Негізгі бет > Дін, Діни ағымдар, Хизбут тахрир > Қатерлі Хизбут тахрир: “Хизбут тахрир пәтуалары”

Қатерлі Хизбут тахрир: “Хизбут тахрир пәтуалары”


Хизбут тахрир пәтуалары

Жыныстық мүшелерден басқа әурет саналатын орындарға қарауға рұқсат береді. 1970/5/7 жылғы партияның баспасында[1] фиқһ мәселелеріне қатысты пәтуалар жариялайды. Аталмыш баспаларында партия «Фиқһ мәселелері» атты бұрынғы басылымына сілтеме[2] бере отырып ер кісінің шариғат бойынша белгіленген әуреті кіндік пен тізе арасы деп жазады. Бұған еш күмән да қарсылықта жоқ. Дегенмен басқа басылымында әурет деген сөзден мақсат әр мен әйелдің жыныстық мүшелері ғана[3] деп жазады. Мұхаммед пайғамбар өз хадистерінде ер кісінің әуреті кіндік пен тізе арасы деп айтқан. Ашық тұрған тізені жапқан дұрыс себебі ол әуретке жатады деп сахабаларын ескерткен уақыттары болған.

Мысалы: Пайғамбар Жәрһәд әл-Әсләмидің тізесі ашылғанын көріп «Сен білмейтін бе едің, тізе әуретке жатыды[4]» деп ескертеді. Басқа хадисте: «Ер кісі бөтен адамның әуретіне, әйелдерде басқа әйелдердің әуретіне қарамасын»[5]. Бұл хадистердің хизбут тахрир кітаптарында келген «әурет» сөзіне яғни тек жыныстық мүшелер деген жазбаларына қарсы келеді.

Жоғарыдағы мысалдар бөтен әр мен әйелдің бір бірінің әуреттеріне қарауы жайлы еді.

Кейінгі мәселе: Партияның «Фиқһ мәселелері бойынша басылымдары» атты кітабында былай дейді: «Әуретке яғни жыныстық мүшелерге ғана қарауға болмайды, ал махрам[6] болғандар жайлы хадисте келмеген». «Демек әкесі қызының мүшелерін көріп, дәрет сындыруды үйретуге болады, сол секілді қызы да әкесінің мүшесін көріп, дәрет сындыруына көмек беруіне болады»[7]. Бұлда үлкен өрескелдіктің, ұятсыздықтың белгісі емей немене?

Үшінші мәселе: Партияның пәтуасы бойынша эротикалық, порнографиялық фильмдерді көруге рұқсат береді. Партия баспалары былай дейді: «Телеарналарда эротикалық фильмдер көрсететін болса ол харам емес»[8]. Себебі Алла әуретке қарауға тыйым салды. Ал эротикалық фильмдер ол әурет емес. Ол сурет, видео болып есептеледі. Алла суреттерді қарама деп тыйым салған емес дейді. Ер кісінің бұндай фильмдерді көруге кинотеатрға жалғыз өзі, әйелімен, қарындасымен баруына болады[9],-деп жазады.

Бұл мәселелерден бөлек партия өз баспаларында әйелге қол мен бетінен бөлек жерлеріне, оның яғни әйелдің рұқсатынсыз ер кісінің үйленемін деген ойы болса қарауына болады деп айтады[10]. Ислам шариғатында әйелдің әурет саналған жерлеріне қарау дұрыс емес болса да партия «болады» деп пәтуа берген.

Осы мәселелерді жинақтай келе партия тек саясатпен емес діни мәселелермен де айналысатындығы көрінеді. Дегенмен партия өздерін «бұл діни білім беретін оқу орны емес, бұл саясатпен айналысатын партия» деп айтады. Бұл жөнінде Тақиюддин былай дейді: «Біз саясатпен айналысатын бір топ болуымыз керек[11]» дейді. Партия жанынан шыққан кітапшаларда «Хизбут тахрир Исламнан бастау алған, саясатпен айналысатын партия» деп жазылған[12].


[1] Жәуәд Бахр әл-Нәтши. «Хизбут тахрир әл-Исләми партиясының идеясындағы қателіктер» 2007 ж. 106-бет.

[2] «Мәләф әл-Нәшрәт әл-Фиқһия» (Партияның фиқһ мәселелері бойынша басылымдары) 1953-1990. 143 бет.

[3] «Мәләф әл-Нәшрәт әл-Фиқһия» (Партияның фиқһ мәселелері бойынша басылымдары) 1953-1990. 143 бет.

[4] Имам Ахмад «әл-Муснад», 12/377.

[5] Имам Ахмад «әл-Муснад»; 10/198, Сахих Муслим 144/3, 338; Сунан әт-Тирмизи 109/5; Сунан Әбу Даууд 435/3; Сунан Ибн Мәжә 365/1.

[6] Махрам – үйленуге рұқсат етілмеген туыстар деген мағына береді. Мысалы қыздың ең жақын туыстары. Ол туыстарының алдында ислам шариғаты бойынша шашын көрсетіп жүруге болады.

[7] «Мәләф әл-Нәшрәт әл-Фиқһия» (Партияның фиқһ мәселелері бойынша басылымдары) 1953-1990. 116-бет.

[8] «Мәләф әл-Нәшрәт әл-Фиқһия» (Партияның фиқһ мәселелері бойынша басылымдары) 1953-1990. 133-бет.

[9] «әл-Дуситән» (Хизбут тахрирдің фиқһ мәселелері бойынша баспасы) 279-бет.

[10] Takiyyuddin en-Nebhani. «İslam’da İctimai Nizam». (Тақиюддин әл-Набһани, Исламдағы әлеуметтік жүйе) 4-ші басылым. 2003 жыл. 50-бет.

[11] Тақиюддин әл-Набһани. «Мафаһиму хихбут тахрир» (Хизбут тахрир түсініктері). 6-басылым. 2001 ж. 78-бет.

[12] «Мәнһәжу хизбут тахрир фит тағаййур». (Өзгерістегі хизбут тахрирдің әдістемесі). 27-бет. Басылымы белгісіз. «Әт-Таъриф бихизбит тахрир» (Хизбут тахрирдің анықтамасы) 1-бет. Басылымы белгісіз.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s