Негізгі бет > Араб әдебиеті, Араб әдебиетінің тарихы > Араб әдебиеті: Араб әдебиетінің қысқаша тарихы (Ұ.Алиакбарұлы)

Араб әдебиеті: Араб әдебиетінің қысқаша тарихы (Ұ.Алиакбарұлы)


Араб әдебиеті тарихы

Әдебиет араб сөзі, үлгілі сөз деген мағына береді. Араб әдебиеті жайлы сөз жүргізгінде араб тілінің тарихын айтуды өзімізге міндет санап, алдыңғы қатарларда айтқан болатынбыз. Негізінен араб тілі өзінің өсіп, өркендеуі жолында Құранға қарыздар. Мұхаммед пайғамбардың Құранды алып келуімен араб тілінің ауқымы кеңейді. Өсу жолы өркендеп, ғұмыры ұзара түсті.

Әдебиет сөзі арабтың «әдәб» сөзінен шығады. Әдәб сөзі әдепті болып тамақтануға шақыру, нәпсісін тәрбиелеу, мәжілісте әдепті сөз сөйлеу, мінезін жақсарту, мәдениетті, тәрбиелі сөз айту секілді мағыналар береді.[1]

Араб әдебиетінің тарихы «Араб әдебиеті тарихының» авторы Умар Фаррух 1600 жыл бұрын басталған дейді. Умар Фаррух араб әдебиетінің тарихын үш бөлімге бөліп қарастырған:

1. Ескі әдебиет дәуірі, жаһилиет дәуірінен басталып Умауи заманына дейінгі аралық. (300 жыл ашамасында)

2. Жаңа заман әдебиеті, Умауи халифатының құлап, Аббаси мемлекетінің құрылуынан ХІХ ғ. дейінгі аралықты қамтиды.

3. ХІХ ғ. бастап біздің күнімізге дейінгі аралық.

Дегенмен тарихшылар араб әдебиетінің тарихын мынадай бөлімдерге бөліп қарстырғанды жөн көреді:

1. Жаһилиет заманы.

2. Әл-Мухадрамин ғасыры, яғни Исламның келуінен бастап әділетті халифалар заманы бітіп, Умауи мемлекетінің құрылуы. (40 һ., 660 ж.)

3. Умауи дәуірі.

4. Аббаси дәуірі.

а) Бағдад кезеңі

ә) Мемлекеттер кезеңі

б) Селжұқтар кезеңі

5. Андалусия дәуірі.

6. Маңғол дәуірі.

7. Осман империясы дәуірі

8. Қазіргі заман. Араб әдебиетінің өркендеген кезеңі (1800-1875 ж.ж.)

Авторы: Ұлықбек Алиакбарұлы. (Басқа сайтқа гиперсілтемесіз, әсрісе “Википедияға” көшіруге қатаң тыйым салынады.)


[1] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 42 бет.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s