Негізгі бет > Иса Масих Құдай ма?, Кітапшалар > Иса Масих а.с. Құдай ма? – Христиандардың доктринасы – Иса Масих Құдай ма?

Иса Масих а.с. Құдай ма? – Христиандардың доктринасы – Иса Масих Құдай ма?


Сөзімізді бастай келе нақты айтар сөзіміз Иса Масих адам болған және табиғи мұқтаж болған, мысалы: ішу, жеу, ұйқы сияқты т.б. Бұл туралы библиядан мысалдар келтіруге болады:

«Исус продалжал постигать все новые премудрости. Он становился выше ростом». (Лука 2:52) «Исус постился сорок дней и ночей и был очень голоден». (Матфей 3:2-3)

Мына жоғарыдағы стихте Иса Масихтың тағам ішуге мұқтаж болғандығын байқаймыз.

«И вот на озере поднялась сильная буря, волны стали захлестывать лодку. Но он спал» Бұл стихте Иса Масихтің ұйқыға мұқтаж болғандығын көрсетеді. Ал енді осы стихтерге зер салсақ, адам баласы қалай әр нәрсеге мұқтаж болса Иса Масихтіңде солай мұқтаж болғандығын көреміз. Аллаһ тағала еш нәрсеге мұқтаж емес қой. Керісінше біз Аллаһқа мұқтажбыз. Иса а.с. Масих өзін Құдай санамаған. Керісінше Құдай емеспін деген. Бұл туралы библияда мынадай стихтер бар: «И снова иудеи стали подбирать камни, чтобы побить Его.

Исус же сказал им: «Я совершил для вас много добрых деяний волей Отца Моего. За какие же из них вы собираетесь побить Меня камнями?» «Иудеи ответили Ему: «Не за добрые дела мы собираемся побить Тебя, а за то, что Ты, простой смертный, богохульствуеш, пытаясь выдать Себя за Бога». «Исус сказал: «Разве не записано в вашем законе: «Я скзал что вы Боги?» Если о тех, кого достигло слово Божье, сказано, что они Боги». (От Иоанны 10:31-34)

Қазақша баламасы: «Сонда діндар иудейлер Оны тас лақтырып өлтіру үшін тағы да жерден тас алды. Иса оларға: – Көз алдарыңда Әкем тапсырған көп игі істер істедім. Солардың қайсысына бола мені тас лақтырып өлтіресіңдер?,- деді. Діндар иудейлер Оған: – Сені игі ісің үшін емес, Құдайды қорлағаның үшін тас лақтырып өлтіреміз. Сен адам бола тұра, өзіңнен Құдайды жасағың келеді,- деді. Иса оларға былай деп жауап берді: – Өздерің құрметтейтін Таурат заңында: «Мен айттым: сендер құдайсыңдар» деп жазылған. Сонымен Құдай өзінің сөзі жеткендерді «құдайсыңдар» деген.

Басқа стихтерде: «Никто не знает того дня и часа: ни ангелы на небесах, ни Сын, а лишь один Отец» (Марк 13:32)

«А около трех часов Исус воскликнул громким голосом: «Эли, эли, ла ма савахфани?» что означает: «Боже Мой, Боже Мой, для чего Ты покинул меня?» (Матфей 27:46)

«И еще раз закричал Исус громким голосом и испустил дух» (Матфей 27:50)

«И громким голосом воскликнул Исус: Отец, В Твои руки передаю дух Мой!» (Лука 23:46)

«Пойди лучше к братьям Моим и вашему, и к Богу Моему и к вашему» (Иоанна 20:17), яғни, «одан да бауырластарыма барып, оларға менің Әкеме – сендердің де әкелеріңе өз Құдайыма – сендердің де Құдайларыңа көтерілетінімді айт,-деді». Жоғарыда келтірілген стихтерде Иса а.с. пайғамбардың Құдай емес екендігі толық баян етілген. Керісінше Аллаһ тағала тарапына баратын және Ол (яғни Аллаһ) сендердің де Құдайларың деп айтып тұр. Және бір мынадай салыстырмалы мысал келтіреміз: Егер жас қозы қасқырлардың арасына түссе не болады? Міндетті түрде қасқырлар қозыны талан-таражға салып жеп қояды. Сол сияқты христиан діні де жас баладай дүниеге келген кезде оны басқа сол кездегі діни ағымдар жеп қойған және өздері жаңа дінге өзгерістер енгізген.

Енді сол кездегі христиан діні мен діни ағымдарды салыстырайық: Иса а.с. Масихті христиан әлемі Құдай деп таниды. Сол сияқты Митра да парсы құдайы, Осирис Египет құдайы, Вакх грек құдайы, Кришна Индия құдайы, Будда буддизмнің негізін салушы оны да құдай деп есептейді. Заратустра Зарасторизмнің негізін салушы. Бұлардың барлығы да құдай деген атауға ие. Бұлардың туылған күндерінде де ұқсастықтар бар. Барлығы да құдай сипатына ие, құтқарушы әрі Құдайдың ұлы деп те айтылады. Демек христиан діні пайда болған кезде адасқан, тура жолдан тайған «үштік, құдай сипаты, құтқарушы, құдайдың ұлы» деген сенімдер болған. Олар бертін келе осы теріс ұғымдарды христиан дініне енгізген. Қорыта келгенде Иса Масих Құдай емес. Бұл сөзімізге дәлелді жоғарыдағы библия стихтерінен келтірдік. Ал қасиетті Құран бұл соқыр сенімдерге былайша жауап береді:

«Расында Марям ұлы Иса Масихты: «Аллаһ» дегендер кәпір болды. Негізінде Иса Масих: «Әй Израил ұрпақтары! Аллаһқа құлшылық қылыңдар. Менің Раббым әрі сендердің Раббыларың! Өйткені, кім Аллаһқа ортақ қосса, расында Аллаһ оған жәннатты харам етеді. Оның орны тозақ оты. Сондай-ақ залымдар үшін жәрдемші жоқ»,-деген». (Маида сүресі 72 аят)

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s