Негізгі бет > Мақалалар, Әдебиет, Қазақ араб ауыз әдебиеті > Қазақ араб ауыз әдебиетіндегі «Балықшы және жын» ертегісінің мың біртүн ертегілері негізінде айтылған сюжет бойынша салыстыра зерттеу мәселелері (Ұ.Алиакбарұлы)

Қазақ араб ауыз әдебиетіндегі «Балықшы және жын» ертегісінің мың біртүн ертегілері негізінде айтылған сюжет бойынша салыстыра зерттеу мәселелері (Ұ.Алиакбарұлы)


Мың бір түн араб әдебиетінің классикалық мұрасы. Мың бір түннің шығу төркіні жайлы айтар болсақ, Қазақ кеңес энциклопедиясында мынадай мәлімет берілген: «Мың бір түннің түп негізі жөнінде әр түрлі пікірлер бар. Біреулер парсының «Мың ертегісінен» таралған десе, енді бірсыпырасы Масудидің «Алтын тоғай» атты шығармасы әсерімен пайда болған деп есептейді». Лубнанның (Ливан) астанасы Бейрутте «Әл-Мактабат әл-сақафия» баспасынан араб тілінде шыққан «мың біртүн қиссасы» кітабының алғысөзінде мынадай мәлімет берілген:

ملك “شهريار” اكتشف خيانة زووجته له، فقتلها، وأخذ على نفسه أن يتزوج كل ليلة فتاة ويقتلها في الليلة ذاتها، وبقي على هذه الحال ثلاث سنين، إلى أن هربت كل الناس ببناتها، إلا بنتي الوزير، أولاهما ذات حسن اضافت غليه الاطلاع على تواريخ الأمم السابقة وأخبار الأدباء والشعراء تدعى “شهرزاد”، وأختها تدعى “دنيازاد”. فطلبت “شهرزاد” من أبيها أن يزوجها من “شهريار”، إما أن تعيش أو تكون فداء لبنات جنسها. واشترطت أن ترافقها أختها، و تم ذلك فتزوجها الملك، وحين أراد قتلها استدرجته “دنيازاد” ليطلب من “شهرزاد” أن تحكي له حكاية يقطعون بها سهر اللية، فاستأذنت “شهرزاد” “شهريار” وبدأت خديثها في قصة “ألف ليلة وليلة”.

Аудармасы: «Шаһрияр патша әйелінің өзіне жасаған қиянатын біліп қалып, оны өлтіреді. Содан соң өзіне әр түні жас бойжеткенге үйленіп әрі сол түні оны өлтіріп тастауды серт етеді. Осы жағдай үш жылға созылады. Уәзірдің екі қызынан басқа қаншама адамның қыздары жастай кетеді. Үлкені алдыңғы өткен қауымдар тарихын, әдебиетшілер, ақындар жайында айтып беруші еді. Есімі Шаһризад. Кішісінің аты Дунязад. Шаһризад әкісінен өзі патшаға күйеуге беруін өтінген болатын. Өмір сүрем немесе өзі сияқты бойжеткендер үшін құрбан болатындығын айтты. Өзімен бірге сіңілісінің баруында сұрады. Осылайша болып, патша оған үйленді. Патша ол қызды да өлтірмек болғанда Дунииязад түн өткізіп әпкесінің жанын аман сақтап қалу ойымен, патшаға қисса айтып беруді өтінді. Шаһризад Шаһриярдан рұқсат алып, осылайша мың біртүн қиссасы басталып кетті». Қазақтың белді, белгілі, қарымды жыршы-ақындарының ішінде мың бір түнге ден қоймағаны некен-саяқ, тіпті жоқтың қасы. «Мәлік-Хасан», «Шәкір-Шәкірат», «Орқа-Күлше», «Қасым-Жомарт», «Шахмаран», «Иранғайып-шаһ Ғаббас», «Сейфүлмәлік» тәрізді қисса дастандар тікелей мың бір түн сюжеттерінен іріктеліп алынған. Алайда, бұл туындылардың бәрі ұлт ақындарының өңдеп, әрлеп толассыз жырлауы арқылы қазақтың бай ауыз әдебиетімен ұштаса келе, төл туындыларымыз тәрізденіп, біржола сіңісті болып кеткендігін естен шығармағанымыз жөн. Осы секілді мың бір түн сюжеттеріне негізделіп, жырланған дастанның бірі «Балықшы мен жын» қиссасы. «Балықшы мен жын» ертегісі мың бір түн үшінші түнінде, Шахризадтың айтып берген қиссасы. Үшінші түні Дуниязад әпкесіне қиссаны жалғастыруын өтінеді. Патшаға балықшы жайындағы қиссаның басын әңгімелейді. Қиссаға қызыққан патша жалғастыруын бұйырады. Осылайша Дуниязад патшаға «Балықшы мен жын» жайында қисса айтып береді. «Балықшы және жын» қиссасы қазақ арасында да тараған. Бұл жайында Шамсуддин Хусаинов жырлаған. Ол кісінің 1911 жылы Қазаннан шыққан «Балықчи илән ғифритдин қисса» деген кітабы бар. Бұл кітап қазір Ұлттық Ғылым Академиясының кітапханасында сақтаулы. Мың бір түн кітабының араб тіліндегі нұсқасын Сурияда Дамаск университетінің әдебиет факультетінің кітапханасынан көрдім. Кітап Ливанда «Әл-Мактабат әл-сақафия» баспасында басылған. Ол кітаптың 23-27 беттерінде «Балықшы және ғифрит» деген атпен қисса берілген. Араб тілінде жазылған қисса мен Шамсуддиннің жырлаған дастанында айырмашылық көп емес. Адам аттары оқиға болған жерлер сақталған. Араб тіліндегі нұсқа 4 бет, ал Шамсуддин 75 бетті дастан етіп жазған. Шамсуддин жын демеген, ғифритдин деп атаған. Ғифрит араб тілінен аударғанда шайтан секілді қу, қатігез шайтан, дию, пері, жын деген мағына береді. Ал Қалқаман Әбдіқадыровтың араб, парсы, түрік тілдеріндегі басылымдарды негізге ала отырып аударған мың біртүнінде балықшы жайында әңгіме бар. Балықшы жайыдағы әңгімені Шахризада патшаға 4-ші түні айтып береді. Ар орыс тіліндегі аудармада және араб тіліндегі нұсқада балықшы жаындағы ертегіне 3-ші түні айтып береді деп жазылған. Бейрутте шыққан нұсқада балықшы шалдың кемпірі және 3 ұлы бар деген , Қ.Әбдіқадыровтың аудармасында шалдың кемпірі және 2 ұлы бар делінген. Ал Мәскеуде «Правдадан» 1988 жылы шыққан «Халиф на час» Шалдың кемпірі және үш ұлы бар деп жазылған. Мың бір түнде шығарманың ұзына бой өзегі Шаһризаданың ажалмен бетпе-бет арпалысы үстінде өрбігенімен, оның зинақор патшаға әңгімелеген хикаялары қиялыңның қарымы өскен сайын өзінен-өзі туып өрби беретін, саны санаға сыймас ғарыш жұлдыздарындай біріне-бірі ұласып кете береді. Осылайша, Шаһризада мың бір тәуліктің мың бір түні ішінде бір ғана хикаядан мың да бір хикаят туындатып, сол мерзім аралығында өзінің «Ұлы бақытты патшасынан» үш ұл көріп. Хикаят саны мың да бірге жетенде сол ұлдарын бетке ұстап, өзіне деген кесікті өлімді үзілді-кесілді тоқтатады. Біз балықшы және жын қиссасына байланысты қолымыздағы араб, орыс, қазақ және Қазаннан шыққан қазақ тілінде араб әріптерімен жазылған нұсқаларды пайдална отырып салыстырамыз. Бір қисса жазайын деп алдым ойға Муафиқ айтқандай қыб жыйын тойға Бұрынғы өткен заманда бір балықшы Тірлігінде кем болған сыр қоюға Дариядан балық аулап күнін көріп Кәсібін қылып жүрді шақтап бойға Бишараның болмады жалғыз малы Жамағат нафақасы аясы көбдүр жаны Ау салып балық аулап су жағалап Жүреді нашарлықпен құрып халі Күнінде төрт мәртебе ауын салар Басқа ризық изләмәс төңирактан Баласы көп, асырар малы болмай Бишара жоқшылық пен жапа шеккен Бір балықшы кәудіреген шал екен, ұлы бақытты патщам……. Оның екі ұлы, бір кемпірі бар еді. Өмірі дарияның жағасында өткен болатын. Өмірлік кесібі балық аулау. Бірақ, оның судағы үлесі де өлшеулі, күніне барып төрт рет торын тастайды екен. «…был один рыбак, далеко зашедщий в годах, и были у него жена и трое детей, и жил он в бедности. И был у него обычай забрасывать свою сеть каждый день четыре раза….» كان رجل صياد وكان طاعنا في السن، و له زوجة وثلاثة أولاد، وهو فقير الحال، وكان من عادته أن يرمي شبكته كل يوم أربع مرات لا غير. Аудармасы: «Бір қартайған балықшы бар екен, оның кемпірі және үш ұлы болыпты. Жағдайы нашар кедей екен. Күнделікті әдеті дарияға төрт мәрте ау тастап балық аулау болыпты». Жыршы Шамсуддин балықшы шалдың ұлдарының қанша екенін ескертпеген. Қ.Әбдіқадыров 2 ұл, ал Михаил Салье 3 ұл деп аударған. Бейруттен шыққан арабша нұсқасында да 3 ұл екендігі жазылған. Бірақ барлығында да күніне 4 мәрте ау салынатындығы жазылған. Бір күн бесін уақтында ауын салды Ризық талап қылып Құдіретден Салған соң біраз ғана тоқтады да Балық түскен шығар деп тартыпты ауын Тартса ауыр салмағы көп қозғалмайды Шатланды қарайын деп ауын жазып Су шетіне шығарса зорға тартып Өлген ешек көрінді анадайдан Екінші ауын және суға салды Және ауыр күшпенен тартып алды Бұ жолғысы тас пен шоқ оны мұны Бұ нешік хал болды деп хайран қалды Үшінші және ауын салды аршып Бұ жолы уатылған илға шөлмек Бір босы жоқ ішінің бәрі балшық Үш салып жалғыз балық алалмадым Сонда да басқа жаққа баралмадым Егер қадам жетпесе ризық бер Сенен басқа жәрдемші табалмадым Төртінші ауын салды «Бисмиллаһ» деп Нығметі кесілгенге уайым жеп Бишара ауын тартты үміт етіп Бек ауыр торға тартты есі кетіп Сулеймен мөімен бекітілген Бір қызыл бақыр шелек келді жетіп Қорғасынды ерітіп мөр басып Аузын ашылмастай қылған тетік Бұ жолғы ілінгені бақыр шелек Аузынан белгі жоқ дөп дөңгелек Қызыл мыс бақыр шелек шыққаннан соң Деп ойлады көп асыл болса керек Бишара қуанды алтын бар деп Көп нығмет ілікті деп қармағыма Шелектің іші толған алтын болса Қызларым жүзік салам бармағына Көп олжа жылағанда кез келтірдің Бір Алла құдіретіңе мың мың шүкір Сүлеймен мөрімен печатлеген Печаттың винтің тауып йығылдатты Ішіндегі нәрсесі төгілсін деп Аузын төмен қаратып лықылдатты Мөр басқан печатын бұзып еді Жер мен көкті кетіпті тұман қаптап Тұман боп бір аз қаптап тұрды дағы Бір Ғифрит пері болды жұмарланып Бір күні шал торын көтеріп, дарияның жиегіне келді де, әдетімен торын суға тастады. Көп ұзамай-ақ нәрсе ілінгендей болып, тордың қалтқылары суға батты. Ол суға түсіп ілінген затты көрді: балық емес – торға оралып қалған…… бір есектің өлімтігі екен. Шалдың торынатағы бір нәрсе ілінгендей болды…… шал суға түсті. Тордағы оралып тұрған зат құмтопыраққа толған бір ескі құмыра болып шықты. Торын суға қайта тастады. Алып қараса, салқам-салқамы шығып, су сіңді болып шіріген кебеже, ішін сынған кесе, аяқ, шөміш қасық сияқты заттармен толтырыпты. Шал төртінші мәрте торын суға тастады. Көп ұзамай бір нәрсе ілінгендей болды. Алып қараса бір мыс құмыра. Аузына әлдекімнің мөрін басып тығындаған. Бұл, – де ол, – ішінде ешнәрсе болмаған күнде де сыртындағы мыс көзе базарға сегіз теңге болады. Жиекке шығарып, тығынды пышағымен шұқып ашты да, жерге төңкерді. Құмырадан сауылдап еш нәрсе төгіле қоймады, қайтадан азын жоғары көтергенде, бір будақтаған көк түтін шықты да, көкке көтеріле берді. Аяғы құмырадан үзіле, бара-бара түйдектеліп, маңдайынан түтіні бұрқыраған, бойы көкке тіреу болғандай бір дию пайда бол қалды. И вот однажды он вышел в полуденную пору, и пришел на берег моря,…… и закинул сеть. Когда почуствовал, что сеть отяжелела, попробовал ее вытянуть…. и надев свою одежду, подошел к сети, но нашел в ней мертвого осла. Увидев это, рыбак опечалился и воскликнул: «Нет мощи и силы, кроме как у Аллаха, высокого, великого!….. – сказал он потом и произнес: О вверивший себя ночным суровым расстояниям! Зря не трудись – насущный хлеб не раздобыть страньем! Сказав: «Во имя Аллаха!» – снова забросил сеть. Во второй рас нашел в ней большой кувшин, полный песку и ила. Орыс тіліне аударылған нұсқада да балықшы 4 мәрте тор тастап төртіншісінде жын шығады. Орыс тіліндегі аударма араб тіліндегі нұсқаға қатты жақын келеді. Араб тіліндегі бәйттер орыс тіліндегі кітапта да бар. Мысалы: يا حائضاُ في ظلاح الليل والهلكه لقصر عناك فليس الرزق بالحركة О вверивший себя ночным суровым расстояниям! Зря не трудись – насущный хлеб не раздобыть страньем! فلا بحظي غعطي إن لم تكفي فعفي يا حرقة الدهر وجدت رزقي توفي خربت اطلب رزقي ولا يصنعه كفي Судьба! Довольно ты меня палила, Повремени! Не насылай беды! Ты доброй доли мне не отделила И не вознаградила за труды! Пришел, чтоб получить и часть и участь; Увидел: ничего не унести. Как удевительна невежд живучесть; А память о премудрых – не в чести! Араб және орыс тіліндегі және Шамсуддиннің араб әріптерімен жазылған қазақ тіліндегі нұсқаларда балықшының «Алланың атымен» торды тастауы, Сүлеймен пайғамбар атағанда оған салат-сәлем айтқандығы және «Алладан басқа күш-қуат жоқ» деген діни ұғымды сөздер сақталған. Қ.Әбдіқадыров ағамыздың аудармасында бұл секілді сөздер аз кездеседі. Бұл сол уақыттағы Кеңес өкіметінің ықпалы болу керек. Мәселен: Шамсуддин дастаныда «Төртінші ауын салды «Бисмиллаһ» деп», Сальенің аудармасында «Увидев это, рыбак опечалился и воскликнул: «Нет мощи и силы, кроме как у Аллаха, высокого, великого!», «Во имя Аллаха». Ал араб тіліндегі нұсқада: “لا حول ولا قوة إلا بالله العلي العظيم”، “بسم الله”، “استغفر الله”، Балықшы торына есек түскенде «Лә хаула уә лә қууата иллә билләһил алиил азим» (Алладан басқа күш-қуатты ешкім жоқ) дейді, одан соң торды және тастағанда «Бисмиллаһ» (Алланың атымен) дейді, торды үшінші тастардан алдын «Астағфирулла» (Аллаһым кешіре гөр) деп айтады. Балықшы шал ауын төртінші мәрте тастағанда, ауға бір мыс құмыра ілініп шығады. Құмыраны ашқан шалдың басына бәле жабысқандай болады. Құмырадан аспан мен жерді тіреп тұрғандай бір дию пайда бола қалады. «Жын» негізінде араб сөзі, қазақ тілінде жасырын, адам көзіне көрінбейтін перілер деген мағына береді. «Ъаламул жин» жындар әлемі. Ғифрит яғни жын жайлы сөз еткенде жөн болар. Кей адамдар «жын» менен «шайтанды» екі бөлек түсініп жатады. Дегенмен Ислам шариғатында жын менен шайтанның түбі бір, бірақ алдын Ібіліс болған шайтан «Шайтан» болып аталған күннен бастап оның ізбасарлары, өз қауымы пайда болады. Ислам сенімі бойынша жындар оттан жаратылған. Жындар адамдар секілді, адам жаратылмас бұрын жерді мекен еткен. Жерді бұзақылық көп жасап, тура жолдан тайғандары себепті Алла тағала оларды жер бетінен жойып жіберуді әмір етеді. Осылайша періштелер жер бетінен жындарды құртып, тек қана Ібіліс атты бір кішкентай жынды аман алып қалады. Оны өздерімен бірге алып кетіп, тәрбиелдейді, ол өсіп, жақсы оқып, періштелерді оқытатын жағдайға жетеді. Күндердің күнінде Алла тағала Адам атаны жаратады да, өзге мақлұқтардың барлығына Адам атаға сәзде етуін бұйырады. Сонда ібіліс Адам атаның топырақтан жаралғанын біліп, балшықтан жаралған пендеге, оттан жаралған басыммен сәжде етпеймін деп тааппарлық етеді. Осы кезде Алла тағала оған ашуланып, оны аластатады. «Шатана» араб тілін аластату, қуу, кет деп айту деген мағына береді. Сол күннен Ібіліс шайтан аталып, кәпір болады. Шайтан Алла тағалаға жалынып-жалбарынып қияметке дейін өмір беруін сұрайды. Алла оған бұл мүмкіншілікті береді. Содан бері шайтан адам баласын жау көріп, қолынан келгенше арбап, тура жолдан адастыруды қалайды. Дегенмен жындар адамдарды арбап, алдап, тура жолдан адастыруды жалғыз өзі іске асыра алмайды. Олардың сыбайластары болады. Әрине ол сыбайластары адамдардан болуы тиіс. Халық арасында баршаға танымал «сиқыршы» деген сөз бар, яғни, сиқыршылар бар. Сиқыршыны танып-білуге болатын белгілері Егер емші-тәуіптің бойынан төмендегі белгілердің біреуі байқалса, ол сөз жоқ антұрған сиқыршы. 1. Аурудан өзінің және анасының есімін сұрайды. 2. Аурудың бір затын (тер сіңді киімін, бас киімін т.б.) сұрайды. 3. Кейде құрбандыққа шалу үшін белгілі бір сипаттағы хайуанды әкелуін талап етеді. Онда Алланың атымен соймайды. Құрбандықтың қанын науқастың ауырған жеріне жағуы немесе оны алыс жерге апарып тастауы мүмкін. 4. Тұмар, дуа жазып беру. 5. Құран аяттарынан бөлек түсініксіз дуа сөздер оқу. 6. Науқасқа ортасында арабша әріптер не сандар жазылған төртбұрыш суреті салынған орамал не қағаз беруі мүмкін. 7. Науқасты күн түспейтін бөлмеде біраз уақыт тұруға бүйырады. 8. Кейде науқастан қырық күн бойы суға жақындамауын талап етеді. Бұл сиқыршыға қызмет жасаушы жынның христиан дінінде екендігін білдіреді. 9. Ауруға бір заттарды беріп, оларды көміп тастауын бүйырады. 10. Науқасқа бір парақшалар беріп, оларды өртеп, түтінін жұтуын бұйырады. 11. Адамға түсініксіз сөздермен сөйлейді. 12. Кейде сиқыршы өзіне келген кісінің аты-жөнін, қай елден, қандай мақсатпен келгенін өзіне айтып береді. 13. Ауруға парақшаларға белгісіз әріптерді жазып, оны ішірткі етіп ішуін талап етеді. Егер сіз барған емшіден осы белгілердің біреуін байқасаңыз ендігәрі ол адамға жолаушы болмаңыз. Әйтпесе, Пайғамбарымыздың (с.а.с.): «Кімде-кім балгерді шақырып, оның айтқандарын растаса, ол Мұхаммедке с.а.с. түскен нәрсеге (яғни, Қасиетті Құран кәрімгі қарсы шыққан) күпірлік жасаған болады»- деген хадисіндегі бақытсыз жанға айналасыз. Ал қазақ наным-сенімдегі жынның пайда болуы жайында Ә.Диваев былай дейді: «В одной религиозной рукописи, опубликованной А.Диваевым, старые поверья и былички о злых духах пересмотрены. Там говорится: «В один из дней прабабушка наша «Мамай-Хана» (Ева) поспорила с Хазряти-Адам (да будет над ним мир). Мамай-Хана доказывала Хазряти-Адаму, что дети зарождаются от нее, а Хазряти-Адам отвечал, что от него. Тогда Хазряти-Адам условился со своей женой Мамай-Хана не иметь супружеских сношений между собой до известного времени, а семя, которое будет исходить в это время из спин их, каждый из супругов должен сохранить в известном месте, тогда выяснится, от кого зарождаются дети. Итак, на этом было заключено согласие. После того Хазряти-Адам (да будет над ним мир) извержения свои слил в «шиша» (стеклянная посуда), а Хазряти-Мамай-Хана завернула в кусок ваты. Спустя некоторы время, когда уже минул установленный срок, супруги заглянули в стеклянную посуду и увидели, что в ней из семени, истекшего из спины Хазряти-Адама, получился живой человек, который потом стал пророком Шиш и сыном Хазряти-Адам…. Когда Мамай-Хана осмотрела завернутое ею в вату, то, увидев, что живых людей не получилось, а копошилось несколько живых существ, бросила их на кучу золы; несмотря на это, сушества эти не погибли, а они стали потом «джиннами», «албасты», и «дивами». (Диваев А. Этнографические материалы о происхождении албасты, джинна и дива. С. 226-228. в тексте есть неточность: Ева на казахском языке называется Хау-Ана) Діни мәтіндерде бұндай мәліметтер кездеспеген. Ислам діні сенімінде жындар адамнан бұрын жаратылған. Ал Адам ата мен Хауа анадан өздерінің ұрпақтары тараған. Хауа анадан жындар пайда болды деген нәрсе жоқ. Жындар қауымы екіге бөлінеді мұсылман және кәпір болып. Құранда 72-ші сүре «Жын сүресі» деп аталады. Осы сүреде жындардан да мұсылман болғандары жазылған. Пайғамбарымыз Мұхаммед с.а.с. Тайф елдімекеніне жақын жерде «Нахла» деген жерде сахабаларымен таң намазын өтейді. Осы кезде жындар пайғамбар оқыған аятты тыңдайды. (Мұхаммед с.а.с.) оларға: «Жындардан бір тобының құран тыңдағаны маған уахи етілді»деп айт. Сонда жындар: «Шынында бір ғажайып Құран тыңдадық» деді. «Құран бізді тура жолға салады. Енді соған иман келтірдік. Раббымызға ешбіреуді ортақ қоспаймыз». Олардың мұсылман еместері болған, әрі қазірге дейін бар: «Расында жақсыларымыз да одан төмендеріміз де бар; түрлі жолдарда едік.» Жындар әлемі адамдар үшін жасырын әлем. Жындар адамарға бағынышты емес. Жындар да бір қауым, адамдар секілді өсіп өнеді, ұрпақ таратады. Айта кететін жайт, әр бір адамның жыны болады. Бұл жайында пайғамбарымыз Мұхаммедтің с.а.с. мынадай мағынадағы хадисі бар: «Әр адам туылған соң, оған бір жын жабысады. Сонда сахабалар: «Сізгеде ме деп сұрады?». Сонда пайғамбар с.а.с. «Ия, бірақ Алла оны мұсылман етіп қойған»,-деп жауап берді». Осы себепті болар, адамдар ашуланғанда «жынымды шығарма», «жыным шықты» деген сөздерді қолданады. Енді дастан-қиссалардағы «жынды» қалай суреттегеніне тоқталайық. Шамсуддин дастанында: Тұман боп біраз қаптап тұрды дағы Бір ғифрит пері болды жұмарланып Перінің аузы үңгірдей бойы таудай Қабағы бұлт секілді тұрған жаумай Түрінен жан тітіреп шошынғандай Жан жағын қамап алды қорған аудай Аузынан от шашылар көзі жайнап Балықшы тұр сиынып, я Құдайлап Кеудесі мұнарадай аяғы бір зор терек Қиямет сипаты бар көрсе абайлап Балықшы қайран қалды есі кетіп Олжа деп тұрған байғұс үміт етіп Ал Қалқаман Әбдіқадыров аудармасында: Құмырадан….. бір будақтаған түтін шықты да, көкке көтеріле берді. Аяғы құмырадан үзіле, бара-бара түйдектеліп, мадайынан түтіні бұрқыраған, бойы көкке тіреу болғандай бір дию пайда бола қалды . М.Салье араб тілінен былауша аударған: «….потом из кувшина пошел дым, который поднялся до облаков небесных и пополз по лицу земли, и когда дым вышел целиком, то собрался, сжался,и затрепетал, и сделался ифритом с головой в облаках и ногами на земле. И голова еге была как купол, руки как вилы, ноги как мачты, рот словно пещера, зубы точно камни, ноздри как трубы, и глаза как два светильника, и был он мрачный, мерзкий». Араб тіліндегі нұсқасында: “خرج من ذلك القمقم دخان صعد إلى عنان السماء ومشى على وجه الارض، فتعجب غاية العجب و بعد ذلك تكامل الدخان، واجتمع ثم انتفض فصار عفريتل، رأسه في السحاب ورجلاه في التراب برأس كالقبة وأيد كالمداري ورجلين كالصواري، وفم كالمغارة، وأسنان كالحجارة، ومناخير كالإبريق، وعينين كالسراجين، اشعث، اغبر. Аудармасы: «Құмырадан түтін шығып, жер бетімен жүріп кейін аспанға көтерілді. Түтін толығымен шығып қоюланып жиналды дағы аяғы жерде, басы аспанмен тірескен ғифритке (жынға) айналды. Басы күмбездей, екі қолы айырдай, аяқтары бірзор теректей, аузы үңгірдей, тістері тастың өзі, танауы гүптей, көздері оттай, үсті шаңі, шашы ұйпа-тұйпа» Жындарды Адамдардан тек Дәуіт а.с. пайғамбардың ұлы Сүлеймен а.с. пайғамбар басқарған. Сүлеймен пайғамбар әр бір ұқан құстың, жорғалаған жәндіктің, барлық жан-жануардың тілін білген. Жындарды басқарған. Жындарды басқарып Иерусалимдегі «Ақса мешітін» салдырған. Жындар Сүлеймен а.с. пайғамбардан өте қатты қорқатын болған. Мәскеуден 1992 жылы «Алфавит» «СЕТА»-дан шыққан «Книга Тысячи и одной ночи» кітабының бірінші томында сүлеймен пайғамбар а.с. жайында мынадай түсініктеме берген: «Сулейман ибн Дауд (Соломон, сын Давидов) – один из любимых героев мусульманской побествовательной литературы. Его имя часто упоминается в «1001 ночи». На перстне сулеймана, по преданию, было вырезано так называемое величайшее из девяноста девяти имен Аллаха, знание которого будто бы давало ему власть над джиннами, птицами и ветрами». Сүлеймен а.с. пайғамбар ол діни образ ғана емес, Ислам шариғаты бойынша ол пайғамбар, Алланың елшісі, тура жолға бастаушы, Алланың дінін уағыздаушы. Сүлемен а.с. пайғамбар жайында Құранда бірнеше жерлерде айтылған: Әнбия сүресінің 78-81 аяттары, Нәміл сүресінің 14-45 аяттары, Сәбә сүресі 12-14 аяттар, Сад сүресі 36 аят. Сүлеймен а.с. Дәуіт а.с. пайғамбардың ұлы. Анасы салиқалы кісі болған. Сүлемен а.с. пайғамбар ақ құба, ірі денелі, нұрлы жүзді болған. Ақ киім киетін болған. Ал С. Қасқабасов өзінің «Казахская несказочная проза» кітабында мынадай мәліметтер келтіреді: «Родина сказаний о Сулеймане (Соломоне) – Индия. Оттуда они в талмудической переработке проникли к мусульманам-персам. По всей вероятности, легенды о Сулеймане перешли к казахом от персов, исповедующих Ислам, через посредство бухарцев». Дегенмен Ислам кітаптарында Сүлеймен а.с. пайғамбардың жері Үнді емес Иерусалим. Қазіргі Ақса мешіті орналасқан жер деп айтылады. Сүлеймен а.с. пайғамбар Ақса мешітін жындарға салдырған. Индиядан талмуд арқылы келді дегені яғни, еврейлердің көмегімен дегені. Үндіден енгендігі де шындыққа тура келе бермейді. Себебі Индияда негізгі дін ол Буддизм және Индуизм. Ал ол дінде пайғамбарла деген нәрсе жоқ. Ол қолдан жасалған, тек Будданы ғана ұлылайтын жасанды діндер қатарына жатады. Талмуд – еврейлердің тәрбие, әдеттері жиынтығы жайындағы яһудилердің ауызша дін адамдарының айтуымен жеткен кітаптары. Бұқаралықтардың араға түсуімен деген сөз де Бұқар еврейлеріне тиісті. Ислам тарихында Бұқар еврейлерінің Исламға жасаған қастандықтары жайында көптеген кітаптар бар. Бұқар еврейлерінің істерімен Исламға, Орта азия мұсылмандарына көптеген зиян жасанғандықтары рас. Бірақ Сүлеймен а.с. пайғамбар жайлы деретер, қиссалар, хадистер, тафсир түсініктері олардан бұрын елген болу керек. Бұл секілді мәтіндер Ислам халифаты дүрікіреп тұрған 9-10 ғасырларда, Орта Азияға келген. Ал еврейлер Орта Азияда Исламға қастандығын халифат әлсіреуден шамалы алдын бастаған. С.Қасқабасов Сүлеймен а.с. пайғамбар жайындағы мәтінге мына сілтемені берген: «Веселовский А.Н. Славянские сказания о Сломоне и Китоврасе и западные легенды О Морольфе и Мерлине // Собр. Соч: в8 т. Пг., 1921. Т.8.» Бұл сілтемедегі кітап ол Ислами емес. Славяндардың (Христиандардың) айтатын Соломан патша жайындағы айтатын ертегілері. Қиссада жынның Сүлеймен пайғамбардан қатты қорыққандығын келтірген. Қорыққандығы соншалық құмырадан шыға салып балықшыны Сүлеймен а.с. пайғамбар екен деп жалынып жатқандығы сипатталған. Олар қорыққаны соншалық Сүлеймен а.с. пайғамбардың өлгендігінде білмеген. Сүлеймен а.с. пайғамбар жындарға Ақса мешітін салдырып жатып таяғына сүйеніп тұрған жерінен қайтыс болады. Бұл жайында Құранда былай дейді: «Біз оның (Сүлеймен а.с. пайғамбардың) өліміне үкім берген заманда, жындарға оның өлімін; оның таяғын жеген бір жердің құрты ғана көрсетті. Егер жындар көместі білген болса еді, олар, ауыр машақатта қалмас еді» Сүлеймен а.с. Ақса мешітін жындарға салғызып жатқанда; өлсе де таяғына сүйеніп тұрғандықтан жындар, білмей істей беріп; таяғын құрт жеп жығылғанда бір-ақ біледі. Кеңес дәуірінде Алланы ауызға алу қиын болғандықтан болу керек, Қ.Әбдіқадыровтың аудармасында «Алла» деп жазылмаған, тек «Құдайдың барлығына да, сенің пайғамбарлығыңа да сендім, тақсыр Сүлеймен» деп жазылған. Араб тіліндегі нұсқада: “لا إله إلا الله، سليمان نبي الله” «Алладан басқа құлшылық етуге лайықты Құдай жоқ, Сүлеймен Алланың пайғамбары» деп жазылған. Шамсуддин дастанында да осылай жазылған: «Лә иләһә иллаллаһ, Сүлеймен набиуллаһ» деп Ғифрит есеңгіреп қалды жұтып Сол секілді М.Сальеде бұл сөйлемнің мағынасын өзгертпей тура аударуға тырысқан: «Нет бога, кроме Аллаха, Сулейман – пророк Аллаха». Осылайша жын балықшыға жалынып-жалбарынып жатып, оның Сүлеймен пайғамбар екендігін біліп қалады. Сүлеймен пайғамбардың балықшының айтуы бойынша осыдан 1800 жыл бұрын қайтыс болып кеткендігін естіп бір өз орнына түскендей болады. Аздан соң ғана құтыра түсіп, балықшыға шабуыл жасауға кіріседі. Дегенмен балықшы өзінің адам екендігін, жынға қарағанда ақылды екендігін ойлап, сол берілген ақылды пайдалана отырып жынды шыққан жеріне қайта алдап кіргізеді. Балықшы жыннан осылайша құтылады. Ертегіде негізгі тақырып дінге қатты жақын келеді. Жын ертегілердегі қорқынышты кейіпкер, дегенмен ол ақиқат, бар, тірі, өзімізбен бірге өмір сүріп жатқан Алланың бір мақлұқаты. Араб тіліндегі нұсқада Ислам дінінің негізгі сенімдері келтірілген. Орыс тіліне аударған М.Салье осы негізгі сенімдерге байланысты жерлерді толығымен сақтауға тырысқан. Ал Шамсуддин ертегіне дастанға айналдырып өзіне біршама, қызықты қылып, тыңдаушысына жағымды еткен. Фольклорда жын бір қорқыныш дию, пері, ал дінде ол да бір мақлұқ, ол да Құдайға сенеді, кейбірі кәпір аталады, шайтанға қызмет етеді. Біз мың бір түн ертегілерінің ішінен «Балықшы және жын» қиссасына қысқаша ғана тоқталып, ондағы жын, Сүлеймен пайғамбар образдарын Құрандағы және діни мәтіндермен салытырмалы талдаулар жүргіздік. Алдағы уақытта бұндай діни наным-сенімдерге байланысты жазылған жыр-дастандар, қиссалар, ертегілер жайында жаңа мәліметтер табылады деп үмітенеміз.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s