Негізгі бет > Мақалалар, Әр түрлі > Мобильді агент

Мобильді агент


Мобильді агент – қазіргі уақытта жастар арасында кең тараған. Әр нәрсенің екі ұшы бар деген секілді, бұл мобильді агенттің бір жағынан жақсы, бір жағынан жаман жағы бар. Мобильді агентке өз басым оң көзқарастамын деп айта алмаймын. Неліктен? Себебі, оған бүкіл жастар тірелген. Басқа бір жақта отырған бөгде адаммен бүкіл мәселені өзінше шешіп, айтып, сөйлесіп, шариғаттың шегінен шығып кетіп жатыр. Неге олай? Себебі Шариғат бойынша қыз бала мен ер жігіттің арасында ашық әңгіме болмауы тиіс. Оған тек қана неке уақытынан кейін ғана рұқсат етіледі.
Бұл агент дегеніміз , былайша айтқанда қазіргі заманымыздың жаңа бір өсек таратушы құралы десек те болады. Өйткені бұл жерде жастар түнімен агентте отырып, бір-бірімен танысып, неше түрлі өсегі бар, яки жаман қылығы бар әңгімелерге жол береді.
Агент-жастардың санасын улау, бұзу, былайша айтар болсақ біздің қоғамымыздыдағы ұятсыздыққа апаратын бір тірлік.
Әрине, бәрін бірдей жаман деуге болмас. Бұл нәрсенің де өзіндік жақсы жағы бар. Ол- бір- бірімен тілдесіп, хабарласып, хат жазысу. Кезіндегі почта арқылы хат жазысуды қазір елдің бәрі ұмытты. Бұл жерде жақсы ниетпен жасалынса – құба құп, ал егер мақсаты ермек етіп, уақытты өткізу болатын болса әрине ол – күнә.
Өйткені, Пайғамбарымыз ( с.а.у ) бір хадисінде: « Адамдар екі түрлі нәрсенің қадірін білмейді: біріншісі-бос уақыттың, екіншісі-денсаулықтың.» деп айтып кеткен болатын. Бұл сол бос уақытты жұмсау. Олай болса, агентте отырып, таңнан кешеке дейін өсек айту, бұл уақытты ысырып ету. Ол харам болып табылады. Тек қана агентте отырып алып, әңгіме айтып, уақытын текке өткізу- әрине, бұл мұсылманшылдыққа жатпайды.

Смайл Сейтбек- Орталық мешіттің имамы, Орал медресесінің директоры.

  1. Ізгілік Нағиев
    Сәуір 13, 2011, 1:46 pm

    Өте дұрыс құптарлық ой көтеріп отыр.

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s