Негізгі бет > Мақалалар, Әр түрлі > Kattani.Kz – Оңтүстіктегі орны ерекше сайт

Kattani.Kz – Оңтүстіктегі орны ерекше сайт


Оңтүстік Қазақстан облысы көне жәдігерге толы, тарихы терең тамырлаған мекен. Мәдениеті мықтыланып, әдебиеті әлде қайда жоғары, өнері өрісті болған мекеннің ең баға жетпес құндылығы – ата дініміз Исламға бекемдігі. Елу жылдағы елдің жаңалығы орасан зор. Күмбезі көк тіреген, азаны айшылық жолға жететін мұнаралы мешіттер, шәкірттері білімімен шетелдіктердің таңдайын қақтыртқан медреселер өңіріміздің имандылыққа қазықтай қағылғанын айшықтайды. Елге уағыз-насихат айтатын имамдардың да білім деңгейі жоғары. Халықтың уағыз насихатқа көңілі қанық. Алғысы да шексіз. Сонымен қатар, жиырма бірінші ғасыр интернеттің дамыған ғасыры екендігін ескере отырып Оңтүстік Қазақстан облысының Абдулхамид Қаттани атындағы орталық мешітінде www.kattani.kz сайты ашылды. Бүгінгі жастардың кітап оқымайтындығын, интернеттен керекті мағлұматтарын алатынын ескерсек ислами сайттардың көп болуы өте қажетті дүние.

Жасыратыны жоқ, қазіргі кезде қай істің дұрыс, қай істің бұрыс екендігін білу мақсатында мешітке келіп сұрақ сұрауға ұялатын адамдар мен, ерінетіндердің саны да көп екені белгілі. Бұл мәселе де өңірімізде шешілген. Себебі, «ҚАТТАНИ.КЗ» сайтының сұрақ-жауап бөлімі қызу жұмыс атқарып келеді. Өңіріміздің тұрғындары көкейлерінде жүрген түрлі сұрақтарын сайт арқылы имамдарға қойып, қанағаттанарлықтай жауаптар алуда. Соның себебінен діни мәселелердегі тартыстар, ұрыс-керіс, дау –дамайлар азайып, ел бір мазхабтың астында тату-тәтті ғұмыр кешуде. Кітап сатып алуға қаражаты жоқ жұршылықтың да қуануына осы сайт себепкер болып отыр. Себебі www.kattani.kz арқылы көптеген діни кітаптарды жүктеп алуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар дінтанушылардың жазған мағыналы мақалаларын да осы сайттан табасыз. Ерназардың Ертөстігі сағат санап, күн санап өскені сияқты, http://www.kattani.kz сайты да сағат сайын күн сайын жаңа мәліметтер қойылуының себебінен қолданушылары артып келеді. Түрлі діни жаңалықтар, аудио-видео уағыздарды қамтыған «ҚАТТАНИ.КЗ» сайты дәл бүгінгідей болашақта да халықтың қажетіне жарап, сайтты басқарып отырған имамдарғы қияметтік азық алып келе берсін дегім келеді.

Берік СҰЛТАНОВ. http://malimetter.org

Санаттары:Мақалалар, Әр түрлі
  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s