Негізгі бет > Дін, Мәзхаб, Ханафи мәзхабы > Әбу Ханифаның шәкірттері:: “әл-Хасан ибн Зияд”

Әбу Ханифаның шәкірттері:: “әл-Хасан ибн Зияд”


әл-Хасан ибн Зияд (?-204) Толық есімі Әбу Али әл-Хасан ибн Зияд әл-Лулууи әл-Куфи. Әбу Ханифаның шәкіртерінен болған әл-Лулууи хадис ғылымын жақсы меңгерген. Ибн Жарих әл-Хасан ибн Зиядтан 12 мың хадис жазып алған. Ахмад ибн Абдулхамид әл-Хазими «әл-Хасан ибн Зияд мінез-құлқы өте жақсы адам болған» дейді. әл-Лулууиден Мұхаммед ибн Самаъа, Мұхаммед ибн Шужағ әл-Сәләжи, Али әл-Рази, Умар ибн Маһир дәріс алған. Яхя ибн Адам «әл-Хасан ибн Зиядтан артық фиқһ ілімін меңгерген адамды көрмедім» дейді[1]. 94 жылы Куфаның қазысы болады. Дегенмен фиқһ ілімін қазылықтан жоғары қояды. Осы себепті қазылықтан бас тартады.

Ибн әл-Надим өзінің «әл-Фаһрасында» әл-Тахауи әл-Лулууидің мынадай кітаптарын келтірген:

  1. «Китаб әл-мужаррад» Әбу Ханифадан риуаят етілген
  2. «Китаб әдәб әл-Қади» (Қазының әдебі)
  3. «Китаб әл-Хисал»
  4. «Китаб маъани әл-Иман» (Иманның мағынасы)
  5. «Китаб әл-Нафақат» (Нәпақа кітабы)
  6. «Китаб әл-Хараж»
  7. «Китаб әл-Фараид» (Парыздар)
  8. «Китаб әл-Уасая» (Өсиеттер)
  9. «Китаб әл-Әмәли»

 Авторы: Ұлықбек Алиакбарұлы.


[1] «Ахбару Аби Ханифа уә асхабуһу» (Абу анифа және замандастары).  әл-Симари. 131 бет., «әл-Жәуәһир әл-мадия  фи әл-табақат әл-ханафия» әл-Қураши. 2/56. 1993 .

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s