Негізгі бет > Мақалалар, Әдебиет, Қазақ араб ауыз әдебиеті > Шығыс (араб) әдебиетінің Майлықожа шығармашылығына тигізген әсері (Ұ.Алиакбарұлы)

Шығыс (араб) әдебиетінің Майлықожа шығармашылығына тигізген әсері (Ұ.Алиакбарұлы)


Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835ж.) қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылқұм жерінде дүниеге келген. Әкесі Сұлтанқожа мұсылманша сауатты, шағын дәулетті, көзі ашық, діндар адам болған.

Майлықожа әуелі үйде әкесінің үйретуімен сауатын ашып, кейін өз бетімен көп ізденіп, заманына сай білімді адам дәрежесіне жеткен.

Ақын Майлықожа ата-анасынан 14 жасында айырылады. Әке-шеше өлімінен соң жетім қалған Майлықожа жоқшылық-мұқтаждықты көп көреді. Бірақ талантты жас жігіт, өлең шығару өнерін ерте машық ете бастайды. Майлықожа ертедегі қазақ ақындарының дәстүрін мықтап ұстанған ақын. Ол шығыс әдебиетінің үлгілерімен жақын таныс болғандықтан, өз шығармаларының өрісін сол үлгіде өрбіткен. Дәлірек айтқанда шығыс ақындарының шығармаларына, араб әдебиетіне еліктеп, солардан мол әсер алған.[1]

Алдымен Майлықожаның өлеңдеріне тоқтар болсақ, ол кісі көбіне араб сөздерін немесе арабтан енген сөздерді қолданған. Жәй ғана мысал келтірер болсақ, ақын Майлықожа қазақ тілінде “немесе” және “сараң” сөздері бар болсада арабтың әм (қазақша мағынасы «немесе») және бақил (қазақша мағынасы «сараң») сөздерін қолданған. Бұл нәрсе ол кісінің аз да болса араб тіліне жақындығын білдіреді. Сондай-ақ біз әйгілі философ “Платонды” Платон дсп атаймыз. Арабтар “Афлатон” деп атайды. Ал Майлықожа болса аталған грек философының есімін өз шығармаларында Платон деп емес, “Аплатон” деп қолданған.

Бұлардан да басқа Майлықожа шығармаларындағы қолданылған араб сөздерін айтар болсақ: «Меһнат» қазақша мағынасы – «жұмыс, іс, бейнет». Қазақ сөзін қолданбай араб сөзін қолданған.

Мына өлеңінде казақ араб сөздерін бірдей қолданған.

Біреулер-соқыр, базы-таз,

Біреулер-сараң, базы-мәрт,

Біреулер-алым, базы-ауам.

Жоғарыда айтқанымыздай, арабтың «бақыл» сөзін қолданған,    дегенмен сараң сөзінде қалдырмаған. Бұны аталған өлең жолдарынан көреміз. Осы өлеңіндегі «базы» сөзі дс араб сөзі, «кейбірі» дегсн мағына білдіреді. Ол кісі осы жсрде де араб сөздерін қолданған. Аталған жерге “Біреулер алым, кейбірі ауам” деуге де болар еді ғой.

Жиналған барлық жамағат,

Ықыласыңмен   бата   бер, – деген өлең жолдарында, арабтың “жамағат” сөзін қолданған. Бұл жерге де көпшілік немесе халайық сөзін қолдануға болар еді ғой.

Майлықожа өлеңдерінде арабтардың ай аттарында қолданған. Мысалы: “Рабиъуль аууал”. Ақын мына арабша ай атын “Рәббіл әууәл” деген екен.

Майлықожа шығармаларын нәзирәгөйлік үрдіспен жазған кітаби ақындар катарына жатады. Ұлттық әдебиеттер арасында көркемдік дәстүрлер жалғастығын, ықпалдастығын «әдеби байланыс» дейміз. Негізінен әдеби байланыс нышандары жазушының қалыптасқан әдеби дәстүрлерге табан тіреуінің нәтижесінен, сондай-ақ тамырлас әдебиеттердің арасындағы типологиялық ұқсастықтан туындайды. Осындай әдеби байланысты Майлықожаның «Тотынамасынан»  байқауға болады.

Тотынамада екі тоты жайында әңгіме болады.  Бұл екеуі дарияның жағасында жүреді. Екеуі ұя салып балапан өрбітпек болады. Ұрғашысы ұяны жоғарырақ салайық десе еркегі келіспейді. Ұрғашысы су тасыса  ұямызды  алып кетеді деседе көнбейді.

“Бұл жерден әйелі айтты: кетелік біз,

Күшің барма бұл жаумен болмаққа кез.

Бір күні дария тасып алып кетер.

Бәрі де айтқаныңның беймәне сөз”[2]

Сонда еркегі:

Еркегі айтты: “біз еркек  кісіміз-ді,

Түсірсе бұл суменен ісімізді.

Бұл су бізге жамандық қыла алмайды,

Алармыз бізде мұнан өшімізді.[3]

Дегенмен бір күні су тасып ұяларын үш балапандарымен бірге алып кетеді. Екі тоты зарлап жүріп самұрық құсқа айтып, балаларын  біреуін өлідей екеуін тірідей  құтқарып  алады.

Ақынның бұл дастанындағы мақсаты қатын болсын, бала болсын ақылын тыңдаған артық болмайтындығын  айтып былай дейді:

Бала деп баласынба акылы болса,

Сөзінде қариядай нақылы болса.

Және:

Сол  секілді  әйелдің қадірін білмей,

Кемсіткеннің әйел деп  өзі қатын,-дей  келе:

Жақсы қатын  жігіттің жан жолдасы,

Десе де бәлкі “жаным” болмайды асы.

Үр[4] болып  ақыретте қосылады,

Аумаса бір-бірінсн  ықыласы,-деп  бітіреді.

Демек Майлықожада шығыс ақындары жырлаған жырларды, қайта жырлап, өндеп қазақ оқырманына бейімді етіп беріп отырған. Мәселен “Иман таппақ шын дәулет” өлеңінде сонау Адам ата-Хауа анадан бастап, дүниедсн өткен пайғамбарларды, соңғы Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбарды оның сахабалары Әбу Бәкір, Омарлар жайында, әрі Османның[5] Құранды жам қылғандығын[6] жырлайды.

Ақын Майлықожа араб тарихын да кем білмеген. Негізінен арабтар Ибраһим (а.с.) пайғамбардан тараған. Ардақты Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбарымыз да осы кісінін ұрпақтарынан. Бұл менің қысқаша ғана атап өткенім. Ақын Майлықожа бұл жайларды өзінің “Он сегіз мың әлем” өлеңінде былайша атап өткен:

Ибраһим Халил әсілінен

Құрайыш араб нәсілінен

Мекке-и-шәріп жайында

Рәббіл әуәл айында

Дүйсенбінің түнінде

Әбілдә деген момыннан

Әминә деген зайыптан

Шараптатты жаһанға

Мұхаммет атты ұл келді.[7]

Ия пайғамбар жайында жырламаған ақын (мейлі араб, мейлі қазақ немесе басқа ұлт) жоқ шығар. Майлықожа да бұл өлеңін араб әдебиетіне еліктей, тарихына арқа сүйей отырып жазған

«Мұхаммет» – ол ардақты, ең соңғы Мұхаммед (с.а.с), пайғамбарымыз. Әбділдә (Абдулла), Әминә пайғамбарымыздың ата-анасы. Кұрайыш руынан шыққан. Пайғамбарымыз Мұхаммад с.а.с. піл жылы рабиъул аууал айының 12 жұлдызының түнінде, дүйсенбіде туылған. Әкесі Абдулла ол туылмай тұрып қайтыс болып кеткен. Мұхаммедтің с.а.с. әкесі Абдулла, атасы Абдулмутталиб, оның әкесі Хашим, оның әкесі Абдуманаф, оның әкесі Қусай, оның әкесі Киләб осылайша шарапатты тегі Ғаднан одан Исмаил а.с. пайғамбарға барып тіреледі.[8]

Қазақ тілінде пайғамбар сөзі бар бола тұрса да ақын Майлықожа арабтың “нәби” (қазақша мағынасы пайғамбар) сөзін қолданған. Сондай-ақ “Иман таппақ шын дәулет”, “Алланың аманаты өзі алса” өлендерінде “Мусибат” сөзін қолданған. Мусибат – қиыншылық дегенді білдіреді. Мусибат орнына қиыншылык сөзін колдануға болар еді ғой. Дегенмен олай істемеген. Ал “Білсең таңның атарын” өлеңінде “Мубарак” (қазақша мағынасы қайырлы. құтты) сөзін қолданған. Кейбір өлеңдерінде араб, казақ сөздерін қатар қолданған.

Мысалы:

Қасам ішіп, ант ұрып,

Тіліне алар тобаны.[9]

Бұл жердегі “қасам” сөзі қазақша ант мағынасын білдіреді. “Бес ғасыр жырлайды” атты кітапта Майлықожаның өлендері келтірілген. Ақын сол өлеңдерінін бірінде арабтың “үзір” сөзін қолданған. Үзір қазақша себеп немесе сылтау деген мағына береді. Ақын себеп немесе сылтау сөзін қолдануына болар еді ғой. Дегенмен олай істемеген.

Арабтың үзір сөзін “Бес ғасыр жырлайды” кітабында ракат деп түсіндірме беріген екен. Бірақ бұл қате түсіндірме.

Майлықожа араб тілін білсе керек әрі құрметтеген секілді. Себебі “Он сегіз мың ғалам” олеңінде “Алладан араб тіл болды”,-деп айтып кеткен. Ақын осы өлеңінде Құран аяттарының сөздерін пайдаланған. Мысалы:

Екі  әріп  “кәп” пен “нұн”  болды,

“Кәп”  пен “нұн” қосылса

Оқымаққа күн болды,-дейді.

Біріншіден «Кәп» Құранда «Кәһф» деген сүре бар. Кәп осы жайында болуы мүмкін. “Нүн” деген сөзде Құрандікі. Құрандағы “Қалам” (68 сүре) «Нуун» болып басталады.

Екіншіден «кәп» “ك” және «нүн»”ن”  араб әріптері. Егер екеуі қосылса «к+н»  “ك+ن” үстінде үтірі болса яғни «даммасы» «кун»كُن деген сөз шығады. Ал бұл қазақ тілінде «бол» деген мағына береді.

Демек ақын арабтардың негізгі жазба әдебиеті, мұсылмандардың қасиетті кітабы Құраннан хабары болған.

Майлықожаның араб сөздерін неліктен қолданды деген пікір туады емес пе? Әрине ия. Мен ойлаймын оның бірнеше себептері бар. Олар:

1.  Арабтардың кейбір сездерін сол айтылу күйінде қолданып кеткенбіз,

2. Араб сөздерінің аудармалары бола тұрса да қолданған, ол ұйқастың жақсы болуы әрі араб әдебиетіне жақындығы,

Сонымен қатар сол кезде Майлықожа ғана емес, сол кісінің замандастары да арабша оқығандықтан осы стильде өлеңдер, дастандар, жырлар жазған. Осы стиль дегенім, олар діндар қаламгерлер болған.


[1] «Қаратау шайырлары» Ә.Оспанұлы. А., Қазақ университеті. 1991. 37 бет.

[2] Майлықожа. «Тымсал», Тотынама, 9-бет. Құрастырған Ә.Оспанұлы. Шымкент, 1993 ж.

[3] Сонда

[4] Үр – жаннаттағы әдемі сұлулар, хор қыздары.

[5] Әбу Бәкір, Омар, Осман Мұхаммед с.а.с. пайғамбардың сахабалары (жол серік, көмекші, достары, діндес бауырлары) әрі өзінен кейінгі халифалары.

[6] «Жам қылу»  – араб сөзі, қазақ тілінде жинақтау деген мағына береді. Яғни, Құранның кітап болып жинақталуы.

[7] Майлықожа. «Он сегіз мың әлем» 93-бет. «Нақылият» Шымкент. 1993 ж.

[8]السيرة النبوية و الدعوة. اللجنة العلمية بمعهد الأئمة و الخطباء. المملكة العربية السعودية.  1416هـ

Ас-Сиратун набауия уад дағуа (Пайғамбар тарихы және дағуат). Құрастырған: Хұтпашылар және имамдар институтының ғылыми кеңесі. Сауд Арабия. 1416 һижри жылы.

[9] Бес ғасыр жырлайды. А., «Жазушы» 1984. 177-бет.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s