Негізгі бет > Дін, Мәзхаб, Ханафи мәзхабы > Әбу Ханифаның шәкірттері

Әбу Ханифаның шәкірттері


Әбу Ханифаның шәкірттері

Шейх Абдулқадир әл-Қураши «әл-Жәуәһир әл-мадия» кітабында былай дейді: «Әбу Ханифаның алдында отырып, ілім алып, жазып отырғандар 40 адам болған»[1]. Шейх Ахмад әл-Мәкки әл-Хауаризми Әбу Ханифадан риуаят еткендердің саны 730 болған дейді. Барлығыда мұсылман ғалымдары қатарынан[2].

әл-Хатиб өзінің «Тарих» кітабында Әбу Кәрәмадан мына оқиғаны жеткізеді: «Имам Шафиғидың ұстазы Уакиғ бин әл-Жаррахпен бірге отырған уақытта бір кісі келіп «Әбу Ханифа қателеседі» деп айтты. Сонда Уакиғ ол кісіге: «Әбу Ханифа қалай қателессін егер қияс пен ижтиһад мәселесінде жанында Әбу Юсуф, Мухаммад ибн әл-Хасан және Зуфар, хадис ілімінен Яхя бин Закария ибн Әбу Заида, Хафс бин Ғияс және Әлидің екі ұлы Хиббан мен Қандәл, грамматика жөнінде әл-Қасим ибн Маън ибн Абдуррахман ибн Абдулла бин Масғуд, зейіні мықты Даууд әл-Тайи, әл-Фадил бин Ғияд, тәпсір, хадис, тарих білгірі Абдулла ибн әл-Мубарак болса? деп жауап береді.[3]

 Авторы: Ұлықбек Алиакбарұлы.


[1] Әбу Ханифа әл-Нұғман.  Уәһби Сулайман Ғауижи. Дамаск. 1999. 67 бет.

[2] Әбу Ханифа әл-Нұғман.  Уәһби Сулайман Ғауижи. Дамаск. 1999. 68 бет.

[3] Әбу Ханифа әл-Нұғман.  Уәһби Сулайман Ғауижи. Дамаск. 1999. 66 бет.

Advertisements
  1. Әлі еш пікір жоқ.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s