Негізгі бет > Мақалалар, Әңгімелер > Еркектен еркек туады…

Еркектен еркек туады…


Бір ауылда екі жігіт дос болады. Жастайынан дос болған жандар ер жетеді, үйленеді. Құдай әр біріне біртіндеп нәресте береді. Біріне Құдай ұл берсе екіншісінің әйелі дүниеге қыз әкеледі. Әлгі жігіттің екінші, үшінші, төртінші баласыда дүниеге қыз болып келеді. Ал досының бұл уақытта төрт ұлы болады.

Екі дос кездескенде ұлдардың әкесі бір марқайып, мақтанышпен: «еркектен еркек туады» деп айтады екен. Досына қарап не болды еркек тудыруға шамаң келмей жүрме деп әзілдейді екен. Дегенмен бұл әзіл-шыны аралас шындық болатын. Іштей қынжылып, айтарға сөз таппай, берер жауабы болмай үйіне қайтатын еді.

Әйеліне келіп артық сөз айтқан емес. Құдайдың берген қара домалақ қыздарына разы болған жандардың бірі болатын. Құдай кейде малмен, дүниемен, жанмен, кейде бала-шағамен сынайды екен. Бұлда бір әлгі қыздардың әкесіне арналған сынақ болса керек.

Құдай екі досқа 7 баладан яғни, біріншісіне 7 ұл, екіншісіне 7 қыз берді. Ұлдары бар адам әр кездескенде досына қарап; менің ұлдарым әрқайсысы бір үй, бір отан болады. Ал қыз дегенің жат жұрттық қой, ертең кетеді қалады дейді.

Күндер өтіп, жылдар өтіп достарда қартайып жастары жетпісті шамалап қалған уақыт болады. Қыздардың әкесі досын көріп, хал жағдайын сұрап қайтайын деп үйіне барса, досы қартайған шағында пештің күлін алып, отын жарып жатса керек. Сонда досы әй досымау не болған саған от жағып. Ұлдар қайда келін қайда дейді. Кемпірі болса төсек тартып жатып қалған екен.

Досы көңілсіз күймен досына қарап былай деді: ұлдар әр қайсысы үйленіп әйелдерінің соңынан еріп кетті. Жетеуі жетті жаққа кеткен. Біз өзіміз жалғыз қалдық деп мұңын шақты.

Құдай ол адамға 7 ұлды сынақ етіп берген еді. Марқайып, мақтанып жүрген дос, қартайған шағында жалғыз қалады деп кім ойлаған.

Ал қыздардың әкесі бақыттың жандардың бірі еді. Барлық қызы тұрмыс құрды. Ата-анасы әр қызының бір мамандық иесі болуын қалап, барлығын дерлік жоғарғы оқу орнына түсірген болатын.

Дегенмен қартайған шағымызда келіннің қолынан шәй іше алмайтын болдық деп сары уайымда жүрген олар, қазіргі күнінде кенже қызының қолында. Қыздары ата анасын өз қолына алды. Барар жеріне джип көлігімен алып барып келеді.

Құрметті оқырман айтайын дегенім кей жандар әйелдерін «қыз тудың» деп төмпештеумен айналысуды өзіне абырой санайды екен. Бірақ оған кінәлі кей кездері жанымызда жүрген достар болуы әбден мүмкін. Шайтан достарды «еркектен еркек туады» деген сөздер арқылы азғырса керек. Біліңіздер достар Құдайдың жазғанынан артық ештеңе болмайды екен. Дүниеге ұл келседе қыз келседе қуана білейік, себебі айналамызда  осы екеуіне де зар болып жүрген жандардың табылары анық.

Ұлықбек Алиакбарұлы.

 

  1. Наурыз 8, 2011, 12:01 pm

    Біздікілер болса бұл сөзді: “Еркектен еркек туады, ал нағыз еркектен қыз туады” деп өзгертіп алған🙂

  2. Наурыз 8, 2011, 1:34 pm

    Біздің жақта ..еее тәйрі ұл асырайма? жанын жұлып беруге жақын қыз асырайды дейді..Ата аналар ұлдан көрі қызға жақын келеді әйтеу

  3. Наурыз 9, 2011, 9:23 am

    Тағылымды дүние екен. Жазар көбейсін, Ұлеке!!! Алла жар босын!

  4. Наурыз 9, 2011, 11:33 am

    Negizi, ul ne kyz boluda emes koi masele, masele sanaly, juregi bar urpak tarbieleu.
    Arine, kyzdar nazik, sezimtaldau keledi, birak jaksy tarbie korgen ul ewkawan ata anasyn tastap ketpeidi. Kaita kelin akelip, koldaryn jyly suga malyndyryp koyady goi.

    • Наурыз 9, 2011, 5:14 pm

      Ия, негізгі мәселе тәрбиеде ғой… бұл сөзге толық қосыламын.

  5. Сәуір 5, 2011, 9:56 am

    еркек егіз де туғыза алады, сегіз де туғыза алады))))
    Құдай беремін десе бір қатыннан көресің ұлды да қызды да, бермеймін десе жеті қатын алсаңда ұл бермес….

  6. Мамыр 12, 2011, 7:32 pm

    Анау бірінші жігіттің бар ұлы өздерінің қайын аталарын қолға ұстаған шығар, кейінгі жігіттің кенже қызы секілді.

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s