Негізгі бет > Араб әдебиеті, Араб әдебиетінің тарихы, Жаһилиет дәуірі, Муаллақат шайырлары > Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірі, Муаллақат шайырлары (Ұ.Алиакбарұлы.)

Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірі, Муаллақат шайырлары (Ұ.Алиакбарұлы.)


Муаллақат шайырлары

Муаллақат (المعلقات) – жаһилиет дәуіріндегі атақты араб ақындарының таңдамалы шығармаларының жиынтығы. Муаллақа арабтың «ъаллақа» іліп қою деген сөзінен шыққан. Жәһилиет дәуіріндегі атақты ақындардың сөздерін Қағбаның қабырғаларына іліп қоятын болған. Осы себепті муаллақат, яғни, ілініп тұрған жазулар деп аталған.

Муаллақатардың авторы ретінде мына атақты шайырлар аталады:

  1. Имрул Қайс,
  2. Тарафа ибн әл-Абд,
  3. Амр ибн Кулсум,
  4. Әл-Харис ибн Хиллиза,
  5. Антара ибн Шаддад,
  6. Зуһайр ибн Әби Сулма,
  7. Ләбид ибн Рабиъа, [1]

Бұл тізімді әл-Зазуниде қуаттаған.[2] Дегенмен «Жамһарати ашғарил араб» кітабының авторы Әбу Зайд әл-Қураши муаллақаттардың авторы сегіз деп жазады. Оның тізіміндегі шайырлар:

  1. Имрул Қайс,
  2. Зуһайр,
  3. Әл-Набиға,
  4. Әл-Ағша,
  5. Ләбид,
  6. Амр ибн Кулсум,
  7. Тарафа,
  8. Антара.

Әбу Закария әл-Тибризидің тізімі бойынша муаллақаттардың саны он.[3] Олар:

  1. Имрул қайс,
  2. Әл-Набиға,
  3. Зуһайр,
  4. Тарафа,
  5. Ләбид,
  6. Антара,
  7. Амр ибн Кулсум,
  8. Әл-Харис ибн Хиллиза,
  9. Әл-Ағша,
  10. Ғабид ибн әл-Абрас.

Муаллақаттарға түсіндімелер жазған Әбу Жағфар әл-Нахастың (338 һ.ж. қайтыс болған) пікірінше муалқаттар жеті болған, кейбіреулер оған Әл-Набиға мен Әл-Ағшаның қасидаларын қосады.[4] Ибн Халдун[5] да муаллақаттардың жетеу болғандығын қуаттайды.

Муаллақаттардың Кағбаның қабырғаларына ілінгендігі жайлы да түрлі пікірлер бар. Әбу Жағфар Нахастың Берлин кітапханасында сақтаулы «Шархул муаллақат» кітабында муаллақаттардың Кағбаның қабырғасына ілінбегендігі жазылған. Нахастың замандасы Ибн Абду Раббиһ (328 һ.ж. қайтыс болған) Кағбаға ілінген дейді.[6]

Авторы: Ұлықбек Алиакбарұлы. (Басқа сайтқа гиперсілтемесіз, әсрісе “Википедияға” көшіруге қатаң тыйым салынады.)


[1] Әл-Мунжид фил ағлам. Дар әл-Машриқ баспасы. Бейрут. 2003. 537 бет.

[2] Тарихул луғатил арабияти. Араб тілі әдебиетінің тарихы. 1-том. Жоржи Зидан. Дар әл-һиләл баспасы. 91 бет.

[3] Тарихул луғатил арабияти. Араб тілі әдебиетінің тарихы. 1-том. Жоржи Зидан. Дар әл-һиләл баспасы. 91 бет.

[4] Тарихул луғатил арабияти. Араб тілі әдебиетінің тарихы. 1-том. Жоржи Зидан. Дар әл-һиләл баспасы. 91 бет.

[5] Ибн Халдун тарихы. 1 том. 509 бет.

[6] Тарихул луғатил арабияти. Араб тілі әдебиетінің тарихы. 1-том. Жоржи Зидан. Дар әл-һиләл баспасы. 91 бет.

  1. Ақпан 18, 2014, 12:09 am
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s