Негізгі бет > Мақалалар, Әр түрлі > Дiни iс-шаралардың қарқынын арттыру маңызды

Дiни iс-шаралардың қарқынын арттыру маңызды


Бүгінгі жазбамызды көрші жатқан Қытай елінің «Ашық тұрған терезеден таза ауа да, шыбын да кіреді» деген ұлы сөзімен бастасақ деп едік. Ата-бабамыз «өткеніңе қарап сабақ ал» деп бекер айтпаса керек. Тәуелсіздік алғаннан бүгінге дейін жүрек жарды көңілімізді, қонақжайлылығымызды біліп, зерттеп, зерделеген арам пиғылды топтар өз ойларын іске асыруға талпынады. Жансыздарын жіберіп, жасанды, бұрмаланған секталар мен бұрын-соңды көріп білмеген діни топтар осының айғағы. Бұл менің көзге іліп, көңілге түйгеніме қысқаша ғана шолуым еді. Дегенмен, Құдайға шүкір, үкімет елді, мемлекетті мұндай бүлік тудырушы топтардан қорғауда қол қусырып қалмады. Кертартпа ағымдарға қарсы әрекет ету мақсатында көптеген жобалар қолдау тауып, іс-шаралар жүзеге асты.

Бұл ағымдарға заман талабының жетістіктерін меңгерген мамандармен қарсы тұра білу керек болды. Діни қызметкерлер ол имам, шіркеу қызметкері болсын жекелеген жамағат төңірегінде мәтінге қатысты уағыз айтумен шектелуі аздық қылған секілді еді. Діни қызметкерлерге көмекке келгендей бір орталыққа мұқтаждық туындады. Осындай олқылықтың орнын толтыру мақсатында облыс басшысы Асқар Исабекұлының бастамасымен Облыстық ішкі саясат басқармасының жанынан «Әлеуметтік бастамалар орталығы» құрылды. Жалпы орталық жайлы БАҚ беттерінде көптеген ақпараттар беріліп жатқанына 3 жыл болып қалды. Сонда да, орталықтың мақсаты, міндеті, 2013 жылғы атқарған іс-шаралары жайлы ақпарат бергелі отырмыз.
Ықылымдық саяси ықпалдастықтар нөпірінің шаңын жұтып, ел алқынып, ұлт қоңырап, тұрғындар тоңып, босып жүрмесі үшін Елбасы, Үкімет, ОҚО әкімдігі, басқармалар бірлесе, келісе отырып жоғарыда айтылғандардың қоғамға теріс әсерін болдырмау үшін қомақты қолдау көрсетіп отыр. Идеологиялық мақсаттардың жоспарлары құрылды. Халықтың ұлттық салт-сана, әдет-ғұрып, діни ұстаным, дәстүрлері, тарихи-әлеуметтік қажеттілік ретінде тәрбие құралына айналдыру үстінде жұмыс жүріп жатыр. Мұның нәтижесі де айтарлықтай болып отырған жайы бар. Себебі, жекелеген бағыттар бойынша арнайы бағдарламалардың кешенді топтамалары (блок) арқылы нақты жұмыстар жасалады.
2013 жылғы кездесулердің сандық көрсеткішіне тоқталар болсақ, жоспар бойынша 442 802 контингентті құраған 720 кездесу, жоспардан тыс 64 602 контингентті құраған 1502 кездесу ұйымдастырылды.
Орталық бұдан басқа теріс пиғылды діни ағымдардан зардап шеккендерге теологиялық және психологиялық тұрғыдан көмек көрсетумен айналысады.
Егер сіз немесе сіздің танысыңыз діни кері ағымның арбауына түскен жағдайда сізге теологиялық, психологиялық кеңестер мен құқықтық қорғау қажет болса орталықтың 22-13-64 телефонына хабарлассаңыз болады. Себебі, орталық мамандары діни білімдерін елімізде, одан соң шетелде жетілдіріп келген. Орталық мамандары ағылшын, араб, түрік, парсы тілдерінде түрлі талаптарға сәйкес жұмыс атқарып жүр.
Орталық кеңес беру, семинар өткізу және жеке кездесулерден бөлек әдістемелік кітапшалар, анимациялық фильм мен бейне фильм, бейне роликтер шығару жолымен де халықтың рухани-мәдени, діни-әлеуметтік сұраныстарын қанағаттандыруға атсалысуда. Бейнефильмдер түсіру, жасап шығару заман талабы десек, артық кетпеспіз. Себебі, жастардың арасында кітапты сүйіп оқитындардың қатары азайып бара жатқан жайы бар. Осы себепті қысқаметражды деректі фильмдер дайындадық. Олар 45, 15 және 10 минуттық болып жасалды.
2013 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Әлеуметтік бастамалар орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі жанынан діни әдістемелік кітапшалар, анимациялық фильм мен бейне фильм, бейне роликтер жарық көрді.
Орталықта 45 секундтық 10 бейне ролик дайындалып, облыстың 50%-дан астам аумағын қамтитын жергілікті телеарнада 240 рет көрсетілімінің 50% жүзеге асты. 10 минуттық 7-10 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған «Көк Ту және достар» анимациялық фильмі түсірілді.
Облыс көлемінде қоғамдық-саяси ахуалға әсер етуші мәселелерді талдау, сараптау бағытында төмендегідей ақпараттық әдістемелік құралдар шығарылды. Сонымен қатар орталық жанынан 3000 дана діни әдістемелік аудио-видео таспалар шығарылды.
Бұқара халықпен жұмыс радио-телеарналар арқылы да арнайы бағдарламалар түзіліп «Мемлекет, қоғам, дін», «Атадан өсиет, анадан қасиет» айдарларымен соңғы екі жылдың көлемінде тұрақты түрде әр аптада бір реттен көрсетілім ұйымдастырылып келеді.
«Әлеуметтік бастамалар орталығының» http://www.centre-uko.kz web-сайты жұмыс істеп келеді. 2012-2013 жылдар аралығында орталықтың сайтына 181 836 мыңнан астам азаматтар кіріп, 260-тан аса сауал қойып, өз сауалдарына қанағаттанарлық жауап алған болса, орталық қызметкерлері тарапынан 60 мақала жарияланып қызу талқылауға түсіп жатыр. Үстіміздегі жылы орталық тарапынан жарық көрген 5 кітап, 29 бейне роликтер, 2 фильм, 40-50 телебағдарламалар түсірілімі, 1 анимациялық фильм халықтың жүрегіне жол тапты. Орталық сайтының Фэйсбук, Вконтакте, Твиттер секілді әлеуметтік желілерінде аккаунты жұмыс істейді.
Кертартпа ағымдарға қарсы жұмыс жасау тек қана мешіт немесе шіркеу қызметкерінің жұмысы емес деп білеміз. Кері ағымдарға жұмыла жас буынды құрбан еткіміз келмесе, есімізді жиып, еңсемізді көтеріп, оң-солымызды танытатын осындай іс-шаралардың қарқынын арттыру қажет. Орталықтың маманы ретінде сіздерге ұсынған ақпараттар осы болатын. Алдағы уақытта ел үшін, еліміздің тыныштығы үшін, халқымыздың игілігі үшін көптеген іс-шараларды жүзеге асыруға тырысамыз.

Ұлықбек Алиакбарұлы,
«Әлеуметтік бастамалар орталығының» теолог-маманы. 

“Шымкент келбеті” газеті, № 4 (1231) 31 қаңтар 2014 жыл.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s