Негізгі бет > Сұрақ сізге > Шетелдегі қазақ қандастарымыз жаңа жылды қалай өткізеді екен?

Шетелдегі қазақ қандастарымыз жаңа жылды қалай өткізеді екен?


Осында wordpress-тегі блогшылар арасында көптеген шетелдік (Моңғолия, Қытай, Түркия) қазақтар бар сияқты көрінеді. Кейде ойланам осы шетелдегі қазақ қандастарымыз жаңа жылды қалай өткізеді екен деп? Біздің жаңа жылды өткізуіміз белгілі ғой баршаға. Түркияда оқып жүргенімізде Таксым деген жер болатын Стамбулда. Сол Таксымда жылда жаңа жылға 1 аптадай уақыт қалғанда шырша орнатылады. Көп емес кішкене ғана алаң толмастай адамдар жиналып кола ішкендеріне мәз болып қайтқандарын көретінмін. Тойлағысы келетіндер жоқ емес баршылық, бірақ оған жергілікті мұсылман жол бермейтін секілді. Түріктердіңде шоқынғандары немесе сонау ерте заманнан келе жатқан христиандар көп. Византия құлағанмен ондағы халықты қырып жіберген жоқ қой. Византия халқы мұсылмандар мен аралас-құралас өмір сүрді. Тарихи кітаптар көпшілігінің мұсылман болғандығын жазады.

Оқу жылдарында Түркиядағы қазақ ағайындардың үйіне жаңа жыл күндері жиналатынбыз, бірақ тойлаған күндеріміз болмапты. Бірақ бізден барған студент жастар ой тамаша тойлап жататын. Мен семялы болған соң оларға көп бара бермейтін едім.

Елде жүргенде жаңа жылды еш жібермейтін мейрамның бірі ретінде өткізетін едік. Қазір намазға жығылған соң ол мейрамға деген іштегі сұраныс жойылған секілді. 31 желтоқсанда үйдегілерге ендігі жылы кездесерміз деп кететін едік🙂.

Моңғолия мен Қытайда болып көрген емеспін. Көкбөріге қойсамба екен бұл сұрақты.. Шетелдегі қандас бауырларымыз жаңа жылды қалай өткізеді екен? Осында жазсаңыздар. Пікір алмасайық.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s