Негізгі бет > Дін, Ораза 2011 > Пітір садақа мәселелері

Пітір садақа мәселелері


Қасиетті Рамазан айының алғашқы күнін айт намазына дейін пітірі сақдақсы беріледі. Әрбір мұсылман үшін Рамазан айында жағдайы төмен, жетім жесірлерге немесе мешіттерге арнайы берілетін садақа. Үстіміздегі 2011 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында биыл пітір садақа 100 теңге болып белгіленді.

Пітір сөзі (араб тілінде) – «жаратылыс» деген мағынаны білдіргендіктен, кейбір ғұламалар пітір садақасын «дененің зекеті» деп атаған. Пітір садақа – күнделікті қолданатын негізгі қажеттерінен тыс, кем дегенде, нисап мөлшерінен (85 гм алтын немесе құнына тең) байлыққа ие адамға уәжіб садақа.

Пітір садақасы һижреттің екінші жылы, Рамазан оразасы парыз етілген жылы уәжіб болды. Яғни баршаға міндет болып саналады.

Пітір садақаны рамазан айының бірінші күнінен бастап, оразаның айт намазы оқылуына дейін беру керек.

Сонымен қатар, Ислам дінінде мына төрт нәрсемен пітір беріледі. Немесе оның құны төленуі керек.

  1. Бидай немесе бидай ұнының уәжіб болған мөлшері: 1 кг. 459 грамм. Яки осы мөлшердегі ақшасы.
  2. Арпа немесе арпа ұнының уәжіб болаған мөлшері: 2 кг 918 грамм немесе осы мөлшердегі ақшасы.
  3. Құрғатылған (мейіз) жүзімнің уәжіб болған мөлшері: 2 кг 918 грамм немесе осының мөлшердегі теңгесі төленеді.
  4. Құрғатылған құрманың уәжіб болған мөлшері: 2кг. 918 грамм немесе осы мөлшердегі теңгесі төленеді.

Аллаһ тағала қасиетті айда берілген пітір, зекет садақаларыңызды қабыл етсін, Әмин!

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша баспасөз қызметі.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s