Негізгі бет > Араб әдебиеті, Араб әдебиетінің тарихы, Жаһилиет дәуірі, Сағалик шайырлары > Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің “әл-Сағалик” шайырлары: Әл-Шанфара (?-525) (Ұ.Алиакбарұлы.)

Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің “әл-Сағалик” шайырлары: Әл-Шанфара (?-525) (Ұ.Алиакбарұлы.)


Жаһилиет дәуірінің шайырлары

Әл-Сағалик шайырлары

Сағалик арабтың суғлук сөзінің көпше түрі. Кедей, пақыр деген мағыналар береді. әл-Сағалик шайырлары – пақыр, кедей болған араб шайырларының бір тобы. Тапқан-таянғандарын күнделікті ішіп-жеміне ғана жұмсап, азға қанағат еткен жандар. Дегенмен барлығы да аттың құлағында ойнап, батырлығымен атақтары шыққан, кедей, мұқтаж жандардың қорғаушылары болған шайырлар.[1]

Әл-Шанфара (?-525). Әл-Шанфара әл-Азади. Йеменнің Бәни Аус руынан шыққан.[2] ҮІ ғ. басында өмір сүрген. Толық есімі Сәбит ибн Аус әл-Азади. Жаһилиет дәуірінің әл-Сағалик шайырларынан.[3] Еріндері үлкен болған соң «әл-Шанфара» деген лақаб атқа ие болған. Сәбит деген әл-Шанфараның есімі емес достарының есімі деген де мәлімет бар.[4]

Әл-Шанфара өлеңдерін әл-хамаса, әл-фахр жанрында шығарған. Ғазал жанрында да біршама шығарған өлеңдері бар. «Ләмиятул араб» қасидасының авторы.

Әл-Шанфара азғана достарымен шайқасқа шыға беретін болған. Жастайынан Бәни Фаһм руына тұтқынға түседі. Асад ибн Жабир әл-Шанфараны тұтқындап өз қатарларында бірге өсіреді. Өсе келе әл-Шанфара бала кезінде тұтқындалғанын біліп, Бәни Фаһдтың 100 адамын өлтіремін деп ант ішеді. Себебі олар жастайымнан тұқындап, шындықты жасырды дейді. Осы себеппен Бәни Фаһд руынан 99 адамды өлтіріп соңында өзі де мерт болады.[5]

«Ләмиятул араб» қасидасы 68 бәйіттен тұрады. Бәйіттерің соңы арабтың «ләм» әрпімен біткендігі себепті «ләмиятул араб», яғни» «арабтың ләмі» деп аталған. Ләмиятул арабқа әл-Замахшари түсіндірме кітап жазып, атауын «Ағжәбул ғажаб фи шархи ләмиятил араб» (Ләмиятул арабтың түсіндірмесіндегі ғажабтың ғажайыбы) деп атаған.

Ләмиятул араб алғаш рет франсуз тіліне аударылған. Аударған Силвестер де Саси. Германиялық шығыстанушы Реус неміс тіліне, шығыстанушы Редхаус ағылшын тіліне аударған.

Авторы: Ұлықбек Алиакбарұлы. (Басқа сайтқа гиперсілтемесіз, әсрісе “Википедияға” көшіруге қатаң тыйым салынады.)


[1] Шу’арау қаталаһум ши’руһум. Өлеңдері ажалына жеткен шайырлар. Самир Мұстафа Фараж. Мабдула әл-сағир баспасы. 1997. 41 бет.

[2] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 102 бет.

[3] Әл-Мунжид фил ағлам. Дар әл-Машриқ баспасы. Бейрут. 2003. 336 бет.

[4] әл-Шиър әл-жәһили. Жаһилиет дәуірінің өлеңдері.Фауад Афрам әл-Бустани. Католик баспасы. Бейрут. 1927. 45 бет.

[5] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 102 бет.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s