Негізгі бет > Араб әдебиеті, Араб әдебиетінің тарихы, Жаһилиет дәуірі > Араб әдебиеті: Жаһилиет дәуірі (Ұ.Алиакбарұлы.)

Араб әдебиеті: Жаһилиет дәуірі (Ұ.Алиакбарұлы.)


Жаһилиет дәуірі

Жаһилиет арабтың жаһилия, жаһил деген сөзінен шыққан. Қазақ тілінде жаһилия-надандық, қараңғылық, жаһил-надан деген мағыналар береді.

Жаһилиет термині Ислам дінінің келуімен пайда болған. Арабтар исламға дейінгі замандары надандық деп есептіп, Құдайды танымай от, пұтқа, тасқа табынып надандық дәуірде өмір сүрген,-деген пікір айтады Ибн Халауия.[1]

Жаһилиет деп аталуына мынадай бірнеше себептер бар:

1. Арабтардың исламға дейінгі өмірі, мінез-құлықтары.

2. Пайғамбар болмады, Таурат, Зәбур, Інжіл секілді кітап түсірілмеді.

3. Жаһл сөзіне қатысты айтылады. Ол надандық, пасықтық, арамдықтың кең тараған уақыты болатын. Жаһл ислам сөзіне қайшы келеді. Осы себепті жаһилиет деп аталған.

Араб түбегінде Йемен мен Шам жерінің ортасында Мекке қаласы орналасқан. Айналасында аласа таулар орналасқан Мекке жайлы Құранда аяттар келген. Мекке жаһилиет дәуірінде арабтардың діни орталығы болатын. Алғашқы уақытта Мекке жерінде Журһум және кейбір бәдәуи тайпалар өмір сүрген.[2] Меккеде араб тайпаларының пұттары орналасты.

Жалпы діндер тарихында самауи, уәсәни деп бөлінеді. Самауи аспаннан түскен діндер, яғни, Таурат, Зәбур, Інжіл, Құран түскен діндер. Уәсәни отқа, пұтқа, тасқа т.б. заттарға, табиғи құбылыстарға табынатын діндер.

Жәһилиет дәуірінде араб жерінде самауи, уәссәни діндер қатар болды. Жәһилиет заманындағы діндер жайлы Құран аяттарында және ақын-шайырлардың өлеңдерінде келеді. Құран қиссалары бойынша жәһилитетте араб жазирасында яһудилер мен христиандар, бұттарға табынған және бір Құдайға сенген арабтар өмір сүрген.[3]

Тарихул луғатил арабияти. Араб тілі әдебиетінің тарихы. 1-том. Жоржи Зидан. Дар әл-һиләл баспасы. 91 бет. Жаһилиет дәуірінің шайырларына Муһалһил, әл-Ханса, әл-Хутайа, Абда ибн әл-Табиб сынды шайырлар кіреді. Бұлардың кейбірі ислам дәуірінде өмір сүргенімен өлеңдері, шығармалары жәһилиет дәуіріне жатады.[4]

Авторы: Ұлықбек Алиакбарұлы. (Басқа сайтқа гиперсілтемесіз, әсрісе “Википедияға” көшіруге қатаң тыйым салынады.)


[1] Мактабату әл-Асыр әл-Жәһили уа әдәбуһу. Жаһилиет дәуірі энциклопедиясы. Дар әл-Андалус баспасы. Бейрут. Афиф Абдуррахман. 1984. 6 бет.

[2] Тарих әл-Аәдәб әл-Араби. Асрул жаһили. Араб әдебиетінің тарихы. Жаһилиет ғасыры. Дар әл-Мағариф баспасы. Шауқи Дайф. 2003. 49 бет.

[3] әл-Әмсәл әл-арабия уә әл-Асыр әл-жаһилия. Араб әңгімелері және жаһилиет ғасыры. Мухаммад Тауфиқ Әбу Али. Дар әл-Нафаис баспасы. Бейрут. 1988. 208 бет.

[4] әл-Шиър әл-жәһили. Жаһилиет дәуірінің өлеңдері.Фауад Афрам әл-Бустани. Католик баспасы. Бейрут. 1927.12 бет.

[5] Шу’арау қаталаһум ши’руһум. Өлеңдері ажалына жеткен шайырлар. Самир Мұстафа Фараж. Мабдула әл-сағир баспасы. 1997. 41 бет.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s