Негізгі бет > www.dinislam.kz > Көшіргіштерге өшіргіш керек (қателессем айтыңдаршы, достар)

Көшіргіштерге өшіргіш керек (қателессем айтыңдаршы, достар)


Қазнетте қазақ тілді сайттар көбейсе өз басым қуанамын. Қазақ тілді интернет оқырманының көбейгені жақсы. Қазақ тілді сайттарға сұраныстар, қазақ тілді оқырман болса ғана арта түспек. Менің бұл ретте айтайын дегенім, сол сайттардың ішінде көшіргіштер пайда болып жатыр. Бір адам бірнеше күн мақала жазады, ізденеді. Оны бір сайт алады да көшіріп қояды. Кейде авторында жазбайды. Авторын жазсада мақаланың алынған жері немесе сілтемесі жазылмайды.
http://www.islamdini.ru сайты туралы айтайын деп едім. Аталмыш сайттан өзімнің жазған бірнеше мақалаларымды көрдім. Пікір ретінде сілтемесін жазсаңыз дұрыс болар деп жазып кеттім. Сайт админіне хат жаздым. Өкінішке орай ешқандай жауап келмеді.
Сайттың басқа беттеріне көп кірмейтін едім. Бір күні «Мақсатымыз» деген бетіне кірсем «ужас» таң қалдым. Түсінікті болу үшін Дінислам сайты жайлы айта кетейін. ДінИслам сайтын 2008 жылы іске қостық. Ол жылдары сайт ашудан тәжірибеміз жоқ болатын. Әйтеуір алға қойған мақсатымызды жақсылап біліп алайық деп, бірнеше күн мақсатымды, жоспарымды түздім. Ол төмендегідей болатын:
Біздің алға қойған мақсатымыз:
1. Ұлы Құранға және Пайғамбарымыздың с.а.с. сүннетіне сүйену және Құран мен сүннеттің түсінігіне негізделу, ғалымдар мен мазхаб имамдарының ұстанған жолымен жүру. Атап айтқанда, Орта Азия мен Қазақстан халқының ұстанған мазхабы, Абу Ханифа Нуъман бин Сәбиттің мазхабын үйрету, сонымен жүру.

2. Мұсылмандардың өміріне шіріктен болған амалдарды тазалау, қайтарылған бидъаттан, ішкі жаман пікірлерден аулақ болуын ескерту, жалған риуаяттарды, ойдан шығарылған хадистерді ажырта білу. Аллаһ тағаланың мына аятын іске асыра отырып амал қылу: «Тақуалық пен жақсылық қылуда бір-біріңе жәрдем беріңдер, күнә және дұшпандықпен жәрдем бермеңдер»

3. Мұсылмандарды өздерінің хақиқи дініне тәрбиелеу. Осы діннің үкімдерін амал қылуға, оларды шақыру. Оның әдептерімен, артықшылықтарымен көркемделу. Олар үшін бақытты, Аллаһтың разылығын өз мойнына жауапкершілікке алған, оларға бір жеңісті ақиқатқа шығарған, қасіретке жолығудан бөліп алған бір топты Құранның сипаттағандығын ақиқатқа шығара отырып, Құранның мына аятына амал қыламыз: «Бір-біріңе ақиқатпен өсиет етіңдер, бір-біріңе сабырлылықты өсиет етіңдер».

4. Құран мен сүннеттің нұрымен, тура болған Ислами ілім жолын тірілту. Алдыңғы өткен үмметтің жолымен жүру. Көптеген мұсылмандардың ақылдарына басшылық қылушы хизб яғни адасып жүрген топтардың шырмауынан сақтандыру. Аллаһ тағаланың аятын амалға асыра отырып, таза, кіршіксіз мұсылмандық бауырмашылықтан алыстап кетуден сақтандыру. «Аллаһтың арқанын барлығың ұстаныңдар, фирқа болып бөлініп кетпеңдер» Пайғамбарымыз с.а.с. хадисінде былай дейді: «Бір-біріңе бауыр әрі Аллаһтың құлдары болыңдар».

5. Адамдарды өздерінің басшыларына, әкімдеріне егер ол әкімдер зұлымдық қылған болса да, қарсы шығудан, қарсы сөздер айтудан сақтандыру. Олардың кемшіліктерін, айыптарын минбарларда және басқа жерлерде, адамдардың араларында айтудан сақтандыру, себебі бұл нәрсе алдыңғы үмметтердің, сахабалардың, сәләф-солихтердің жолдарына қарама-қайшы келеді. Пайғамбарымыз с.а.с. хадисінде былай дейді: «Кімде кім бір сұлтанды яғни басшыға насихат қылуды қаласа, оның ашық қылып, яғни адамдардың арасында оның айыбын ашпасын. Оның жанына барып насихат қылсын. Егер ол насихатты тыңдаса өзі үшін, егер тыңдамаса ол өз мойнындағы қарызынан құтылды» хадис сахих.

6. Пайғамбардың с.а.с. жолымен жүретін ислами жолды бастау. Аллаһ тағаланы «жалғыз» дейтін қоғамды құру. Аллаһтың үкімін жер жүзінде іске асыру. Міне осы біздің мақсатымыз және дағуатымыз. Мұсылмандырдың барлығын бізге жәрдем беруге, оларды аяққа тұрғызатын аманатты көтеруге шақырамыз. Аллаһтың жәрдеміне арқа сүйеніп әрі салих пенделеріне жерді мекем қылғандығына сене отырып, ақиқиқи бауырмашылықпен Батыс пен Шығыста Ислам туын көтеруге шақырамыз.
«Ұлылық Алла үшін және Оның пайғамбары үшін, және момындар үшін» «Ол сондай, мүшріктер жек көрсе де, елшісін һидаятпен, хақиқи дінді басқа барлық діндердің үстінде көрсету үшін жіберді»
Ізгі тілекпен: Дінислам сайтының әкімшілігі. (http://dinislam.kz/index/0-2)

Осы алға қойған мақсатымды басқа бір сайт тура осы күйінді көшіріп жазуы үш ұйықтасам түсіме кіреді деп ойламаған едім. Міне тамаша, мына сілтеме http://www.islamdini.ru/index/0-2 бойынша менің бірнеше күндік жазған жазуым жазылып тұр. Ең өкініштісі асатыңғы жағына «Ізгі тілекпен: “Ислам-Діні” – діни сайтының әкімшілігі» деп жазып қойыпты.
Өздерін діни сайт деп атаған соң артық сөзге немесе іске кетуге ұят екен. Осы жазудан соң мақсаттарын басқаша жазып шығар деген үміттемін. (сурет www.clipartguide.com сайтынан алынды.)

Дәлел ретінде сайттың бетін сурет ретінде берейін.

  1. Желтоқсан 24, 2010, 10:42 pm

    ой елдің игілігі ұшін жаздың ғой ұрдай берсін ең бастысы саны көбеисінші сапа содан кеиін!!
    Білер тугі жоқ сайт ашып ап басы қатып ұрдап жұр ғой ..қайтсін енді

    • Желтоқсан 24, 2010, 10:52 pm

      көшірсін, бәрін көшірсін.. бірақ сілтемесін жазу керек қой адам деген.. сілтеме, гиперсілтеме деген нәрсені сайт ашқан адам міндетті түрде білу керек деп есептеймін.

    • Қазақ
      Желтоқсан 25, 2010, 3:08 pm

      Олай миллиондап сайт ашуға болады, бірақ халық ештеңе ала алмайды ондай сайттардан. Сондағы көбейгендегі пайдасы осы ма?
      Әркімнің адал еңбегі болады. Сіз жұмыс істеп, жалақыңызды маған бермейсіз. Міне, Интернеттегі еңбек те дәл солай.

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s