Негізгі бет > Әңгімелер > Тотының «Аралас неке жайлы ой қозғасақ…» деген тақырыбына қатысты.

Тотының «Аралас неке жайлы ой қозғасақ…» деген тақырыбына қатысты.


Тоты мақаласында «Мақаланы жазардан азы-ақ күн бұрын онлайн-блогтардың бірінен арабқа тұрмысқа шыққан қазақ қызының азап шегіп жүргенін оқығанымда, ішім удай ашыды. Алты түрлі тілді меңгерген, шетелде білім алған, әжесінің тәрбиесін көрген қыз екіқабат қалпында далада қалған. «Күйдім-сүйдім» деп алған күйеуі үйден қуып жіберген, тіпті құжаттарын да қайтып бермеген. Барар жер,басар тауы жоқ… ол не өмір сонда…? Бұндай жайттар қаза берсең көп»- деп жазған екен. Сол арабқа шыққан қыз туралы қай блогта жазылған екен?
Арабқа демекші 99 жылдары бізбен бірге оқитын 1 қазақ және 1 өзбек қыз арабқа тұрмысқа шыққан еді. Өзбек қыздан еш хабар жоқ. Кувейттік араб жігіт оны 4-шісі ретінде алып, еліне сол кезде-ақ алып кеткен болатын. Әкесіне 3000 АҚШ ақшасы берілді сосын қызын берді деп естіген едік. Ал қазақ қыз мықты болып шықты елімізде өмір сүрді. Бірақ кейінгі жылдары қайда өмір сүріп жатқанын білмедім. Әйтеуір екеуінің бақытты екендігін сырттай көретінбіз. Үйлерінде не болып жатқанын бір Құдай ғана біледі.
Университетте бір араб ұстаз қазақ келіншекке үйленді. Келіншектің 3 баласы болатын қателеспесем. Кейін «арамы араб» десембе қалай лақтырып кетті ана келіншекті. Үйленерде үй алып беремін, бала- шағаңның жағдайын жасаймын деген екен. Дегенмен елден кетерде үйді сатып, ақшасын қалтасына салып қашып кетті. 2008 жылы Бішкекке барғанымды әлгі араб ұстазды көрдім. Ұстаз демекші бізге 2 жыл араб тілі мен әдебиетінен сабақ берген болатын. Көрген кезде қазақы намысым ұстап ұрғым келді. Жанымдағы досым қой деп ұстап қалған еді. Шетелде жүрміз, тыныш деп.
Айта берсек нешетүрлі оқиғалар бар. Кейде осы қыздардың өзі кінәліме деп ойлаймын.
2009 жылы Египетке оқуға бардым. Бізбен бірге қазақтың қыздары да бар болатын оқуға келген. Қызадарымыздың оқығаны жақсы, ойнасын, күлсін, бірақ қазақпен жүрсін дейміз. Бір күні сабақтан қайтып келе жатырмыз. Екі қазақтың қызы бір бангладештік жігітпен тұр. Қыздардың біреуі әлгі жігітке жабысып тұр ғой. Бангалды бері шақырып алдық, ол кім болады саған деп сорғылап. Ол тек группаласым, ато танымаймын деді. Бәсе жабысып тұрғанын ай дейсің……
Кейін қыз келіп жұмыстарың болмасын деп жігітті алып кетті. Қызда қазақы намыс болмағанда, біздің намыстың ол жерге не керегі бар десеңші…
Египетте Каирде Кувейттің салып берген жатақханасы бар. Шетелдік студенттерге тегін. Бірақ қазақ пен шешенге емес. Оның себебі бар. 97 жылдары осында бір қазақ қызбен шешен жігіт жүрген екен. Бұны білген қазақ жігіттер шешенмен сөйлескен, ақыр соңы таяққа алған. Шешендерде қарап жүрсінбе. Қызу қанды ғой.. Қазақтардыда ұра бастаған. Сонда қазақ жігіттер жатақханаға кіріп көрген шешенді терезеден лақтыра берген деп естіген едім. Шын өтірігі көргендерге және бір Құдайға аян. Осы оқиғадан соң ол жерге біздің жігіттер кірген емес. Атақты қазақпыз. Бұлда сол қазақ қызының басқаға көңілінің ауып кетуінен болып тұр ғой.
Бұндай аралас некелер көптеп кездеседі. Бірде Стамбулда оқудамыз. Алматыдан ағам келетін болды. Аэропортқа барып қарсы алдым. Барған кезімде бір қазақ қызын көрдім. Баратын жерім жоқ деген соң үйге алып келдім. Жөн сұраса келіп, бір түрік жігіт «саған үйленем, бірақ Түркияға кел» депді. Ол қызда елпілдеп, желпілдеп жетіп келген. Телефон номері бар екен. Мен сөйлесіп едім, жігіт ондай адам танымаймын деп бас тартты. Қыз қатты жақсы көріп қалған секілді. Бетінен қайтар емес. Жігітпен өзіде сөйлесті. Бірнеше күн үйде қонақ қылып шығарып салдық. Келіншегімде таң қалған болатын. Ия солай…
Құрметті қарындастар қазақтың қара домалағынан артық кім бар айтыңдаршы.
Қай араб немесе түрік қазақша ет асып, бауырсақ пісіреді? Кім біздің ұлттық құндылығымды, әдет ғұрпымызды құрмет тұтады? Демек қыздарымыздыда құрметтеуі неғайбыл….

  1. Желтоқсан 22, 2010, 7:15 pm

    менде тотының блогына былаи пікір жаздым !!!
    Қазақтың санын қосамыз деп миллион трилондап ақша шашып шетегі қазақты жыиып жатырмыз бар мақсат бар үміт қазақтың санын қосу!

    Өмір сүріп жатқан ортаң қаншама жылғы қыйлы тағдар бәрі бәрін ойламай ..ӨЗ қазағың емес шетелдік біреудің етегін устаған әр қазақ қызын сатқын ретінде қарауымыз керек!!!

    Ренжісеңдер айтайын олар өлсе өрем қапсын устіне вензин қуйып өртеп жіберседе меилі сатқында отан жоқ!бас қатырып қамықпаңдар оған!!!

    • Желтоқсан 22, 2010, 7:54 pm

      Көкбөрі қатты айтыпсыз. Бірақ өз қыздарымызды алдып жүрген қазақтарда аз емес. Солай десекте өз басым шетелге қыз беруге 100 пайыз қарсымын… жүрсін сол не өзі не бала-шағасы мәңгүрт болып…

  2. Желтоқсан 23, 2010, 3:03 pm

    Блогыма пікір білдіріп, қатысқаныңа көп рахмет. Анау ссылканы өкінішке орай таба алмадым. Ақзере берген еді.

  3. Раука
    Қаңтар 27, 2011, 2:58 pm

    5000 АКШ долларын берып куда тусетын казактын жыгытттеры де бар если че…

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s