Негізгі бет > Араб әдебиеті, Араб әдебиетінің тарихы, Жаһилиет дәуірі, Сағалик шайырлары > Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің “әл-Сағалик” шайырлары: Тәаббат Шарра (?-596) (Ұ.Алиакбарұлы.)

Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің “әл-Сағалик” шайырлары: Тәаббат Шарра (?-596) (Ұ.Алиакбарұлы.)


Тәаббат Шарра (?-596). Толық есімі Сабит ибн Жабир әл-Фаһми. Тәаббат Шарра лақаб аты. Шанфараның жиені. Арабтардың қара түстілерінен болған. Анасы занжи[1] немесе хабашилік[2] болған. Тәаббат арабтың «ибт» сөзінен шығады. Ибт қолтық деген мағынада. Бір күні Тәаббат қолтығын қылышын суырып алып, жауға қарсы шабада. Сол күннен Сабит есімінің орнына Тәаббат деп лақабымен аталып кеткен.[3]

Анасы Әбу Кабир әл-Һузалиге күйеуге шығады. Тәаббат Шарра анасының бұл ісін жақтырмай Әбу Кабирді ұнатпайды. Әбу Кабир бірнеше мәрте Рәаббат өлтірмек болғанымен, ол ниеті іске аспайды. Тәаббат Бәну Һузайл  мен Бәну Ружайлә руларын жек көріп, ұзақ уақыт жауласып жүреді.

Нимар тауында Бәну Ружайла руымен болған шайқаста өлтіріледі. 530 жыл шамасында әл-Шантарадан бұрын қайтыс болған.

Жахиз Тәаббаттың кейбір өлеңдеріне күмән келтіреді. Оныкі болмауы мүмкін деген болжам айтады. Себебі Тәаббат пен әл-Шанфараның шайырлығы жақын әрі өлеңдері де ұқсас келетін. Тәаббаттың әл-Шанфара жайлы жырлаған өлеңдері бар.

Авторы: Ұлықбек Алиакбарұлы. (Басқа сайтқа гиперсілтемесіз, әсрісе “Википедияға” көшіруге қатаң тыйым салынады.)


[1] Қара нәсілді. (Ұ.А.)

[2] Хабашстан – Эфиопия. Хабашилік – эфиопиялық. (Ұ.А.)

[3] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 108 бет.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s