Негізгі бет > Дін, Мәзхаб, Ханафи мәзхабы > Әбу Ханифаның шәкірттері: “Зуфар ибн Һузәйл”

Әбу Ханифаның шәкірттері: “Зуфар ибн Һузәйл”


Зуфар ибн Һузәйл. (110[1]-158) Зуфар Әбу Ханифаның жанында Әбу Юсуф пен Мухамадқа қарағанда көп жүрген. Анасы парсы әкесі араб болған. Әбу Ханифаның қияс етудегі ілімді шәкірті. Бағдат тарихы кітабында әл-Музниге бір кісі келіп Ирақ елінің ғалымдары жайлы сұрайды. әл-Музниден Әбу Ханифа жайлы не айтасың дейді? Ол кісі ғұлама дейді. Әбу Юсуфты сұрағанда, хадисті жақсы меңгерген дейді. Мұхаммед ибн әл-Хасан жайлы мәселені бөліп-бөліп, анық қанығына жетіп, жақсы түсіндіреді дейді. Зуфар жайлы не дейсің деп сұрағанда, мәселені қияспен жақсы түсіндіреді деп жауап берген.

Зуфардың өмірі қысқа болғандығы себепті соңынан жазған кітабы қалмаған. Ол Әбу Ханифадан соң 8 жыл өмір сүрген. Зуфар 158 жылы 48 жасында дүние салған. Зуфар Әбу Ханифадан алған ілімін ауызша жеткізіп отырған. Әбу Ханифаның көзі тірісінде Басраның қазысы болған.

Ибн Абдулбирдің «әл-Интиқау» кітабында Зуфар Басраға қазы болып бара жатқанда Әбу Ханифаның айтқан өсиеттері жазылған. Әбу Ханифа Зуфарға «Бізбен Басралықтардың арасында бірашама айырмашылық бар. Оларда көраумаушылық, дұшпандық кездеседі. Олардың арам пиғылдарынан ұзақ бол» дейді. Зуфар Басраға келгенде жергілікті ғамлымдарды жинап әр түрлі мәселелерді қозғайды. Фиқһ мәселесінде олардың келіскендігін байқаған уақытта «бұл Әбу Ханифаның көзқарасы» деп айтып отырған. Олар «Әбу Ханифа бұл мәселені дұрыс деп есептейді ма» дегенде, «ия» деп жауап беріп отырған. Осылайша Зуфар басралықтарға ұнап, көңілінен шығады.

 Авторы: Ұлықбек Алиакбарұлы.


[1] «әл-Мәзхәб әл-Ханафи». Ахмад ибн Мұхаммед Насируддин әл-Нақиб. Эррияд. 1998. 2-том. 60 бет.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s