Негізгі бет > Дін, Ораза 2013 > Дәрігер кеңесі: Ауызашарда темекі тарту өмірге қауіпті.

Дәрігер кеңесі: Ауызашарда темекі тарту өмірге қауіпті.


Дубай.- Күні бойы ораза тұтқан адамның аузын аша сала темекі тартуы өлімге әкеліп соқтырады деп ескертеді дәрегерлер, темекіге құмар жандарды одан аулақ болуға шақыра отырып, деп хабарлайды орыс тілді «Ислам Для Всех» сайты.

Күнұзаққа ішіп-жеуден тыйылып келген организм бұрынғы қалпына келуге тырысып жатады. Осы себепті «ауызашар уақытта темекі шегу, адамның өз денесіне жасаған жауыздығы» дейді БАӘ әл-Айн клиникасының докторы Риаз Ахмад Минхас (Riaz Ahmad Minhas).
Осы уақытта адам организмі суға, глюкозаға, оттегіне мұқтаж болады. Ал темекі шегу адам қантамырларының тарылып, қысылуына (спазма),  қанның қоюлануына, оттегінің жетіп бара алмауына, қан қысымының көтерілуіне, холестериннің көбейіп кетуіне себепші болады.
«Бұның соңы өліммен аяқталы, темекі шегетіндер бұлт жәйтті түсінуі керек»-дейді Минхас.
Әл-Айн клиникасының басқа дәрігері Әли Жаффар (Ali Jaffar) былай деп ескертеді: ауыз ашқан соң табактың түтіні организм үшін өте қауіпті. Дегенмен адамдар ойланбайды, олардың денесінің қандай ауыр соққы көріп жатқандығын білсе ғой.
Көптеген темекі шегетіндер ауыздарын ашып, бір кесе суды немесе құрманы ішіп-жеместен темекіге жүгіреді.
Доктор Жаффар ең болмағанда ауыз ашып болған соң оргазим өз қалпына келмейінше темекіні доғара тұруды ұсынады деп хабарлайды IINA. Сондай ақ Рамазан айы темекіні тастаудың зор мүмкіншілігі дейді ол.
Әлем ғалымдары темкінің себебінен көптеген зарарлы аурулардың пайда болатындығын дәлелдеді. «Егер адам Рамазан айында күні бойы темекі шекпесе, демек ол жағымсыз әдетті тастауға күші жетеді» дейді Минхас.

Орыс тілінен аударған: Ұ.Алиакбарұлы.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s