Негізгі бет > Иса Масих Құдай ма?, Кітапшалар > Иса Масих а.с. Құдай ма? – Өліп тірілу шындыққа жанасады ма?

Иса Масих а.с. Құдай ма? – Өліп тірілу шындыққа жанасады ма?


Христиандардың және бір негізгі оқытуларының бірі, ол Иса пайғамбардың (жұма күні) айқышта өлтіріліп жексенбі күні таңертең тіріліп Құдайдың жанына кетті дейді. Иса а.с. Масихтің өліп, тірілуі жайында библияда мынадай стихтер бар:

«И сын человеческий будет в сердце земли три дня и три ночи» (Матфей 12:40)

Аталмыш стих Иса а.с. пайғамбардың 3 күн, 3 түнге өліп тірілуі жайында баян етуде. Қазірге кезде христиандар Иса а.с. пайғамбарды 3 күн, 3 түнге өліп тірілген деп оқытады. Біз енді осы өліп тірілген 3 күн мен түнді библия тұрғысынан қарастырайық. Алдымен өлтірілгені туралы стихтер:

«Так как этот день был днем приготовления, то есть пятница, день перед субботой, и уже темнело». (Марк 15:42).

«Все это случилось в день приготовления . На следующий день первосвященники и фарисеи пришли к Пилату». (Матфей 27:62)

«Это происходило в пятницу, и так как иудеи не хотели, чтобы тела оставались на крестах в субботу». (Иоанна 19:31)

Бұл стихтер Иса а.с. пайғамбардың жұма өлтірілгендігі туралы айтады. Өлтірілген уақыты жұма күні кешке болды, яғни, түстен кейін. Бұл туралы да Библияда мәліметтер бар. Марк 15:42-де: «и уже темнело» деген стих бар. Ал Лука 23:44-те «Было около полудня» деген стих бар және бірі: «Была пятница и приближалась суббота» (Лука 23:54)

Жоғарыда келтірілген стихтер оқиғаның жұма күні, түстен кейін, әғни, кешке болғандығын баян етеді. Ал енді Иса а.с. пайғамбардың тірілген күніне келер болсақ, ол жексенбі:

«Прошла суббота. На рассвете первого дня недели Мария, Магдалина и другая Мария пришли посмотреть гроб» (Матфей 28:1).

Оқиғаның жексенбі күні болып сол күні тірілгендігі туралы Матфей 28:6-да келген: «Его здесь нет, ибо Он воскрес» «Когда субботний день закончился, Мария Магдалина, Мария, мать Иакова и Саломия купили благовония, чтобы пойти и умастить тело Исуса» (Марк 16:7)

«В первый день недели они подошли к гробнице» (Марк 16:2) Сол күні (жексенбі) тірілгендігі туралы Марк 16:6-9 стихтерде келген: «Он воскрес» (Марк 16:6)

«После того как рано утром в первый день недели Исус воскрес» (Марк 16:9)

Ал төмендегі стихтер оқиғаның жексенбі күні, таңертең болғандығын баяндайды: «Ранним утром в воскресенье женщины пришли к гробнице» (Лука 24:1)

«Его здесь нет, Он воскрес» (Лука 24:5)

«В первый день недели рано утром, еще затемно, Мария Магдалина пришла к гробнице» (Иоанна 20:1)

Бұл келтірілген стихтердің барлығы Иса а.с. Масихтің тірілу кезеңін жексенбі күні таңертең болғандығын баяндайды. Ендігі кезекте осы оқиғаны түпнұсқасымен тексерейік.

Матфей 12:40-та Иса а.с. Масих 3-күн 3-түнге өліп тіріледі деп баян етілген. Бірақ библиядағы өліп тірілу оқиғасы 3-күн 3-түнге еш сәйкес келмейді. Бұл оқиғаны былайша есепке салайық: Марк 15:42-де, оқиға жұма кешке болған де айтылған. Және Лука 23:44-те, 23:54-те де жұма кеші еді деп баян етілген. Ал тірілуі жексенбі таңертең болған. Есептегенде жұма кештен сенбі таңертеңге дейін «1-түн», сенбі таңертеңнен кешке дейін «1- күн». Сенбі кештен жексенбі таңертеңге дейін «1-түн» болады. Қосындысы 2-түн 1-күн болып шықты. Біз егер жұма күнін (күндізгі укақытты) қоса есептеп 2-күн 2-түн десек те еш тура келмейді. 2-түн мен 2-күн – 3-түн 3-күнге сәйкес келуі мүмкін емес. Сонымен қорыта келгенде өліп тірілу жалған, тарихта болмаған нәрсе.

Шындыққа еш жанаспайды. Қазіргі кезде христиандар айқышқа табынады. Иса а.с. Масих айқышта өлген дейді. Есептей келе өліп тірілген күні олардың айтуларына сәйкес келмеді. Демек айқышта Иса а.с. Масих емес басқа біреу өлтірілген. Бірақ олар кім өлтірілгенін білмейді: Ал Қасиетті Құран Каримде нақты жауап берілген.

Аллаһ тағала Құранда былай дейді:  «Тағы да: «Аллаһ тағаланың елшісі Мариям ұлы Иса а.с. Масихті өлтірдік»-дегендіктері. Негізінде олар Оны өлтірмеді де (айқышқа) аспады да, бірақ оларға ұқсатылды. (Олар иудейлер Иса а.с. пайғамбарға ұқсатылған басқа біреуді өлтірді). Расында, ол жайында қайшылықтағылар, әрине одан күдіктенуде. Олардың оған байланысты мәліметтері жоқ бірақ күмәннің ғана соңында. Олар оны анық өлтірмеді». (Ниса сүресі 157 аят)

Иса а.с. Масих өлтірілмеген ол Аллаһ тағала тарапына көтеріліп кеткен. Иса а.с. пайғамбарды өлтірдік, көмдік дегендерге Құран былай жауап береді: «Олай емес, Аллаһ тағала Оны өз тарапына көтерді». (Ниса сүресі 158 аят)

Айқышқа табыну да дұрыс емес. Айқыш ешкімге көмек те, пайда да бере алмайды. Алғашқы христиандар айқышқа табынған емес. Құдайдан басқаға табынуды бұйырған емес. «И так мои дорогие друзья, избегайте идолопоклонства» (1-е к Коринфянам 10:14)

Жоғары айтылған сөздерден бір негіз шығады, ол тек теңдесі жоқ Аллаһ тағалаға ғана құлшылық ету. Аллаһтан басқа құлшылық етуге лайықты ешкім жоқ және Иса Масих а.с. Құдайдың ұлы емес керісінше құлы әрі елшісі.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s