Негізгі бет > Аудармалар, Мақалалар, Әр түрлі > Күнделікті қолданылатын өтірік сөздер… :)

Күнделікті қолданылатын өтірік сөздер… :)


– Сен үшін жанымды қиюға дайынмын (қиянатшыл ер)

– Мен бұны білетін едім (оқушының сұрағына жауап бере алмаған ұстаз)

– Сенен басқа ешкімге көз салып қараған емеспін (үйленейін деп жатқан жігіт)

– Е-е-е. Қош келдіңіз! Осы қазір ғана сізді ойлап отырған едім (қарыздар адамның қарызын сұрап келген адамған айтқан сөзі)

– Алғашқы кезде әсер бермейді (дәріханада)

– Ертең келіңіз, дайын боп қалады (пара алушының сөзі)

– Мына укол еш ауыртпайды (медбрат немесе медсестра)

– Қазір саған телефон соғайын деп жатқан едім (қызын алдап жүрген жігіт)

– Кіруге болмайтын белгіні (кирпич) байқамай қалыппын (МАИ қызметкері тоқтатқанда жүргізушінің айтатын сөзі)

– Мен өтіп бара жатқанда жасыл жанып тұрған еді (қызылға өтіп, МАИ-ге ұсталған жүргізуші)

– Қатты қапа болдым… Түнімен ұйықтамадым (проблемасы таусылмайтын әйел)

– Бізді де шақырып еді, бірақ баралмаймыз. Сіздер бара беріңіздер. (қонаққа шақырылмаған адам).

– Біздің қызға кімдер құда түсіп келмеді дейсің (қыздың анасының құда түсіп келгендерге айтатын сөзі)

– Сізд менің ең жақын ағамсыз (қарыз сұраушы)

– Бұл ғайбат емес, ол өзі шынымен сондай (ғайбатшы)

– Артынан жамандап отырғаным емес, өзі болса бетіне айтар едім (сыртынан сөйлеген өсекші)

– Білсем айтар едім (тергеушіге берілген жауап)

– Не деп оырсыз, бұл сыр емес пе, біреуге айтсам жаным шықсын (аузы ашық өсекші)

– Жолда автобус бұзылмағанда, өз уақытында келер едім (сабаққа кешіккен студент)

– Ол менің жиенім (ЖОО басшысының оқытушыға айтқан сөзі)

– Өзім бағып өсіргенмін (мал сатушы делдал)

– Бұдан арзанын еш жерден таба алмайсыз (базардағы саудагер)

– Біршама киген соң, орнына түседі, шақ боп қалады (размері кіші аяқ киімді сатушының сөзі)

– Өтірік айтудан қорқамын. Өмірімде өтірік айтқан емеспін. (Кәззәбтің сөзі)

деген секілді т.б. өтірік сөздерді қалай айтқанымызды кейде сезбейде қалады екенбіз…🙂 (Өзбек сайттарын аралап жүріп бір мақаладан қысқартып алып, аудардым)

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s