Негізгі бет > Дін, Діни ағымдар, Хизбут тахрир > Қатерлі Хизбут тахрир: “Партияның негізгі басшылары, Ата Әбу Рашта”

Қатерлі Хизбут тахрир: “Партияның негізгі басшылары, Ата Әбу Рашта”


Ата Әбу Рашта. Ата Әбу Рашта партия құрылғаннан бергі үшінші әмірі. Ол 1943 жылы Палестинада әл-Халил ауданына қарасты Рана ауылында дүниеге келген. 1948 жылы Ата Әбу Раштаның отбасы араб-израль соғысының басталуына байланысты әл-Халилге жақын жерде орналасқан палаткаларға көшеді. 1959 жылға дейін әл-Халилде Хусейн ибн Али атындағы мектепте оқиды. 1960 жылы әл-Халилде әл-Ибраһимия мектебінің аттестатын иеленеді. 1960-61 оқу жылы Каир университетіне түсіп, 1966 жылы инженер-құрылысшы мамандығын оқып шығады. Осы мамандығы бойынша бірнеше араб мемлекеттерінде жұмыс істейді[1].  

2003 жылы Абдул Қадим Заллумның денсаулығына байланысты өз еркімен партия басшылығынан кеткен соң, ресми 2003 жылдың 13 сәуірінде партияның әмірі болып сайланады[2].

Ата Әбу Раштаның кітаптары:

  1. Бақара сүресінің тәпсірі (تفسير سورة البقرة واسمه (التيسير في أصول التفسير – سورة البقرة),
  2. Фиқһ негіздері жайлы (دراسات في أصول الفقه – تيسير الوصول إلى الأصول),
  3. Араб түбегі мен Парсы шығанағындағы жаңа крест жорығы (الغزوة الصليبية الجديدة في الجزيرة والخليج),
  4. Экономикалық кризистер,
  5. Өндіріс саясаты және өндірістік мемлекеттің құрылымы (سياسة التصنيع وبناء الدولة صناعياً),

Ата Әбу Раштаның хизбут тазрирді басқарғаннан бері партияның шығарған кітаптары[3]:

  1. Ислами тұлғаның негізгі факторлары,
  2. Саяси мәселелер (Отарланған мұсылман елдері),
  3. Саяси түсініктер кітабының толықтырылған нұсқасы,
  4. Халифалық мемлекетіндегі білім беру жүйесінің негіздері,
  5. Халифалық мемлекетінің басқару жүйесіндегі құралдары.

[1] «Фикру хизбут тахрир» (Хизбут тахрирдің идеологиясы) Құрастырған: Раид Насыр Әбу Ауда, Газа Ислам университеті. 2009 ж.  13 бет.

[2] «Фикру хизбут тахрир» (Хизбут тахрирдің идеологиясы) Құрастырған: Раид Насыр Әбу Ауда, Газа Ислам университеті. 2009 ж. 13-бет.

[3] Mescid-il Aksa’dan Bir Nurun Doğuşu (Ақса мешітінде бір нұрдың дүниеге келуі). 2007 жыл.  28-бет.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s