дейін жеткізді. Қазіргі кезде Иса а.с. арқылы жіберілген дін жойылып кеткен. Оның орнын басып отырған, алғашқы бастауынан айрылып, өзгеріске ұшыраған христиан діні бар. Кітаптары Библия. Әлемдік ірі діндер қатарына жатады. Аллаһ тағалаға шүкіршілік Ислам дініндегі бауырластарымыз библияның бұзылып, адам қолымен жазылғандығынан хабардар. Біздің де нақты айтар сөзіміз алғашқы кездегі дін бұзар христиандықтар кітапты өз қолдарымен жазып, өз пайдаларына шешіп, заң шығарып бұл Құдай сөзі деген. Ал біздің бұл айтқан сөздерімізді мынадай тарихи мәліметтер дәлелдейді.

Библия ХҮІ ғ. дейін қарапайым халықтың қолына берілмеген. Библияны тек шіркеу қызметкерлері ғана ұстай алатын, онда да барлығы емес. Лауазымы жоғары поптар ғана библияны қолданатын. Библияны оқытып үйреткен кезде тек кітаптың кейбір мәтіндерін теріп-теріп оқытатын. 1543 жылы «библияны поптар мен ірі бай кісілер ғана ұстап оқуға болады» деген заң шығарған. Осылайша шіркеу қызметкерлері библияны қарапайым халық түгілі өз адамдарына, оқушыларына оқытпаған. Бірақ халық арасында ой өрісі мықты адамдар болған. Сол адамдар библияға қол жеткізіп, оны халықтың қарапайым тіліне аударған. Солардың бірі Джон Уайклифф. Джон 1380 жылы библияны ағылшын тіліне аударады. Өкінішке орай шіркеу Джонды библияны оқып, аударғаны үшін зорлап, қинап 1385 жылы отқа жағып өлтірген. Шіркеу қызметкерлері Джонның бұл өлімін аз көріп 30 жылдан соң Констан Соборының 1415 жылғы мамыр айының шешімі бойынша молада жатқан Джонның сүйегін қайта қазып алып, өртеп күлін өзенге тастайды. Қандай жауыздық. Библияны оқығандығы үшін Джонды осыншама қинаған. Сол сияқты 1525 жылы Уильям Тиндейлде библияны ағылшын тіліне аударады. Уильямды да кітапты аударғандығы үшін азаптап отқа жағып өлтіреді. Аударылған кітаптарды да жағып, ал аударылған кітапты оқушылардың ізіне, аң аулағандай түскен. Ұстаған оқырмандарды біртіндеп тұрып отқа жағып өлтірген. Бұл туралы доктор Паттерсон Смит былай дейді:

«Библияны оқушыларды ұстап, оқыған кітаптарын мойындарына байлап қойып отқа жағып өлтірген. Кейбір ер және әйел кісілерді өз балаларына библияны оқып, қалай құлшылық етуді үйреткендері үшін де өлім жазасына кесті. Еркектерді әйелдеріне қарсы куәгер етіп, балаларына әке-шешелерін өртеу үшін от жаққызды. Ал Джон Уайклиффтің аударған библиясын оқушыларды жыртқыш аң аулағандай іздеріне түсті».

Жауыз атанған шіркеу қызметкерлері қарапайым халықты алдап-арбаумен бірге христиан дінінің секталарын, өздерінің діндес бауырларын да қырып отырған.

1179 жылы ІІІ-ші Латерн Соборы «Еретиктерді Епископ сотынан кейін, оларды одан ары жазалауға дін басшылары, яғни, шіркеу қызметкерлеріне берілсін»-деген заң шығарған. 1336 жылы көптеген адамдар папа бұйрығымен отқа жағылған.

Б.Дюранның мынадай сөзі бар:

«1555 жылы жүздеген әйелдерді қинап, зорлап, кейін өлтірген. Ал басқа әйелдер мен балаларды құлдыққа сатқан».

Бұл өлімдерден кейін папа ІІІ Иннокентий Альбигойцтерге қарсы «қасиетті соғыс» деп «крест жорықтарын» жасатқан. Крест жорықтары бірінен соң бірі папаға қарсы шыққандарды жазалаумен айналысқан.

Папа легаты Арнольд Амори папаға мынадай хабар жіберген:

«Біздің адамдар ешқандай лауазымына, шеніне, жынысына, жасына қарамай 20000 адамды қылышпен өлтірді. Адамдарды өлтіріп болған соң қаланы талан-таражға салып, кейін өртеп жібердік».

Бром қаласында 100 альбигойцтердің көзін ойып, соқыр етіп, мұрындарын кесіп қинаған. 1210 жылы 140 адамды отқа жаққан. Марман қаласында епископтың бұйрығы бойынша 5000 адам өлтіріліп кейін қаланы өртеткен. ХІҮ ғасырда лоллардтарды (Уайклифтің ізін басушыларды)-да қинаған және Ян Густің ізбасарлары гуситтерді және гугеноттарды да қинап өлтірген. 1567 жылы бұлар сияқты 20000 еретиктерді өлім жазасына кескен.

Рим-католик тарихшысы Мезарэ былай дейді:

«1572 жылы Парижде Генрих Наварскийдің неке тойына мыңдаған гугеноттарды шақырады. Бұл гугеноттарды тойға алдап шақырып әкеледі де түнде барлығын қырып салады. Олар шал, кемпір демей жас баланы да аямай қинап өлтіреді. Кейін 600-дей үйді тонап 4000-дей адамды зорлықпен өлтіреді».

Иезуит тарихшысы Банави үш күнде 25000 адам өлтірілген дейді. Ал үш айда 70000 гугеноттарды өлтірген. Англияда Мария королева болып тұрған кезде 286 протестант отқа жағылған және бұлармен бірге Креклэр, Хупер, Летимер, Ридли, Фаррар деген епископтар отқа жағылған. Испанияда 23000 еврей инквизициямен сотталып, кейін қылышпен өлтірілген және 200000 адам репрессияға ұшыраған. Ал Нидерландыда 50000 адам репрессияға ұшырап, 25000 адам өлім жазасына кесілген.

Мінеки осындай жауыздықтарды көрген әрі жапа шеккен христиандықтар былай дейді:

«Жүздеген жылдар бойы бүкіл Европа қанға боялды. Қарапайым халық католик шіркеуінің аяусыз зорлығына түсті. Көптеген адамдарды тірідей отқа жақты. Адамдарды бірденнен емес, қинап, зорлап өлтірді».

Мынадай папаның зорлығына қарсы монахтардың өздері де көтеріліп тұрған. Солардың бірі неміс монахы Мартен Лютер. Ол 1517 жылы папаға қарсы қазан айында көтеріліс жасаған.

Қуғын-сүргінге ұшырап, қинап өлтірілгендердің бірі астроном Николай Коперник. Сол сияқты Галилейді жер домалақ әрі күнді айналады дегені үшін 1633 жылы 22 маусымда Рим қаласында қинаған. Галилей жаздым жаңылдым деп, тізерлеп отырып, пападан кешірім сұраған[1].

Қорыта келе, мына тарихи мәліметтерге қарап біз христиан діні дін емес, керісінше адамдарды қинап, зорлап өлтіру колониясына ұқсатамыз.


[1] Мәліметтер «Догматы христианство» кітабынан алынды.. Др. Абдул Хамид Кадри. Новосибирск. 1995 г.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s