Негізгі бет > Араб әдебиеті, Араб әдебиетінің тарихы, Жаһилиет дәуірі, Сағалик шайырлары > Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің “әл-Сағалик” шайырлары: Әл-Сулайк бин әл-Суләкә (?-605) (Ұ.Алиакбарұлы.)

Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің “әл-Сағалик” шайырлары: Әл-Сулайк бин әл-Суләкә (?-605) (Ұ.Алиакбарұлы.)


Әл-Сулайк бин әл-Суләкә (?-605). Әл-Суләйк бин Амр  Бәни Мақағис руынан. Әл-Суләкә анасының есімі. Анасы қара нәсілділерден болған.[1] Арабтар әл-Сүләйкті ұшы-қиыры белгісіз, адасып кету мүмкіндігі мол шөл дала сахараның білгірі деп атаған. Батырлығымен де атағы шығып, жауға қарсы жалғыз өзі шапқан.

Кедейліктің күнін кешкен әл-Суләйк бір күні түнде жол торуға шығып, ары-бері өткен біреу болса түйесін тартып алайын деп ойлайды. Біршама уақыт өткенде әл-Суләйкті ұйқы қысып, жантая кетеді. Осы уақытта жанына бір адам келіп жатады. әл-Сулейк оған кімсің? дейді. Кедейліктен шаршадым, байымайынша үйге қайтпайтын адаммын дейді. әл-Суләйк олай болса маған ер дейді. Жолда тағы бір пақыр қосылып үшеу болады. Үшейуі бір шөлді жазықты көптеген түйелерге кездеседі. Сендер осы арада тұра тұрыңдар, мен түйелердің иесінің мекені қаншалықты ұзақ екендігін байқап келейін. Егер жақын болса қайтып келемін, ұзақ болса бір шумақ өлең айтып беремін дейді. Түйешіге барып иелерінің ұзақта екенін біліп, жолдастарына қайтып келіп, қуанғанын сендерге өлең айтып берейін ба дейді. Олар әрине деп қуана кетеді. Сол кезде шығарған бәйіттері:

Ей достым бәдиде еш бір адам көрінбейді

Ол бір бала не ана болсын.

Сен екеуіңді бір іс күтіп тұр

Егер қайтып кетсеңдер істерің босқа кетеді.

Бұл сөздерден соң олар түйені алаып, келген жерлеріне қайтып кетеді. Түйенішің жан ақайы ауылына жеткенше әл-Суләйк жолдастарымен ұзап кетеді.

Әл-Суләйктің батырлығы жайлы көптеге риуаяттар келеді. Соның бірі. Бәкр бин Уайилдің әскерінен екі адам әл-Суләйкті ұстауға барады. әл-Суләйкті сыртынан бақылаған олар жаяу екендігі көріп, әбден шаршасын, кешкісін сосын ұстап аламыз дейді. Қараңғы түсіп, таң атқанда әл-Суләйктің ізін таппай қалады. Бұл жаяулатып шаңын көрсетпей кетті. Сахарада жападан жалғы жүрген жаяу адам батыр болса керек, жақындасақ өзімізді жайратып салар деп қорқып, кері қайтады.

Әл-Суләйк суды түйе секілді ішіп, қарны қампыйып жүре алмай қалады екен. Осы кемшілігін білген жаулары оны алдап шақырып, су ішкізеді. Қарны қампиған соң ұсталып, тұтқынға түседі. Тұтқында отырған жерінде Факиһа есімді әйелді көріп, оған арнап өлең шығарады. Өлеңіне ғашық болған әйел оны босатып, әл-Суләйк бір өлімнен аман қалады.

әл-Суләйк Хасғам елінің Малик ибн Умайр есімді адамды жаныдағы Наууар деген әйелмен ұстап алады. Малик бізді жібер, жаулассақ соңы жақсы болмайтындығын айтқанда, әл-Суләйк Хасғамның ешбір адамнына қорықпаймын білгендеріңіді істеңдер дейді. Малик әйелін тастап құтылады. Әл-Суләйк Наууарға ғашық болып, сен үшін Хасғам елінен қорқамын деп мына өлең жолдарын шығарады:

Сені ойлап, Хасғамдықтардан қорқамын

Араларында Құдайдан безген бірі барын естідім

Хасғамда бейбіт өмір жоқ

Тек кемсіту, ақымақтық өршіп тұр екен.

Бұл өлең жолдары Хасғамдық Шибл бин Қалада, Әнас бин Мадрак есімді жігіттердің құлағына жетеді. Ашуға булыққан бұлар әл-Суләйкті жоластарымен бірген ұстап өлтіреді. Өзі шығарған өлеңдері әл-Суләйктің өліміне себепкер болады.[2]

Авторы: Ұлықбек Алиакбарұлы. (Басқа сайтқа гиперсілтемесіз, әсрісе “Википедияға” көшіруге қатаң тыйым салынады.)


[1] Шу’арау қаталаһум ши’руһум. Өлеңдері ажалына жеткен шайырлар. Самир Мұстафа Фараж. Мабдула әл-сағир баспасы. 1997. 41 бет.

[2] Шу’арау қаталаһум ши’руһум. Өлеңдері ажалына жеткен шайырлар. Самир Мұстафа Фараж. Мабдула әл-сағир баспасы. 1997. 44 бет.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s