Негізгі бет > Мақалалар, Әдебиет, Қазақ араб ауыз әдебиеті > Қазақ араб ауыз әдебиетінің ежелгі дәуірден бергі байланысы, қарым-қатынасы (Ұ.Алиакбарұлы)

Қазақ араб ауыз әдебиетінің ежелгі дәуірден бергі байланысы, қарым-қатынасы (Ұ.Алиакбарұлы)


Ғылымда тексерілуге, зерттелуге жататын материал – фольклор деп аталады. Фольклор ағылшын сөзі. Оның дәл мағынасы – халық даналығы, халық білімі деген сөз, ауызша шығарылған асыл, аталы, көркем сөздер. Сонда фольклор деген сөз ауыз әдебиеті деген мағына береді. Бірақ, фольклор халықаралық сөз, ғылымдық атау[1].

Көркем сөз туындылары ауызша шығарылуы және жазып шығарылуы мүмкін. Бірақ, қалай, қай жөнмен шығарылсада ол көркем әдебиетке жатады. Ендеше, ауызша шығарылған әдебиет – фольклор[2].

Қазақ халқының ауыз әдебиетінің туындылары жайында сөз еткенде, ең алдымен, ауыздан ауызға ауысып, жатталып, ұрпақтан – ұрпаққа жетіп келе жатқан тамаша эпостық жырларымызды, ұмытылмас ертегілеріміз, нәзік лирикалы өлең әңгімелерімізді еске аламыз[3].

Сонымен бірге діни тұрғыда, Ислам дінін уағыздап, шариғатты насихаттап, Қасиетті Құран Кәрім негізінде жазылған шығармаларды, дін исламды уағыздайтын жыр-дастандарды, діни туындыларды да еске аламыз.

Діни дастандар біздің рухани мұрамыз.

Басқа халықтар секілді, қазақ халқының да ертеден келе жатқан діни ұғымдары, ескі наным-сезімі болған. Мұндай ұғымдар қазақ арасында ертеде, Шоқанның айтуынша, шамандық дәуірде, көп құдайға сиынған кезде туған[4].

Бертін келе, қазақ арасына Ислам діні және оның шарттары тараған кезде ауыз әдебиетінде діни ұғымдарды көрсететін жаңа шығармалар туды. Мұндай шығармалардан бұрынғыдай жаратылыс құбылыстарынан туған көп құдайлар басты орын алмай, жеке құдай, яғни Ислам дінін таратқан құдай (Алла тағала), жайлы айтылады[5].

Біздің бұл кішкене ғана зерттеуіміздің мақсаты халқымыздың мәдени мұрасының бір саласы – фольклордың бүгінгі күндегі орны мен маңызын анықтау, оның қазіргі мәдениетімізде қалай пайдаланылып отырғандығын талдау және соған қатысты кейбір мәселлерді қарастыру. Дәлірек айтқанда қасиетті Құран Кәрімдегі фольклоризм мәселелеріне тоқталу. Біз тек қазақ халық ауыз әдебиетіне тән туындыларды ғана ескеруге тырыстық.

Сонымен бірге қазақ араб ауыз әдебиетіндегі «Жүсіп-Зылиха» жыр үлгілерінде кездесетін сюжеттік композициялық және өлең құрылыстарындағы бірлігі және айырмашылықтарын анықтау және «Балықшы мен жын» секілді мың бір түн сюжеті негізінде пайда болған қазақ араб ертегілерін салыстыра зерттеу мәселелері.

Қазақ фольклоры – жанр жағынан да, түр жағынан бай мұра. Оның ғасырлар бойғы тарихы бар. Ол сонау алғашқы қауымның ыдырау кезеңінде туып, күні бүгінге дейін өмір сүруде. Көне заманнан бері ол жәй ғана өмір сүріп қана қоймай, әр бір қоғамға, өмір шындығына сәйкестеніп, өзгеріп отырды[6].

Қазіргі уақытта халқымыздың ғасырлар бойы сақтап келген мұрасын нағыз ғылыми түрде жан-жақты зерттеуге және оның барлық күрделілігі мен қайшылықтарын ашып алу – актуальді мәселе болып тұр[7].

Фольклорлық мұра екі түрде сақталады. Бірі – шығармаларды ауызша сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын халық жады. Екіншісі – қолжазба мен кітап және осы күнгі жазып алып, содан соң қайта тарататын әр-түрлі техникалық құралдар.

Фольклорлық жазбалардың маңызы ең алдымен ұмытылған, яки ұмыт бола бастаған халықтың ауызекі шығармаларын мәңгілік сақтауында. Тек осы жазбаларды жинау мен бастырудың арқасында ғана қай халықтың Фольклоры болса да бүкіл халықтық мәдениеттің бір бөлігіне айналады, ал ең жақсы үлгілері дүниежүзі мәдениетінің қазынасына енеді[8].

Ерекше айта кететін жәйт, ұмытылған немесе ұмытыла бастаған мұралардың бірі ол діни кітаптарда, Қасиетті Құран кітаптарындағы діни қиссалар. Қазақ жеріне жетіп келген көптеген қазақ дастандары негізін сол Қасиетті Құраннан алады. Мәселен: «Хазіреті Османнның р.а. Пайғамбарды қонаққа шақырғаны», «Пайғамбардың Исра Миғражға қонақ болғаны», «Зәйд пен Зәйнәб қиссасы», «Бәдір қиссасы», «Ухуд қиссасы» және т.б. Бұл қисслар ескі жазуда яғни араба әрпімен жазылған, оқылуы қазақша күйінде Қазақ Ұлттық Ғылым Академиясының кітапханасында күні бүгінге дейін сақтаулы.

Құран Кәрім Алла тағаладан ең соңғы Мұхаммед с.а.с. пайғамбарға араб тілінде түсірілген. Осы себептен аталмыш қиссалар алдымен араб тілінде жазылған, кейіннен парсы тілдерінде жырланған, көп уақыт өтседе ол қиссалар қазақ жеріне келіп, түркі тілдес халықтардың тілдерінде жырланды.

Осы ретте қазақ араб ауыз әдебиетіндегі байланыс пен қарым-қатынасты айтуға болады.

Қазақ араб ауыз әдебиетінің байланысы 9 – 10 ғасырлардан басталады. Араб әдебиетінің қазақ жеріне клуі Ислам дінімен тікелей байланысты. Орта Азияға, Қазақстанға 10 ғасырда келген Ислам діні өзімен бірге Ислам өркениетін, мәдениетін сонымен бірге араб әдебиетін жетелей келді.

Алла тағаланың Ислам дінін уағыздау үшін жіберген кітабы Құран Кәрім бүкіл адамзат баласына жіберілген арнау. Осы бүкіләлемдік, адамзаттық бірігу Ислам мәдениетін бір түйін етті. Бұл түйін әр бір халық және үмбеттің өнерін реттеді[9].

Қазақ жеріне Ислам діні келген кезеңде біздің жеріміздің тұрғындары түркілер еді. Ол кездегі әдебиет түркі халықтарына ортақ болды. Бір ғана мысал, Алпамыс бтыр жырын қазақ, өзбек, түркімен т.б. тілдердегі нұсқасын кездестіруге болады. Ислам дінінің келуімен қазақ жерінеде мұсылманшылықтан нәр алған ғұламалар, ақын – жазушылар, жыраулар шықты.

Бұл жыраулар, қисса жазушы ақындар дастан-қиссаларды Құран Кәрімге, діни әңгімелерге негіздей отырып жазған.

Мәселен; «Жүсіп – Зулайха», «Ухуд қиссасы», «Хайбар қиссасы», «Хазірет Осман р.а. қиссасы», «Хазіреті Али р.а. қиссасы», «Бәдір қиссасы», «Қиссаи Айша р.а. туһматы» сынды қиссалар Құран Кәрімге негізделе отырып жазылған.

Бұл шығармалардың негізгі нұсқалары араб тілінде болған. Бүгінгі күнде қолжазба күйінен, араб тілінде кітап болып жарияланған. Бейрут, Дамаск баспаханаларынан жарық көрген.

Жыр-дастандар көбінесе діни туындылар және сүйіспеншілік, махаббат жырлары жайында болды.

Қазақтың халық әдебиетінде сюжеті шығыстан келген сүйіспеншілік хикаялары аз емес. Солардың ішінде қазақ тыңдаушыларының арасына көбірек жайылғандары: «Ләйлі-Мәжнүн, Таһир-Зуһра, Бозжігіт, Жүсіп-Зылиха». Бұлар шығыстың кейбір классик ақындары жырлап өткен және халық романы болып кетен көпке ортақ тақырыбы бар жырлар.[10]

Дегенмен аталмыш туындылар біздің дәуірімізге, біздің күнімізге жеткенше біршама өзгерістерге түскен.

Жыршы немесе шығарманы жазушы болсын шығыс елдерінде жырланған шығармаларды қазақ еліне, жеріне, тіліне сәйкестендіре отырып қайта жырлаған.

Шығыста бір ақынның жырлаған тақырыбын және бір ақынның жырлауы, қайта әңгімелеуі ол ертеден қалыптасып келе жатқан дәстүр. Бұл жайында М.О.Әуезов былай дейді: «Олар біреуінің тақырыбын біреуі алуды заңды жол еткен. Тек алдыңғының өлеңін алмай және көбінше алдыңғы айтқан оқиғаларды негізінде пайдаланса да көп жерде өз еркімен өзгертіп отырып, тыңнан жырлап шығаратын болады….»[11]

Айта кететін жайт Кеңес дәуірінде діни тұрғыда, шариғатты уағыздайтын шығармалар тұншығып жатты. 1917 жылға дейін жазылған көптеген шығармалар оның ішінде Құран Кәрімге неігзделіп жазылған туындылардың жарыққа шығуы үлкен проблема болды.

Бірақ Құдайға шүкіршілік мұндай туындылар біздің күнімізге дейін сақталып келді. Халқымыз егемендікке қол жеткізуінің арқасында діни тұрғыда жазылған туындылар қара түнектен жарыққа шығып, ұзаққа созылған ұйқысынан оянғандай, дүниеге жаңадан клгендей болды.

Демек қазақ араб ауыз әдебиетінің байланысы, қарым-қатынасы ежелден басталады. Мәселен, мың біртүн шығармасын біз араб одан парсы тілдерінде жырланып кейін біздің жерлерімізге деткен дейміз.

Дегенмен кейбір арабтың ауылды жерлеріндегі қариялары мың біртүн хикаясын Орта Азия немесе парсы жерлерінен келген болуы керек деген пікірлер айтады.

Біздің тілімізде араб сөздері қолданғаны секілді араб сөздерінде де түркі сөздерін кездестіруге болады. Мәселен Ирақ, Мысыр (Египет) арабтары «көпір» деген сөзді қолданады. Араб тілінде көпір «жиср» деп айтылады. Дегенмен олар жиср емес «коприк» деп айтады. Сириялық арабтар «дуғри» деген сөзді қолданады. Бұл тура деген мағына береді. Сондай-ақ кейбір жер-су аттары түркі тілінде. Мәселен Палестина жерінде «Қайтбай» деген өзен бар.


[1] Қазақ әдебиетінің тарихы. І-том. Қазақ ССР Ғылым Академиясы. Алматы, 1948 ж. 14 бет.

[2] Сонда 14 бет.

[3] Фольклор шындығы. Қазақ ССР Ғылым Академиясы. М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты. Алматы, Қазақ ССР-нің «Ғылым» баспасы, 1990 ж. 180 бет.

[4] Қазақ халық ауыз әдебиеті. Мәлік Ғабдуллин. Қазақтың мемлекеттік оқу-педагогика баспасы. Алматы, 1958 ж. 53-бет.

[5] Қазақ халық ауыз әдебиеті. Мәлік Ғабдуллин. Қазақтың мемлекеттік оқу-педагогика баспасы. Алматы, 1958 ж. 53-бет.

[6] Фольклор шындығы. Қазақ ССР Ғылым Академиясы. М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты. Алматы, Қазақ ССР-нің «Ғылым» баспасы, 1190 ж. 198 бет

[7] Сонда. 157-бет.

[8]Фольклор шындығы. Қазақ ССР Ғылым Академиясы. М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты. Алматы, Қазақ ССР-нің «Ғылым» баспасы, 1190 ж. 158-бет.

[9] Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның еңбектері. Қазақ-Кувейт университеті. Шымкент, 2001ж. 10-бет.

[10] Қазақ әдебиетінің тарихы І-том. Фольклор. Өнер және әдебиет институты. Редакциясын басқарған Қазақ ССР Ғылым Академиясының толық мүшесі, профессор М.әуезов. Қазақ ССР Ғылым Академиясының баспасы. Алматы, 1948ж.

[11] М.О.Әуезов, Абай Құнанбаев. Мақалалар мен зерттеулер. Алматы, «Ғылым», 1967, 181-182 беттер.

  1. Hayrulla
    Желтоқсан 27, 2010, 11:05 am

    Араб тілінде түркизмдер көп қой.
    Мәселен, арабтың дафтар сөзі түркі-монғолдың дэвтэр (дәптер) сөзін дәл мағынасында береді.

  2. Желтоқсан 27, 2010, 11:28 am

    Иә, көптеген қисса-дастандар “Мың бір түннің”алуан түрлі ғажайып хикаялары негізінде туса, көбіне Қасиетті Құран Кәрімнің оқиғалар желісі арқау болған.

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s