Негізгі бет > Иса Масих Құдай ма?, Кітапшалар > Иса Масих а.с. Құдай ма? – Құдайдың ұлы бар ма?

Иса Масих а.с. Құдай ма? – Құдайдың ұлы бар ма?


Христиандардың және бір көбірақ айтатын сөздерінің бірі, ол Иса Масихті а.с. Аллаһтың ұлы деуі. Дегенмен библиядағы «ұлы» немесе «баласы» деген сөздер тек Иса Масихке ғана емес бүкіл халыққа арналып отырған. Оған мысалдар келтіруге болады.

Қадірмен оқырман біздің келтірген мысалдарымызды библиядан көруіңізге болады.

«Израиль есть сын Мой» (Исход 4:22)

«Сыновья Мои» (Исайя 45:11)

«Ибо они будут названы детьми Божьими» (Матфей 5:9)

«….и тогда будете детьми Отца Небесного» (Матфей 5:45)

«Мы – дети Божьи» (К Римлянам 8:16)

«И я стану Отцом вашим, а вы станете сыновьями и дочерями Моими – говорит Господь всемогущий» (2-е к Коринфянам)

Бұл стихтерде тек Иса Масихті емес керісінше көпшілікке ұлдарым деп айтылған.

Иса Масих Құдайдың ұлы емес. Ол Аллаһ тағаланың әкесіз туылған бір құлы. Ол да бір жаратылыс.

Негізінде адамзат тарихында төрт жаратылыс бар:

  1. Ата анасыз Адам а.с. пайғамбардың жаратылуы.
  2. Ер кісінің қатынасымен Хауа ананың жаратылуы.
  3. Ердің және әйел кісінің қатынасуымен адам баласының дүниеге келуі. Яғни, Адам ата мен Хауа анадан тараған ұрпақ. (Бұған бүкіл адамзат баласын жатқызуға болады).
  4. Әйел адамның қатынасуымен жаратылуы. Яғни, Иса Масихтің әкесіз туылуы.

Аллаһ тағала Адам а.с. пайғамбарды ата-анасыз жаратқанда Иса а.с. пайғамбарды әкесіз жарату қиын болып па? Әрине жоқ.

Және бір мәселе Иса пайғамбар өз уағыз-насихатын ескі еврей тіліне жақын арамей тілінде жүргізген.  Ал Құдайдың ұлы деген сөз арамей тілінде «эбад – Йехова» болып айтылады. (араб тілінде «абду – Аллаһ» عبد الله). Новый завет арамей тілінен грек тілінен аударылған кезде «эбад» сөзі «pias» болып аударылды. Дегенмен бұл «pias» сөзі екі мағына береді. 1-шісі: «бала», «ұл»; 2-шісі: «құл». Демек бір сөздің екі мағынасы бар. (Қазақ тіліндегі алма сөзі орыс тілінде «не бери» және «яблоко» деген екі мағына береді емес пе?). Сол уақытта аударма жасаған кезде «эбад» сөзінің «құл» деген мағынасын қалдырып, «ұл» деген мағынасын жоғары шығарған. Сөйтіп Иса пайғамбар Құдайдың құлы емес ұлы атанып шыға келген.[1]

Жоғарыда айтып кеткеніміздей христиан діні пайда болған кезде оған сол кездегі жасанды діндер көптеген ұқсас өзгерістер енгізген. Сондай өзгерістердің бірі Құдайдың ұлының болғандығы:

«Иса а.с. пайғамбарды Құдайды ұлы дейді. Митра да Құдайдың ұлы, Осиристе Құдайдың ұлы, Вакх Зевс деп аталатын грек құдайының ұлы. Кришна Вишну деген үнді құдайының ұлы. Будда Махасмат құдайының ұлы. Барлығы да құдайдың ұлдары ретінде айтылады. Бұл ұқсастық тегін емес. Бұл ұқсастық, діндерің доктриналарының бір-бірінен көшірілгендігін білдіреді».

Сонымен қорыта келгенде Иса а.с. пайғамбар Құдайдың ұлы емес, керісінше құлы әрі елшісі.

Иса а.с. пайғамбар Қасиетті Құранда Мариям анамыздың ұлы, Аллаһтың елшісі деп келтірілген.

Аллаһ тағала Құранда былай дейді: «Мариям ұлы Иса а.с. Масих бір пайғамбар ғана. Одан бұрын да пайғамбарлар өткен. Оның анасы шыншыл. Екеуі де тағам жейтұғын. (Ей Мухаммад с.а.с.) Қара! Оларға аяттарымызды қалай ашық баян етеміз. Содан соң қалай бұрылып бара жатқандарын көр!» (Маида сүресі 75 аят)

Аллаһ тағала және былай дейді: «Ол, тумады да туылмады. Әрі оған ешкім тең емес». (Ыхлас сүресі 3-4 аяттар).


[1] Jesus in Heaven on Earth, p.106 (The author, Kh. Kamaluddin, is a non – Muslim)

 

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s