Негізгі бет > Мақалалар, Әр түрлі > «Алтын қыран» халықтық Сапа белгісіне ие болдым (мақтанып жатыр деп ойлап қалмаңыздар) :)

«Алтын қыран» халықтық Сапа белгісіне ие болдым (мақтанып жатыр деп ойлап қалмаңыздар) :)


Қаттани сайтының администраторы «Алтын қыран» халықтық Сапа белгісіне ие болды.
“Қыран” аймақтық тұтынушылар лигасы 2006 жылы құрылған. Бұл қоғамдық ұйым негiзiнен Оңтүстiк Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстары бойынша тұтынушылардың құқын қорғаумен айналысады. Сонымен бiрге, өз жарғысына қоса мемлекеттiк мекемелердiң, кәсiпорындардың, кәсiпкерлiк нысандардың халыққа сапалы қызметiн, сапалы тауар өндiру мен оның өтiмдiлiгiн анықтау жұмысын да атқарады. Лиганың бес жылдан берi үздiк деп танылғандарына тағайындалған “Алтын қыран” халықтық сапа белгiсiн беру дәстүрi бар. Бұл сыйлық берiлетiн ұжым жыл бойы қоғамдық комиссияның жұртшылық арасында репрезентациялық сауалнама жүргiзген қорытындысымен айқындалады.
“Алтын қыран” халықтық сапа белгiсiнiң бүгінгі жеңiмпазы атағына ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігі сайтының http://www.kattani.kz администраторы Ұлықбек Алиакбарұлы ие болды. Өткен дүйсенбіде (15.08.2011) бұл сыйлықтың сипатын бiлдiретiн “Алтын қыран” статуясы мен дипломын және сертификатын облыстық сайттың администраторы Ұлықбек Алиакбарұлына аймақтық тұтынушылар лигасының президентi Науатбек Иманбеков табыс еттi.
Бұл құжат технологиялық процестің тұрақтылығы, Қаттани сайтының үнемі даму жолын іздестіруі және шебер басқарылуы арқасында сайттың өнімі, яғни, мақалалары, аудио-видео құжаттары стандарт талаптарына жауап беретінін, сапалы әрі қауіпсіз екенін дәлелдейді. Сондай-ақ, сайт администраторы «Сайттар ашу қызметі» номинациясы бойынша арнайы дипломмен марапатталды. Соған қоса «Алтын қыран» статуэткасы Ұлықбекке қоса тапсырылып отыр. Мұндай бағалау сайт администраторын жаңа табыстарға жігерлендіретіні даусыз
Алиакбарұлы Ұлықбек. 1980 жылы ОҚО Созақ ауданы, Жуантөбе совхозында дүниеге келген. 1986 жылы Кентау қаласындағы № 24 қазақ орта мектебіне 1-ші сыныпқа оқуға барып, аталмыш Т.Рысқұлов атындағы № 24 мектепті 1997 жылы бітірген. Бұдан соң Шымкентте бұрынғы Қазақ Кувейт университеті, филология факультетінің түлегімін (1998-2002). Бұдан кейінгі жылдары (2002-2006) Дамаск, Стамбул, Каир қалаларында оқуын жалғастырған.
Елімізге, дінімізге пайдалы болсын деген мақсатта 2008 жылы Дінислам.Кз сайтын ашып, сайты осы күнге дейін басқарып келеді. Бұдан бөлек интернетте араб тілі «http://arabsha.wordpress.com», бала бүргем «https://ulykbek.wordpress.com» секілді жеке блогтұғырларды жүргізіп келеді.
Үйленген, тоғыз баланың әкесі.
Халыққа шынайы қызметке қоғамның берер бiр бағасы дәрежесiндегi бұл құрметтiң облыстық сайтқа көрсетiлуi бекер емес. Аталмыш сайт бiрде-бiр азаматтың діни сауалдарын, қоғамдағы діни ахуалдың назардан тыс қалмауын, сайтты қоғамдық игiлiкке пайдалануын, асыл дініміз Исламның діни уағыз-насихаттарын рухани қазына ретiнде жастардың санасына сiңiрiлуiн ұйымдастыруда айтарлықтай шараларды жүзеге асырып келедi.
Бұл сыйлық Ұ.Алиакбарұлына мұсылмандардың қасиетті айы рамазанда тапсырылды. Облыстық сайттың администраторы “Алтын қыран” халықтық сапа белгiсiн қабылдап тұрып, сөзiнде сайтымыздың дамуына өз белсендiлiктерiмен үлес қосып жүрген мешіт қызметкерлеріне ризалығын бiлдiрдi. ҚМДБ-ның ОҚО бойынша баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі…

  1. Тамыз 20, 2011, 6:51 am

    Бәрекелді!!! Ұзағынан сүйіндірсін!!!

  2. Тамыз 22, 2011, 1:48 pm

    Құтты болсын!

  3. Batyr
    Тамыз 26, 2011, 11:29 am

    Kutty bolsin!!!

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s