Негізгі бет > Мақалалар, Әр түрлі > Құдағи неғып отырсың, шешін….

Құдағи неғып отырсың, шешін….


Блогымның Бала Бүргем бетінде айтып өткенімдей Алланың берген қара домалақтары баршылық. Алла қаласа жақында тағыда бір қазақ дүниеге келеді деп күтіп отырмыз. Дегенмен осы әйелімнің аяғы ауырлағанда қатты қорқатын жайым бар еді. Бүгін сол туралы сөз қозғайын деп едім. ОҚО, Кентау қаласы, Бала Бүргем тұрғынымын. Үй ішімізбен осы адрес бойынша тіркелгенбіз ғой енді. Бізге берілген учасковый дәрігер гинеколог Тұрғанбаев деген адам.

Бұл жерде Тұрғанбаевты жамандап, іскерлігіне нұқсан келтіру ойымда жоқ. Өз басым біреудің маммолог немесе гинеколог болып, болмауында жұмысым жоқ. Айтайын дегенім әлгі біздің учәскеге берілген гинеколог еркек қой. Басқаша айтқанда әйелдің ар жағын бүге-шүгесімен тексеруші. Осы уақытқа дейін Тұрғанбаевтан қашып, әйел гинекологтарға жалынумен келеміз. Алғаш рет келіншегім барып, тексерілмей тек қағаздарын толтырып алайын деген уақытта, дірегерден “Құдағи неғып отырсың, шешін….” деген сөз естіп, енді келмеспіз деп кеткен едік. Бірақ қайдағы жылда бір домалақ кеп жатса, бармауға амал жоқ.

Жалпы бұндай кезде не істеу керек, бас қатып кетті. Бұны сұрап отырғаным ертең сол дәрігерге көрінуге, яғни поликлиникаға тіркелу керек еді.   Дәл қазір жұмыста отырмын.

Осындай мәселе сіздерде кездескен болса, оны қалай шешкен едіңіздер, осында жаза кетіңіздерші…

  1. Маусым 2, 2011, 12:32 am

    басыңызды қатырмай-ақ қойыңыз қайдағымен:)) дәрігердің аты дәрігер… әр нәрсеге түңіліп бүге-шүгесіне дейін ойлана беретін болсақ, көөөп нәрселер қиыспас дүние болып шығады)

    • Маусым 2, 2011, 10:56 am

      Негізі дұрыс сияқты сөзіңіз, дегенмен, маған жеңгем “еркекке қаралған ұнайды” дегенде не дерімді білмей қалған едім, олда сіздің сөзіңізді айтып ұрсып берген еді…

    • Маусым 3, 2011, 3:27 am

      Ұятын-ай.

  2. Маусым 2, 2011, 3:53 am

    Менің де еркек гинекологқа қаралғым келмейді.

  3. Тәржіман
    Маусым 2, 2011, 1:37 pm

    дәрігер адам емес деген сөз өтірік, дәрігердің жынысы бар. Гинеколог еркектер сол мамандықты не үшін таңдайды осыған таңым бар?

    • Маусым 3, 2011, 3:28 am

      Психикалық ауытқу, еркектік қасиет пен намыстың төмендігі.

  4. Маусым 7, 2011, 11:06 am

    Бұрынғы үйде тұрғанда әйел дәрігер екенін білетінмін. Басқа жерден үй алдық.Қаралатынымыз сол аурухана болғанымен. Шағынаудан өзгерген соң дәрігер де өзгереді. “Еркек пе?” дегенімде “Әйел” деді. “іммм” дедім де қоя салдым.

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s