Негізгі бет > Дін, Мәзхаб, Ханафи мәзхабы > Әбу Ханифаның шәкірттері: “Әбу Юсуф”

Әбу Ханифаның шәкірттері: “Әбу Юсуф”


Әбу Юсуф. (113-182[1] һ.) Толық есімі Яғқуб ибн Ибраһим ибн Хабиб әл-Ансари. Куфалық кедей араб отбасында дүниеге келген. Әбу Ханифадан бұрын Ибн Әбу Ләйләдан дәріс алған. Ибн Жарир әл-Табари: «Әбу Юсуф Яғқуб ибн Ибраһим фиқһ ғалымы, қазы, Құранды жатқа білген» дейді. Әбу Юсуф мухаддистерге жолығып елу немесе алпыс хадис жаттап алатын. Әбу юсуф Маһди, Һади және әл-Рашид халифалар заманында қазылық жасаған. Ибн Абдулбирдің айтуынша халифа әл-Рашид Әбу Юсуфты қатты құрметтеген.[2]

Әбу Юсуфтың кітаптары:

Ибн әл-Надим Әбу Юсуфтың мынадай кітаптары болған дейді:

  1. Китаб әл-солат (Намаз кітабы)
  2. Китаб әл-закат (Зекет кітабы)
  3. Китаб әл-сиям (Ораза кітабы)
  4. Китаб әл-Фараид (Парыздар кітабы)
  5. Китаб әл-буйуғ (Сауда саттық кітабы)
  6. Китаб әл-Худуд
  7. Китаб әл-Уикәлә (Уәкілдік кітабы)
  8. Китаб әл-уасая (Өсиеттер кітабы)
  9. Китаб әлсайд уә әл забайих (Аңшылық, мал сою кітабы)
  10. Китаб әл-ғадаб уә әл-истибра
  11. Китаб ихтиләфул амсар
  12. Китаб әл-радду ъала Малик ибн Анас (Малик ибн Анасқа қарсы пікір)
  13. Рисәлә фил хараж илә әл-Рашид (халифа Рашидке арнап жазған мемлекеттің кіріс-шығысына қатысты үкімдер кітабы)
  14. Китаб әл-жауамиғ. Бұл кітапты Яхя ибн Халидке арнап жазады. Кітап қырық томнан құралған.
  15. Қазы Бишр бин әл-Уәлидтің риуаяты бойынша Әбу Юсуфтың 36 томнан тұратын қолжазбалары болған.

Бұдан басқа  «Китаб әл-Әсәр», «Ихтиләфу ибн Әбу Ләйлә уә әл-радду ъәлә сәйр әл-Аузағи», «Китаб әл-Хараж».

«Китаб әл-Хараж». Әбу Юсуф бұл кітабын халифа әл-Рашидке арнап жазған. Кітапта мемлекеттің шығыны, кіріс-шығысы жайлы сөз қозғалған. Қандай іс болмасын алдымен Құран кәрімге жүгіне керектігі айтылған. Одан соң пайғамбардың сөздері, сахабалардың пәтуалары, сахабалардың іс-әрекеттері дәлел ретінде алу керектігі жайлы айтқан.

«Китаб әл-әсәр». Әбу Юсуф китаб әл-әсәрді әкесінен, әкесі Әбу Ханифадан риуаят еткен. Әбу Ханифадан ары қарай кітаптың риуаяты пайғамбарға с.а.с. барып тіреледі. Әбу Ханифадан риуаят етілген «Китаб әл-әсәр» «Муснаду Әбу Ханифа» яғни Әбу Ханифаның муснады деп аталады. Әбу Юсуфтен кейін кітапты ұлы риуаят еткен. Кітап жалпы көптеген фиқһ мәселелерін қамтыған пәтуалар жинағы болып есептеледі.

Кітапта фиқһ мәслелеріне қатысты хадистерді ездестіруге болады. Хадистерді пайдала отырып шариғи үкімдер мен пәтуалар жасалған. Сонымен бірге пәтуаларды шығару үшін сахабалардың пікірлеріде қолданылған. Хадистерде мурсал үкімі шығарылғандығында байқаймыз. Кітапта бұдан басқа Куфа және Ирақ фиқһ ғылымының білгірлері табиғиндердің де пәтуаларын пайдаланғандығы сөз етілген.

«Ихтиләфу Әбу Ханифа уә Әбу Ләйлә» кітабы. Бұл кітапты Әбу Юсуф Әбу Ханифа мен Әбу Ләйләнің әр түрлі мәселелерді айтқан пікірлерін жинақтаған. Әбу Юсуфтен риуаят еткен Мұхаммед Әбу Ханифамен Әбу Ләйләнің пікірлері мен пәтуалары бір біріне кейде қарама қарсы келетіндігін баян еткен. әл-Сархаси «әл-Мабсут» кітабында «Ихтиләфу Әбу Ханифа уә Әбу Ләйлә» кітабында Әбу Юсуф кейбір мәселелерді қосымша жазғандығын айтқан. Әбу Юсуф Әбу Ләйләнің алдында тоғыз жыл дәріс алғанымен «әл-Ибтидә» мәселесінде қарсы пікірлер айтқан. Осыдан кейін Әбу Ләйләден дәріс алуын тоқтатып Әбу Ханифаға шәкірт болған. Кітапты Әбу Юсуф жазғанымен оны жинақтап кітап еткен Мұхаммед.

«Әл-радду ъәлә сәйр әл-Әузағи» кітабы. Бұл кітапта Әбу Юсуф әл-Әузағиге қарсы пікірлерін жазған. Негізгі мәселе ретінде шайқас, шайқастан түскен олажалар, тұтқындалғандардың жағдайы қарастырылған. Әбу Ханифаның пікір бойынша егер құл қожайынымен бірге шайқасқан болса құлдың амандығы бойынша жайыз деген үкім айтқан, керісінше жағдайда оның өлтірілмеуі маңызды емес дейді. әл-Әузағи оның амандығы жайыз дейді. Умар ибн Хаттабта құл қожайынымен бірге шайқассын, шайқаспасын оның амандығы жайыз деген. Әбу Юсуф Әбу Ханифаның пікірін қолдан құлға амандық беру маңызды емес яғни өлтірілсе болады деген.

Жоғары Әбу Юсуфтың қалам тартқан кітаптарын және ол кітаптардағы кейбір мәселелерге ғана тоқталдық.

Авторы: Ұлықбек Алиакбарұлы.


[1] 798 жылы қайтыс болған. Қараңыз: Әл-Мунжид фил ағлам. Бейрут. 2003. 23 бет.

[2] «әл-Интиқау» Ибну Абдул Бир. 186 бет.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s