Негізгі бет > Мақалалар, Әңгімелер > Сенің қатының “қыздан” басқа не туады?

Сенің қатының “қыздан” басқа не туады?


Өзі қуанып жүр. Әйеліне емханаға барғанда УЗИ-ге түссең кім екенін сұрама деп қояды. Әйеліде жарайды деп еш сұрамады. Құдайдың бергеніне ризамыз деп жүре берді. Осылайша сәбидің дүниеге келер уақытыда жақындап қалды. Уақыт-сәті келіп, толғатып жатқан кезде күйеуі жедел жәрдемді шақырды. Өзі бара алмаған жігіт келіннің жанына анасын ертіп жібереді. Түннің бір уағы болатын. Дегенмен таң ататын уқытта жақындап қалған екен. Жігіт жымиған күйінде жердің басына (поляға) кетті. Бүгінгі жұмысты ертерек бітірейін деген ойы болатын. Жер басындағы шаруаларын бітіріп келсе анасы үйде жүр екен.

Жанына келіп: “ия, не болды, босандыма?”,-деп сұрады.

– Осы уақытқа дейін жата береді дейсің бе? Босанбай не істесін?

– Енді ұлма қызба?

Сонда анасы баласына қарап: “Сенің қатының “қыздан” басқа не туады?”,-деп жауап берсе боларма?

Бұған дейін жігіттің екі қызы бар еді.

Жедел жәрдем перзентханаға барған соң, жігіттің анасы көп күтпей қайтып кеткен болатын. Негізі келіннің босанғандығынан анық хабары жоқ еді. Өз ойымен қыздан басқа не туады деп, баласына сол жауапты бергеніде осы себепті еді.

Бұл уақытта басы салбыраған, көңіл күйі жоқ жігіт полясына қарай тартты. Бірнеше күн үйге келгенде жоқ. Үшінші күні поляда жүрсе туысқан жеңгесі кезігіп, ой қайнім құтты болсын, ұлды болыпсың дейді. Жігіт жеңгесіне қарап ұлдысы нес, мазақ қылғаныңба дейді. Жеңгісі таңырқап мазағың не, келін ұл туыпты ғой дейді. Жігіт сенер сенбесін білмей, кім айтты, шын айтасызба, кімнен естідіңіз деген сауалдарды жаудыра кетеді. Өй шын айтам, рас айтам деп жеңгесі қала берді. Жігіт жүгірген күйі үйіне келсе рас екен….

Асыққан күйі перзентханаға келіп жан дауымен айқайлағанын өзіде сезбей қалады….

Ия, анық қанығына жетпей айта салуда дұрыс емес қой.

Қызды туған келін ұлды да туады екен…🙂

Ұлықбек Алиакбарұлы.

  1. Шілде 22, 2011, 5:57 pm

    осы қазақың осындай бір оңбаған қылығы бар. Аллаға шүкір деудің орнына астамшылық жасап, тулап жүргені. Ислам келмей тұрғандағы араб жазирасында орын алған пасықтықты кейде кей қандастрамыздың бойынан байқап қап жататынымыз өкінішті. Әрине, қызды берген Алла ұлды да береді, бермей қойса да Өзі біледі…

  2. Шілде 22, 2011, 11:20 pm

    Осы, туады деген сөзді ұнатпаймын. Қандай дөрекі естіледі. Босанады немесе дүниеге әкеледі деу керек емес пе?

    • Шілде 23, 2011, 12:05 pm

      бұл жәй ғана әңгіме, болған, болып жатқан оқиғалар. әдеби шығарма емес қой. А так мағанда босанады деген жақсырақ. Дегенмен қазақ сөздігінде бар сөзді қолдандым.

    • Тамыз 1, 2011, 8:06 pm

      еді не істейміз солай айтылса, туған күн дейміз, босанған күн демейміз ғой🙂

  3. Garfield
    Шілде 28, 2011, 4:01 pm

    Ұл әкеледі ме, қыз әкеледі ме ..ең бастысы Алланың бергені деп қабылдау керек қой. Мен сондай адамдарды еш түсінбеймін… мастанғандар..

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s