Негізгі бет > Мақалалар, Әңгімелер > Әдемі келіншек бар, барып қайтайық

Әдемі келіншек бар, барып қайтайық


Жас жұбайлар үйленген соң өздеріне лайықты өмір сүріп жатады. Әйелі үй іші тірлігімен айналысса, күйеуі күнделікті жұмысына барып келіп жүреді. Жұмыс бабымен іс сапарға шығып отырады. Кейде айына бір рет, кейде тоқсанына (квартал) бір рет.

Жігіт күнделікті жұмысынан ерте қайтып, үйіне, келіншегіне келіп іс сапарға шығатындығын, жолға керекті заттарын дайындауын өтінеді. Кешке жақын жолға шығып автовокзалға келеді. Өзімен бірге баратын біршаса жігіттер жиналып қалыпты. Бір уақытта бастықтың көмекшісі келіп, “отмена” дейді. Яғни, үйге қайта беруге болады. Кейбіреулер қуанып жатса, кейбірі “өй” деген, наразы пікірлер айтып жатты. Әлгі жігіттің жұмыстағы танысы, енді не істесек деп бір ойланып, жүр бір әдемі келіншек бар, барып қайтайық. Азар болса бір демалып қайтармыз дейді.

Сонымен кеттік. Жігіт таныс жолмен келе жатыр. Ой тоба бір уақытта, соның көшесімен жүріп келіп, өз үйіне қарай бұрылады. Жігіттің тұла бойы дірілдеп, қап бәлем, үйге кірсін көрсетем деп тұрып қалады.

Ей жүрсейші, неғып тұрсың дегенде. Кіре бер артыңнан кірем дейді. Танысы ішке лап бергендей кетіп барады. Кірмей тұрып сыртынан бақылап тұрады.  Есікті қағады. Әйелі есікті ашып күткені келгендей қуанып ішке кіргізеді.

Бұл уақытта күйеуі сарайдан қолына балта ұстап ішке кіріп, бірінші танысын балталайды, қала аберді артынан әйелінің ешбір сөзін тыңдамастан оныда балталап тастайды….. Қайғылы оқиға осымен бітеді.  Балталаған жігіт жайлы кейін не болғанығын білмедім. Ел аузынан естіген едім.

Бұл оқиғаны жазғаным, кеше кабинетке бір кісі келіп, әйелімді қатты қызғанам, біреумен жүретін секілді деп ойлаймын не істесем болады деп сұрады. Жасы менен үлкен екендігі көрініп тұр. Күмәнданып, ұстап алған күніңіз барма десем, болған емес дейді.

Осы типтес сұрақтары мазалайтын еркектерге айтарым. Бұндай істерден, әйелді еркегі қорғай алмайды. Әйелді иманы, ары қорғайды. Адал әйел еш уақытта ондай іске бармайды.

Ұлықбек Алиакбарұлы.

  1. Маусым 3, 2011, 12:04 pm

    “әйелді ері емес, ары қорғайды”. иманда ғой бар мәселе. ал біз, қазақтар Әйелдерімізді қорғап жүрміз бе? иманының қорғаны болған орамалына шүйлігеміз. қала берді көшеде жалғыздан-жалғыз, қысқа етек, жалаң омыраумен тайраңдатамыз. “көр, қара, қандай фигура! бірақ тиіспе, менікі” деп қоятынымыз тағы бар.
    Әйелдің жеңіл жүріске баруы. Еркке үшін одан қор не бар екен? Хақысының желінгені сондай-ақ болар. Алла сақтасын!

  2. Маусым 7, 2011, 11:02 am

    Бір жігіт вахтадан келіпті.Кешқұрым. Есікті өз кілтімен ашса бір дыбыстар естіліпті. мойнын созып қараса бұлардың төсегінде көрпе асты майданы болып жатыр екен. Қаны миына бірақ шапқан жігіт ас бөлмесінен қазаннан ет шаншып алатын дәу шанышқыны алыпты да әлгінің май құйрығына бірнеше рет қадап-қадап жіберіпті. сөйтсе анау әйелі емес,әйелінің сіңілісі екен. Жігітін әкеп ойнақтап жүрген. Әйелі дүкенге шығып кетіпті. ББірақ ана жігіт бір жылға отырып келді.

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s