Негізгі бет > Әңгімелер > Мен туралы (Викибәйгеге қатысқан едім)

Мен туралы (Викибәйгеге қатысқан едім)



2011 жылдың 16 маусымында «Wikibilim» қоғамдық қоры «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры және «Нокиа» компаниясының қолдауымен Wikipedia ашық энциклопедиясындағы қазақ тіліндегі мақалалардың саны мен сапасын арттыру мақсатында бәйге ұйымдастырылған болатын.

Бәйгенің шарттары төмендегідей:
• Бәйгеге қатысу үшін Википедияға кемінде 100 мақала жазу міндетті;
• Жазылатын мақалалар қазақ тілінде болуы тиіс;
• Мәтін мен суретті басқа сайттардан немесе басылымдардан көшіріп салуға болмайды;
• Мақалалар нақты қайнар көздерге негізделуі керек, барлық сілтемелерді көрсету міндетті;
• Мақала кем дегенде 500 сөзден тұруы тиіс;

• Мақалада кем дегенде 1 сурет болуы керек;
• Мақалада кем дегенде 3 қайнар көзге сілтеме (сноска) болуы тиіс;
• Мақалада негізгі ұғымдар мен түсініктерге вики белгілер қойылуы міндетті;
• Мақалалар ағылшын, орыс немесе басқа тілдердегі Википедиядан аударылса құба-құп;
• Мақалаларға тақырып таңдау бәйгеге қатысушының өз еркінде;

Бәйге соңғы 100-ші адам анықталғанға дейін жалғасады.
Осы күнге дейін 100 мақала бәйгесінің жеңімпазы болып Мейрамгүл Қалиева Жезқазған қаласы, № 1 мектептің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі және үздік мақала және үздік редакторлар бәйгесінің жеңімпазы Нұрсұлтан Хаймульдин Алматы қаласы, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенті атанды.

Сондай-ақ, ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігі, орталық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің ресми сайтының http://www.kattani.kz администраторы Ұлықбек Алиакбарұлы 100 мақала бәйгесі мен үздік мақала бәйгесінің жеңімпазы атанды.
Күні кеше ғана Алматы қаласында «Wikibilim» қорының жетекшісі Рауан Кенжеханұлы Ұлықбек Алиакбарұлына «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры және «Нокиа» компаниясының қолдауымен ноутбук және қалта телефонын және Нокия компаниясының ТМД және Оңтүстік өңір бойынша бас менеджері Карел Голубтың сертификатын табыс етті.
Аталмыш сертификат Ұ.Алиакбарұлына инновациялық идеялар мен технологияларды насихаттау ісінде және Википедия онлайн энциклопедиясының дамуына қосқан үлесі үшін берілді.
Әріптесіміздің еңбегі табысты, жұмысы берекелі болсын!

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша
өкіл имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміров.

Санаттары:Әңгімелер
  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s