Негізгі бет > Араб әдебиеті, Араб әдебиетінің тарихы, Жаһилиет дәуірі, Муаллақат шайырлары > Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің Муаллақат шайырлары: Тарафа ибн әл-Абд. (Ұ.Алиакбарұлы.)

Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің Муаллақат шайырлары: Тарафа ибн әл-Абд. (Ұ.Алиакбарұлы.)


Тарафа ибн әл-Абд (538-564). Тарафа ибн әл-Абд (طرفة بن العبد) Бахрейнде дүниеге келген. Муталаммистің жиені. әл-Хираның патшасы Амр ибн Һиндке жолығып мақтап алғысын алып, дегенмен базі өлеңдері ұнамай Амрдің бұйрығымен өлтірілген.[1]

Муфаддал ибн Мухаммад ибн Яғла әл-Дабидің риуаяты бойынша толық есімі: Тарафа ибн әл-Абд ибн Суфйан бин Сағд бин Малик бин Дабиға бин Қайс бин Сәғләба бин Ғукаба бин Сағб бин Али бин Бәкр бин Уәйил бин Қасит бин Һәнәб бин Ақса бин Дағми бин Жәдилә бин Әсәд бин Рабиға бин Назар бин Мағид бин Аднан.[2]

Абду Амр бин Бишр есімді жездесі болады. Абду Амр Хираның патшасы Амр бин Һиндтің  әрі өз замандастарының құрметті адамдарынан болатын. Әпкесі жездесін жамандап келгенде, оған арнап өлең шығарады.

Оның дүниесі болмаса, басқа қайыры жоқ

Жұртқа жақпас көралмаушылығы да бар

Ауыл әйелдері ол жайлы былай дейді екен:

Малһаманың[3] қурап қалған құрмасының жалбыраған жапырағындай

Бұл өлең Амр ибн Һиндке жетіп, оны ұстап әкелуге әмір береді. Амр ибн Һинд оны ұстауға шыққанда жанында Абду Амрде болады. Тарафаның есегін атып құлатады. Жерге құлаған Тарафаны Амр инб Һинд Абду Амрге бауыздап өлтір дейді. Бұған дейін Тарафаның Амр ибн Һиндті мақтаған өлеңдері болатын, ол өлең әміршіге ұнаған болса керек. Өлеңінінң арқасында өлімнен аман қалады. Сондай-ақ Амр ибн һиндтің достары оны өлтірсең Муталаммис сені жамандап өлең шығарады деп айтады.

Амр ибн Һин өлең тыңдағанды ұнататын. Осы себепті оның сарайыда көптеген шайырлар келіп, патшаны мақтап өлең шығарып, жағымпазданушы еді.

Муталаммис пен Тарафаның өлеңдері ұнаған Амр ибн Һинд оларды өз жанына алдыртады. Бір күні Тарафа шарап ішіп отырған жерге патшаның қарындасы кіріп келеді. Тарафа оған арнап өлеңдер шығарады. Нағашысы оны ескертіп, бұның дұрыс болмады дейді. Өлеңді естіген патша ашуланып Тарафаны қамауға бұйрады. Тарафа ашу үстінде патшаны жамандап өлең шығарып жібереді. Амр ибн Һинд Тарафаны  Бахрейнге жер аудартып, соңынан Абду Һинд есімді адамды жіберіп өлтіртеді. Басқа бір мәліметтерде әл-Мукағбир есімді адам Тарафаның аяқ- қолын кесіп, тірідей көміп өлтірген.[4] Осы мәліметтер бойынша Тарафа жігіттік шағында 26 жасында қаза болады.

Тарафаның шығармалары:

  1. Диуан Тарафа ибн әл-Абд. 1880 ж. Вена.
  2. Диуан Тарафа ибн әл-Абд. 1901 ж. Париж. «Seligsohn» баспасы.
  3. Диуан Тарафа ибн әл-Абд. 1909 ж. Каир.
  4. Диуан Тарафа ибн әл-Абд. 1953 ж. Бейрут.
  5. Диуан Тарафа ибн әл-Абд. 1958 ж. Каир.
  6. Тарафа муаллақаттарының түссіндірмесі. 1329 ж. Константинополь.
  7. Араб поэзиясының саңлақтары (Антара). Авторлары: Мухаммад ибн Абдул Мунғим Хафажи және Абдуссалам Әбун Нажа Сархан. 1949 ж. Каир.
Авторы: Ұлықбек Алиакбарұлы. (Басқа сайтқа гиперсілтемесіз, әсрісе “Википедияға” көшіруге қатаң тыйым салынады.)


[1] Әл-Мунжид фил ағлам. Дар әл-Машриқ баспасы. Бейрут. 2003. 356 бет.

[2] Шарх әл-Муаллақат әл-Сабғ. Жеті муаллақаттың түсіндірмесі. Әбу Абдулла Хусейн ибн Ахмад әл-Заузани. Дар әл-Аламия баспасы. 1993. 42 бет.

[3] Малһама Ямаманың бір ауылы.

[4] Шарх әл-Муаллақат әл-Сабғ. Жеті муаллақаттың түсіндірмесі. Әбу Абдулла Хусейн ибн Ахмад әл-Заузани. Дар әл-Аламия баспасы. 1993. 45-бет.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s